«Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы» ММ
2023 – 2025 жылдарға арналған
АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТІ
«Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы» мемлекеттік мекемесі облыс әкімдігінің 2016 жылғы 30 қыркүйекте № 414 Ақтөбе обылысының Қаулысымен бекітілген Ережесіне сәйкес жұмыс жасайды.
«Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы» ММ-нің миссиясы: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 бұйрығы негізінде айқындалған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырудан және өткізуден тұрады.
Басқарудың негізгі міндеттері:
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін әлеуетті өнім берушілерге тең мүмкіндіктер беруді қамтамасыз ету;
- мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
- мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаның оңтайлы және тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету.
Облыс әкімдігінің 2021 жылдың 6 мамырындағы №305 «Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдарының штат санының лимиттерін оңтайландырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес бекітілген Басқарма қызметкерлердің штаттық санының лимиті: 19 бірлік мемлекеттік қызметкер және 3 штаттан тыс қызметкер қарастырылған.
Ерекшеліктер бойнша есептеулер мемлекеттік мекеменің өткен жылғы ұстауға арналған нақты шығындар талдаудын ескере отырып жасалды.
Өтінімнің қаржыландыру көзі облыстық бюджет болып табылады.
2022 жылдың 14 желтоқсанында №158 облыстық маслихаттың шешімімен, 2023 – 2025 жылдарға арналған жалпы бекітілген сомасы 356 750,0 мың теңгені құрайды, оның ішінде (анықтама үшін 2022 – 2024 жылдарға 302312,0 мың теңгені құрады, өсім басқарманың штат санын көбейту есебінен болды):
718001015 «Жергілікті деңгейде мемлекеттік сатып алуды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іке асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша әкімшілік шығындармен Басқарманың штатын ұстау бойынша шығындарын қосқанда, Басқармамен 2023 жылға – 115 179,0 мың теңге жоспарланған.
Келесі ерекшеліктер бойынша:
718003015 «Мемлекеттік органның күрделі шығындары» бағдарламасы бойынша Басқармамен 2023 жылға 1500,0 мың теңге жоспарланған
Іске асыру жоспарлы кезең мерзімі: 2023 – 2025 жылдары.
Орындалудың түпкі нәтижесі жоспарланған іс-шараларды белгіленген мерзімде және жасалған шарттарға сәйкес қол жеткізу, мемлекеттің Басшысымен, Үкіметімен алға қойған, мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.
Басқарма басшысы А. Қаратаева
Тауарлардын мемлекеттік сатып алу
процедураларын өткізу бөлімінің басшысы С. Ильясова