Меню

Страницы

Статья

Бюджетті нақтылау мамыр

«Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы» ММ
2022-2024 жылдарға
арналған азаматтық бюджет
Басқарманың негізгі міндеті жергілікті деңгейде мемлекеттік сатып алу
саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады. Бұл мемлекеттік сатып
алуды, сондай-ақ облыс әкімдігі айқындайтын бюджеттік бағдарламалар не тауарлар,
жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды
ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік
сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы облыс әкімдігі және "Мемлекеттік сатып
алуды бірыңғай ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың,
көрсетілетін қызметтердің тізбелерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 бұйрығымен айқындалатын
бюджеттік бағдарламалар және (немесе) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер
тізбесі бойынша және "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 8-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, уәкілетті орган айқындайтын
тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне енгізілмеген
көрсетілетін қызметтердің тізбесін Тапсырыс берушімен бірлескен конкурстық
комиссиялар құру арқылы қарау; тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алуды жүзеге
асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын жұмыстарды мемлекеттік
сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге ұсынатын тапсырмаларды қарау.
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2021 жылғы 09 желтоқсандағы №80 шешімімен
«2022 – 2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» бюджеттік бағдарлама
бекітілді
«Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ - 718
бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ретінде 2022-2024 жылдарға арналған 2
бюджеттік бағдарламаны бекітті:
718 «Жергілікті деңгейде мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік
саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» - 2022 жылға – 104369,0 мың теңге, 2023
жылға – 100598,0 мың теңге, 2024 жылға – 102200,0 мың теңге;
Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Жергілікті деңгейде мемлекеттік сатып
алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында басқарма аппаратының
қызметін қамтамасыз ету.
Бағдарлама: 718 001 «Жергілікті деңгейде мемлекеттік сатып алу саласындағы
мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» 2022 жылға – 99869,0 мың
теңге
Кіші бағдарлама: 011 «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер
есебінен» - 168,0 мың теңге, оған азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының
жалақысын арттыруға арналған шығыстары кіреді - бұл 2 бірлік штаттан тыс
техникалық қызметкерлердің аударымдары бар жалақы бойынша шығындар
Кіші бағдарлама: 055 «Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорынан кепілдік
берілген трансферт есебінен» - 187,0 мың теңге, оған азаматтық қызметшілердің
жекелеген санаттарының жалақысын арттыруға арналған шығыстары кіреді - бұл 2
бірлік штаттан тыс техникалық қызметкерлердің аударымдары бар жалақы бойынша
шығындар
Кіші бағдарлама: 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»-99 514,0 мың
теңге, оған басқарма штатын ұстауға арналған шығыстар (19 мемлекеттік қызметші
және 2 штаттан тыс қызметкер), әкімшілік шығыстар (басқарма аппаратының
қызметін техникалық жарақтандыру бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді
сатып алу) мынадай ерекшеліктер бойынша кіреді:
111 «еңбекақы» - 69 442 мың теңге, 19 штаттық бірлік үшін, есеп «Саяси және
әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 маусымдағы № 451 ҚБПҮ
қаулысына сәйкес жасалды.
113 «Өтемақы төлемдері» - 11 599,0 мың теңге (19 штаттық бірлікке еңбекақы
төлеудің жаңа жүйесі бойынша бойынша екі жалақы емдеу жәрдемақысы);
121 «Әлеуметтік салық» - 3 709,0 мың теңге. Әлеуметтік салықты есептеу кезінде
еңбекақы төлеудің салық салынатын қорынан 6% мөлшерінде «Салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексі басшылыққа алынды.
122 «әлеуметтік аударымдар» - 2 098,0 мың теңге. Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар салық салынатын еңбекақы төлеу
қорының 3,5% мөлшерінде «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару
қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес есептелген.
123 «Міндетті сақтандыруға жарналар» - 22,0 мың теңге. ҚР «Көлік құралдары
иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңына
сәйкес көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті
сақтандыру.
124 «Міндетті әлеуметтік сақтандыруға аударымдар» - 2 047,0 мың теңге.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік медициналық
сақтандыруға аударымдар сомасын есептеу кезінде жалпы есептеу сомасының 2%
мөлшерінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 6
қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы басшылыққа алынды.
131 «Техникалық персоналға еңбекақы төлеу» - 1 563,0 мың теңге штаттан тыс
қызметкерлерді ұстауға 2 бірлік мөлшерінде көзделген (қабылдау бөлмесінің
хатшысы, жүргізуші). Жалақыны есептеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік
бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық
кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының
негізінде қызметкерлердің өтілі мен базалық лауазымдық жалақысының өзгеруі
ескеріле отырып, қолданыстағы штат кестесі бойынша жүргізілді.
135 «Техникалық персонал бойынша жұмыс берушілердің жарналары» - 177,0
мың теңге. Есептеулер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
туралы» ҚР Кодексінің, салық салынатын еңбекақы төлеу қорының 6% мөлшерінде,
«Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару қағидаларын бекіту туралы» ҚР
Үкіметінің қаулысының, салық салынатын еңбекақы төлеу қорының 3,5% мөлшерінде
және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан
Республикасы Заңының жалпы есептеу сомасының 2% мөлшерінде жасалды.
136 «Техникалық персоналдың ел ішіндегі іссапарлары мен қызметтік
разъездері» - 206,0 мың теңге. Есеп «Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын
мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы
Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасы шегіндегі қызметтік
іссапарлары туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 және «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік
іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған
шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256
қаулыларының негізінде жасалды. Іссапар шығыстары 2022 жылға арналған
іссапарлар жоспарына сәйкес жүргізушімен шығулар көзделген.
144 «Отын, жанар-жағармай материалдарын сатып алу» - 583,0 мың теңге
(мекеменің автокөлігін ұстауға жанар-жағармай);
149 «Өзге де қорларды сатып алу» - 1 362,0 мың теңге (А-4 қағазы, кеңсе
тауарлары, мерзімді басылымдарға жазылу және автокөлікке арналған қосалқы
бөлшектер);
- А4 форматындағы қағаздарды сатып алу – 331,0 мың теңге (228 дана х 1450
теңге 1 дана үшін)
- кеңсе тауарлары – 448,0 мың теңге;
- көшірме аппараттарына, көп функционалды құрылғы, түсті принтерлерге
арналған картридждер мен бояулар - 414,2 мың теңге;
- 2022 жылғы баспа басылымдарына жазылу - 169,0 мың теңге (1 айға 14,1 мың теңге);
152 «Байланыс қызметтеріне ақы төлеу» - қалалық, қалааралық (1 айға 12,2 мың
теңге), интернет (1 айға 99,6 мың теңге), пошта байланысы (1 айға 2,5 мың теңге)
шығыстарын төлеу үшін 1 611,0 мың теңге;
159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» - 3 910,0 мың теңге:
- Қарылық қызмет (Банктік қызмет 0,3%) – 72,0 мың теңге;
- негізгі құралдарға техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге (жүйелік
блоктар, мониторлар, процессорлар, факс аппараттары, кондиционерлер, МФУ, түрлі-
түсті принтерлер) - 660,0 мың теңге (айына 55,0 мың теңге);
- Негізгі құралдарға техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу
(автокөлікке қызмет көрсету және жөндеу) 540,0 мың теңге (1 айға 45,0 мың теңге);
- Мемлекеттік сатып алу бойынша семинарлар 950,0 мың теңге (19 маман);
- «Парус – КАЗ» бағдарламалық өніміне техникалық және әдістемелік қызмет
көрсету - 1 688,22 мың теңге (1 айға 140,7 мың теңге);
161 «Ел ішіндегі іссапарлар мен қызметтік сапарлар» жалпы сомасы – 1185,0
мың теңге, есеп «Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер
қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының
Қазақстан Республикасы шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы қағидаларды бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428
және "бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде Шет
мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту
туралы» 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулыларының негізінде жасалды. Іссапар
шығындары 13 мемлекеттік қызметшіден тұрады. Нұр-сұлтан, облыс және аудан
орталықтары іссапарлар жоспарына сәйкес;
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2022 жылғы 18 наурызындағы №113
шешімімен 2022 – 2024 жылдарға қосымша 718 003 Мемлекеттік мекеменің күрделі
шығыстары бағдарламасы бойынша 4500,0 мың тенге көлемінде қаражат бөлінді.
Бағдарлама: 718 003 Мемлекеттік мекеменің күрделі шығыстары 4500,0 мың теңге.
Кіші бағдарлама: 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»
159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелігі бойынша – 1 500,0
мың теңге, тумбасы бар бұрыштық жазу үстелі орындықпен – 5 дана, киім шкафы – 2
дана, құжаттарға арналған шкаф - 3 дайындау жұмыстары (басқарманың штат санының
ұлғаюына байланысты)
414 «Машиналар, жабдықтар, өндірістік және шаруашылық мүккамал
құралдарын сатып алу» - 3 000,0 мың теңге. Компьютер сатып алуға – 5 дана, принтер
сатып алуға – 8 дана (басқарманың штат санының ұлғаюына байланысты).
Аталған шығыстар басқарманың жаңадан іске қосылған 5 бірлігін материалдық-
техникалық қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
Негізгі құралдарға қажеттілік ҚР ҚМ 2021 жылғы 1 шілдедегі № 633 бұйрығымен
бекітілген мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудің
заттай нормаларына сәйкес айқындалған.
Басқарма аппаратын ұстау және басқарма қызметкерлерін қажетті негізгі
құралдармен жарақтандыру.
Компьютерлік техниканы сатып алу (компьютер жиынтықта – 5 дана, принтер – 8
дана) – 13 дана.
Жиһаз дайындау (тумбасы бар бұрыштық жазу үстелі орындықпен – 5 дана, киім шкафы
– 2 дана, құжаттарға арналған шкаф – 3 дана) – 10 дана.

Дата публикации
24 мая 2022
Дата обновления
24 мая 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
05 октября 2026
Ақтөбе облысы мәслихатының 2026 жылғы 25 қыркүйектегі №352 шешіміне сәйкес 2026 жылға арналған "Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" ММ нақтыланған бюджеті
18 сентября 2026
2026 жылғы 1 мамырға арналған " Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы " ММ бюджетінің атқарылуы
18 сентября 2026
2026 жылғы 1 маусымға арналған " Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы " ММ бюджетінің атқарылуы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы