Басқарма Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы №1127 бұйрығына сәйкес жергілікті атқарушы органның құзыреті шегінде бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу саласындағы іске асыру функцияларын жүзеге асыратын ҚР мемлекеттік органы болып табылады.
Осылайша, 2023 жылдың басынан бастап басқарма жалпы сомасы 101 млрд. 212,5 млн. теңгеге 664 жоба бойынша конкурстық рәсімдерді орталықтандырып жүзеге асыруда. Оның ішінде құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша 111 жоба, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша 41 жоба, техникалық қадағалау бойынша 98 жоба, қызметтерді сатып алу бойынша 168 жоба, тауарларды сатып алу бойынша - 225 позиция, 21 жоба - өзге де жұмыстар мен қызметтер.
Бүгінгі таңда, 664 жобаның ішінен білім беру объектілеріне сыртқы желілерді салуға ЖСҚ әзірлеу бойынша 22 жоба жарияланған жоқ (веб-порталда лицензияланатын қызмет түрінің бірнеше кіші түрлерін қосу бойынша функционал жоқ, ҚР Қаржы Министрлігіне хат жолданды).
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың басынан бастап Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарының бірыңғай ұйымдастырушылары жалпы сомасы 17 млрд. 881,3 млн. теңгеге 521 жоба бойынша конкурстық рәсімдерді жүзеге асыруда, оның ішінде:
- Ақтөбе қ. -1 млрд. 642,2 млн. теңгеге 61 жоба;
- Әйтеке би ауданы- 322,8 млн. теңгеге 23 жоба:
- Алға ауданы- 1 млрд. 349,6 млн. теңгеге 46 жоба;
– Байғанин ауданы- 2 млрд.723,9 млн. теңгеге 40 жоба;
-Ыргыз ауданы- 2 млрд. 470,5 млн. теңгеге 50 жоба;
- Қарғалы ауданы- 560,5 млн. теңгеге 44 жоба;
- Қобда ауданы- 3 млрд. 797,6 млн. теңгеге 47 жоба;
- Мәртөк ауданы- 199,9 млн. теңгеге 19 жоба;
- Мұғалжар ауданы- 1 млрд. 275,4 млн. тг. 39 жоба;
- Темір ауданы- 441,7 млн. теңгеге 23 жоба:
- Ойыл ауданы- 846,6 млн. теңгеге 25 жоба;
- Хромтау ауданы- 1 млрд. 360,6 млн. теңгеге 65 жоба;
- Шалқар ауданы- 883,8 млн. теңгеге 39 жоба.