2022 жылдың II жартыжылдығындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

«Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы» ММ жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

Ақтөбе қ.                                                                            28 қараша 2022 жылы

Талданатын объект: «Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма).

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының  8 бабының 5 тармағы және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес,     2022 жылғы 1 қарашадағы № 1759 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» Басқармасы басшысының бұйрығы негізінде өткізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама келесі құрамдағы жұмыс тобымен құралды: Нұраев Е.Е. – жұмыстардың мемлекеттік сатып алу процедураларын өткізу бөлімінің басшысы; Темірбаев Б.А. - қызметтердің мемлекеттік сатып алу процедураларын өткізу бөлімінің басшысы; Ильясова С.Т. - тауарлардың мемлекеттік сатып алу процедураларын өткізу бөлімінің басшысы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау өткізу мерзімі: 01.11.2022 ж. - 20.11.2022 ж.

Талдау кезені: 2022 жылдың екінші жартыжылдығы.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2016 жылы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес жүргізілді. Басқармаға бағынысты мекемелер жоқ.

І. Қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, әлеуетті өнім беруші, егер осы әлеуетті өнім берушінің бірінші басшыларының және (немесе) осы әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жегжаттары өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не өткізілетін мемлекеттік сатып алуда тапсырыс берушінің немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі болып табылса өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуға қатысуға құқылы емес.  Алайда аталған тармақшада мемлекеттік сатып алу туралы шарт тапсырыс беруші мен әлеуетті өнім беруші арасында жасалатындықтан, әлеуетті өнім берушінің бірінші басшылары мен тапсырыс берушінің жегжаттары табылған жағдайы қарастырылмаған. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау қаупі бар. Ұсыным:    Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 6 бабы 1-тармағының 1-тармақшасына келесі редакцияда өзгеріс енгізу бойынша Қаржы министрлігіне ұсыныс жолдау: «әлеуетті өнім берушінің бірінші басшылары мен  тапсырыс берушінің жегжаттары анықталған жағдайда мемлекеттiк сатып алуға қатысуға құқығы болмайды». Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 87, 88-тармақтарына сәйкес электрондық депозитарийді уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушілер енгізетін жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттар негізінде қалыптастырады. Электрондық депозитарий - электрондық депозитарийге енгізілетін әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығын растау жолымен қалыптастырылады. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 94-тармағына сәйкес, егер объектілерді пайдалануға қабылдау актісінде көрсетілген құрылыс объектісінің атауы функционалдық мақсаттың бірнеше түрін көздейтін болса, онда әлеуетті өнім берушінің мұндай жұмыс тәжірибесі функционалдық мақсаттың әрбір түрі бойынша электрондық депозитарийге жеке енгізіледі. Алайда, әлеуетті өнім берушілерге «расталды» мәртебесі бар электрондық депозитарийдегі объектілер бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы үшін шартты жеңілдіктер берілген кезде жиі веб-порталда қате қабылданады. Осылайша, құрылыс-монтаждау жұмыстарын мемлекеттік сатып алу бойынша қатысушылардың конкурстық өтінімдерін зерделеу барысында уәкілетті органның функционалдық мақсатына сәйкес келмейтін орындалған жұмыстар туралы мәліметтерді қате растау фактілері анықталды. Мысалы, өткізілетін мемлекеттік сатып алу объектісінің функционалдық мақсаты «басқа құрылыстар» ретінде көрсетілген, ал қатысушылардың электрондық депозитарийі бұрын орындалған жұмыстардың функционалдық мақсаты объектінің атауында да, растайтын құжаттарда да осы функционалдық мақсатқа тиесілігі туралы мәліметтер жоқ. Бұл ретте жұмыс тәжірибесінің мәртебесі «расталды» деп верификацияланды. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау қаупі бар. Ұсыным: Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына белгілі бір норманы енгізу жолымен әлеуетті өнім берушілер ұсынған электрондық депозитарийде жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың қалыптастырылуын және расталуын бақылауды күшейту жөнінде ҚР Қаржы министрлігіне ұсыныс енгізу.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңына сәйкес өнім берушілерге рұқсат беру үшін өнім берушінің қаржылық тұрақтылығының жоғары көрсеткіші және өнім берушінің материалдық және еңбек ресурстарына ие екендігін растайтын лицензия сияқты негізгі критерийлердің болуы жеткілікті. Алайда, құрылыс барысында жобалау-сметалық құжаттамаға (құрылысты ұйымдастыру жобасы) сәйкес жеткілікті материалдық-еңбек базасының болмауы фактілері белгіленеді, бұл қосалқы мердігерлік ұйымдарды тартуға әкеп соғады. Бұл ретте оларға орындалатын жұмыстардың көлемінің екінші бірінен астамын береді, бұл мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамаға қайшы келеді. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау қаупі бар. Ұсыным: ҚР Қаржы министрлігіне «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 Бұйрығының 530-тармағына өзгеріс енгізу жөніндегі ұсыныс келесі редакцияда жазылсын:  «Жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету үшін қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) берілуі мүмкін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің шекті көлемі Заңның 43-бабының 23-1-тармағына сәйкес орындалатын жұмыстар және көрсетілетін қызметтер көлемінің жиынтығында 30% - дан аспауға тиіс. Қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) орындалатын жұмыстар көлемінің жиынтығында 30% - дан асатын беру фактісі анықталған жағдайда, тапсырыс беруші бас мердігермен шарттың бұзылуын қамтамасыз етеді».

Көбінесе ірі инвестициялық жобалар бойынша жеңімпаз болып қаладан тыс компаниялар табылады, олар жобаларды іске асыру үшін аймақта тиісті материалдық-техникалық жабдықталмаған, жоғары салық жүктемесі есебінен жеңімпаз болады. Осылайша, жеткілікті материалдық және еңбек ресурстарының болмауына байланысты құрылыс жұмыстары кешіктіріледі, бұл объектіні, оның ішінде өңірдің әлеуметтік маңызы бар объектілерін пайдалануға қабылдау мерзімдеріне тікелей әсер ететін өзіне қабылданған міндеттемелердің уақтылы орындалмауына әкеп соғады. Сонымен қатар, мердігер ұйымдардың жұмыс кестесінен артта қалуы жобалардың қымбаттауына әкеледі, осыған байланысты жобалау-сметалық құжаттаманы түзетудің, демек, қосымша қаржыландырудың шұғыл қажеттілігі туындайды. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау қаупі бар. Ұсыным: ҚР Қаржы министрлігіне «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 Бұйрығының 530-тармағына өзгеріс енгізу жөніндегі ұсыныс келесі редакцияда жазылсын: «Әлеуетті өнім беруші Тапсырыс беруші тіркелген тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте болған жағдайда, мұндай әлеуетті өнім берушіге 0,1% мөлшерінде шартты жеңілдік беріледі».

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 47-бабына сәйкес мемлекеттік сатып алу қорытындыларының хаттамасына конкурсқа қатысушы шағымдана алады. Сонымен, шағым түскен кезде уәкілетті орган оны мәлімделген дәлелдер шегінде қарайды, оның нәтижелері бойынша ұйымдастырушының атына қорытындылар хаттамасын сәйкестендіру арқылы анықталған бұзушылықтарды жою туралы камералдық бақылау хабарламасын жібереді немесе шағымды қанағаттандырудан бас тартады. Бұл ретте, егер қорытындылар қайта қаралғаннан кейін де шағым түссе, уәкілетті орган барлық сатып алудың заңнаманы сақтау мәніне аудиторлық іс-шарасын өткізеді. Сонымен қатар, іс жүзінде Басқарма Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бір конкурс бойынша бір-біріне қайшы келетін шешімдерді шығару фактілерін бірнеше рет анықтағанын атап өткен жөн. Аталған мәселе сот процестеріне әкеледі, бұл өз кезегінде конкурстық рәсімдерді кешіктіруге және бюджет қаражатын игермеу тәуекелдеріне әкеледі. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманың талаптарын бұзғаны үшін конкурстық комиссияның барлық мүшелеріне ҚР ӘҚБтК 207-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделгенін атап өткен жөн. Алайда, бақылаушы органдардың қате қабылданған шешімдер үшін немесе бір-біріне қайшы келетін шешімдер шығарғаны үшін әкімшілік жауаптылығы көзделмеген. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау қаупі бар. Ұсыным: Бақылаушы органдар тарапынан қабылданатын шешімдер үшін әкімшілік жауапкершілікті қарау туралы ұсыныс ҚР Қаржы министрлігіне жіберілсін.

Бүгінгі таңда сатып алу қорытындыларына шағым беру мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мерзімін тоқтата тұруға әкеп соғады. Көп жағдайда шағымдар сатып алу рәсімдерін кешіктіруге және шарттар жасасу мерзімдерін бұзуға бағытталған. Сондай-ақ, кәсіби шағымданушылардың пайда болуы орын алады, олар үшін шағым мемлекеттік сатып алуды бұзудың заңсыз пайдасының құралы болды. Шағым беру жүйесіне шектеусіз қол жеткізу үшінші тұлғалардың құқықтарының бұзылуына әкеп соғады, тапсырыс беруші мен жеңімпаз шартты орындаудың кешігуі салдарынан шығынға ұшырайды. Сонымен, барлық шағымдардың жартысы берілген шартты жеңілдікпен келіспеуге немесе өтінімді заңсыз қабылдамауға байланысты. Атап кететін жайт, шағымдар көбінесе конкурстың қорытындысы қаралғаннан кейін жеңімпаз деп танылмаған өнім берушілерден келіп түседі. Осылайша, шағымдану сатысында конкурстық рәсімді 15 жұмыс күніне дейінгі мерзімге ұзартылады. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау қаупі бар. Ұсыным: Әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алу үшін бөлінген соманың 0,1% мөлшерінде шағымдарды қамтамасыз етуді енгізу жөніндегі функционалды енгізу туралы ұсыныс ҚР Қаржы министрлігіне жіберілсін (шағым қанағаттандырылған кезде – өнім берушіге соманы қайтару, бас тартылған жағдайда – мемлекет бюджетіне есепке жатқызу).

Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру процесінде тапсырыс берушілер, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қатынастарды регламенттейтін негіз «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 Заң (бұдан әрі - Заң) болып табылады. Заң объектілерді салу және реконструкциялау кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау сапасының сақталуына (мерзімдерін, құнын, орындалған жұмыстарды қабылдау мен объектілерді пайдалануға беруді қоса алғанда) және олардың бекітілген жобалар мен нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігіне авторлық және техникалық қадағалау жүргізуді көздейді. Бұл ретте, Заңның 34-2 - бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес техникалық қадағалау қызметін бақылау іс жүзінде тапсырыс берушілер жүзеге асырмайтын тапсырыс берушінің құқықтарында ғана көзделеді, бұл көбінесе құрылыс объектісінің сапасыздығына, қолданыстағы технологияларды сақтамауға, материалдарды жұмсаудың дұрыс емес нормаларына, құжаттамада бекітілген материалдарды басқаларына ауыстыруға әкеледі (сапасы және бағасы бойынша төмен). Сонымен қатар, құрылыс нормативтерін сәл сақтамау объектінің құнының негізсіз өзгеруіне немесе құрылыстың аяқталу мерзімдерінің бұзылуына әкелуі мүмкін. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау қаупі бар. Ұсыным: Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 ҚР Заңының 34-2-бабының 2-тармағына толықтыру енгізу жөнінде келесі редакцияда жазылсын: «Тапсырыс беруші техникалық және авторлық қадағалау қызметін бақылауға міндетті».

Ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау Талдау жүргізу барысында Басқарманың ішкі құжаттарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

III.Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау  Басқарманың әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің штат саны - 19 адамды құрайды, нақты – 18 адам бар, 1 уақытша бос лауазым бар (23.06.2024 жылға дейін негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты еңбек демалысы уақытына). Ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында ҚР Қаржы министрлігінің  Мемлекеттік қарыз алу департаментінің жариялаған  конкурсының нәтижесінде, аталған департаменттің Мемлекеттік сыртқы қарыздар басқармасының бас сарапшысы лауазымына тағайындалуына байланысты мониторинг, тауарларды электронды сүйемелдеу және тапсырыс берушілермен жұмыс істеу бөлімінің басшысы Р.Т.Молдабеков  қызметінен босатылды. Бос бөлім басшысы лауазымына меритократия қағидаларын сақтау мақсатында, Басқарманың жұмыстардың мемлекеттік сатып алулар процедураларын өткізу бөлімінің бас маманы қызметін атқарған А.А.Жолмұхамбетов  ауысу тәртібімен тағайындалды. Аталған жұмыстардың мемлекеттік сатып алулар процедураларын өткізу бөлімінің бас маманы лауазымының босауына байланысты, Басқарманың тауарлардың мемлекеттік сатып алулар процедуралын өткізу бөлімінің бас маманы м.а. (Б блогы) М.Избанов ауысу тәртібімен (А блогына) тағайындалды. Талданып отырған мерзімде тауарлардың мемлекеттік сатып алулар процедураларын өткізу бөлімінің бас маманы уақытша бос әкімшілік мемлекеттік қызметке орналасуға бір конкурс жарияланды. Бос лауазымға осы бөлімнің бас маманы м.а. Н.Насырова негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты еңбек демалысынан шығуына байланысты қызметінен босап, уақытша бос лауазымға конкурс нәтижесі арқылы тағайындалды. Талданған кезеңде еңбек тәртібін бұзу және мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді бұзу фактілері тіркелмеген. Барлық мемлекеттік қызметшілердің 2021 жылға арналған кірістері мен мүліктері туралы декларациялары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде ұсынылды. Басқарманың барлық қызметкерлері Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің «Ақпараттық қызмет» мәліметтер базасымен тексерілді. Мәліметтер базасына сәйкес басқарманың мемлекеттік қызметшілеріне қатысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығы туралы мәліметтер жоқ.

Басқарма қызметкерлерін кадрлық тағайындау облыс әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің жүргізуімен ҚР БП ҚС ж АЕ АК және Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы тексеру жүргізгеннен кейін заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

Басқарманың мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер сақталуда. Басқарма қызметкерлерімен акциялар, пайлар, жеке кәсіпкерлікпен айналысу фактілері орын алған жоқ. Талданып отырған кезеңде басқарманың мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтар жасау фактілері орын алған жоқ.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 1-1-тармағына сәйкес,  мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе соларға теңестірілген функцияларды атқаруға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар өздері лауазымды атқаруға үміткер ұйымның басшылығын осы ұйымда жұмыс істейтін жақын туыстары, жұбайы және (немесе) жекжаттары туралы жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті.

Талданып отырған кезең бойынша барлық қызметкерлер уақытылы біліктілік арттыру, қайта даярлау курстарынан өтті. Атап айтсақ, Р.Т.Молдабеков  басшы лауазымына алғаш рет қабылданған мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді қайта даярлау және М.Қ.Аязбаева мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің біліктілігін арттыру курстарын сәтті аяқтады. 

Талданып отырған кезеңде, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларына сәйкес 2 мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік жаза қолданылды. Басқарма басшысының 2022 жылғы 1 тамызындағы №60 бұйрығына сәйкес, Мемлекеттік сатып алулар Заңнамасын сақатамағаны үшін жұмыстардың мемлекеттік сатып алулар процедураларын өткізу бөлімінің басшысы Е.Е.Нураевқа ескерту түрінде тәртіптік жазасы және Басқарма басшысының 2022 жылдың 20 қыркүйегінің №72 бұйрығына сәйкес, ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы №776 қбп қаулысынң 2 бөлігінің (құпия) 627 тармағының 4 тармақшасына сәйкес Басқарма кабинетінде Wifi нүктесі бар модем құрылғысының анықталуына байланысты тауарлардың мемлекеттік сатып алулар процедураларын өткізу бөлімінің басшысы С.Т.Ильясоваға ескерту түріндегі тәртіптік жазасы қолданылды.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Ережеге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету Басқарманың құзыреттілігіне кірмейді.

Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Ережеге сәйкес Басқармада рұқсат беру функциялары жүзеге асырылмайды.

Бақылау функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Ережеге сәйкес Басқармада бақылау және қадағалау функциялары жоқ.

VII.Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Талданып отырған кезеңде Басқармаға жеке және заңды тұлғалардан барлығы 41 өтініш келіп түсті. Сұрақтардың сипаты бойынша өтініштер оқуға шақыру мәселелері бойынша және мемлекеттік сатып алу заңнамасын түсіндіру сұрақтары. Талдау барысында  өтініштердің барлығына уақытылы жауап берілген, жауаптарында Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жауап берушіге жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағым жасауға құқығының бар екендігі хабарланады.

VII. Қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Басқарманың штатын ұстауға 2022 жылғы 718001015 бағдарламасы бойынша 123 708,0 мың теңге қарастырылған (оның ішінде қызметкерлердің жалақысы, салықтар, ағымдағы шығындар, 2022 жылы толық игерілуі жоспарда); 718003015 бағдарламасы бойынша 3 000,0 мың теңге қарастырылған және толық игерілген (қызметкерлерге компьютер жинағы 5 дана, басып шығару құралы-принтер 8 дана). Бюджеттік бағдарламаның мақсаты мекемеге жүктелген функцияларды тиімді жүзеге асыру үшін мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз ету болып табылады. Бюджеттік бағдарламаның соңғы нәтижелері: басқарма аппаратын ұстау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, мемлекеттік мекемеге жүктелген функцияларды тиімді орындау. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, тапсырыс беруші тиісті бюджет (даму жоспары) немесе жеке қаржыландыру жоспары негізінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен және нысанда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді. Мемлекеттік сатып алулардың  веб-порталында орналасқан 2022 жылға арналған мемлекеттік сатып алудың жылдың жоспары 2021 жылдың 22 желтоқсанында № 1679-ө бұйрығымен бекітіліп, мемлекеттік сатып алу веб-порталында жарияланды.  Ұсыным: «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, тапсырыс беруші тиісті бюджет (даму жоспары) немесе жеке қаржыландыру жоспары негізінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен және нысанда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірленіп бекітіліуін қатаң түрде қадағалау және бақылауда ұстау.

Жасырын қызметтерді анықтау Ережеге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету Басқарманың құзыреттілігіне кірмейді.

ҚОРЫТЫНДЫ: талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері тек нормативтік-құқықтық актілерде анықталды. Қаржы-шаруашылық қызметте, кадр мәселелері және басқа да мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

ҰСЫНЫМДАР:

Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 6 бабы 1-тармағының 1-тармақшасына келесі редакцияда өзгеріс енгізу бойынша Қаржы министрлігіне ұсыныс жолдау: «әлеуетті өнім берушінің бірінші басшылары мен тапсырыс берушінің жегжаттары анықталған жағдайда мемлекеттiк сатып алуға қатысуға құқығы болмайды»;

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына белгілі бір норманы енгізу жолымен әлеуетті өнім берушілер ұсынған электрондық депозитарийде жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың қалыптастырылуын және расталуын бақылауды күшейту жөнінде ҚР Қаржы министрлігіне ұсыныс енгізу;

ҚР Қаржы министрлігіне «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 Бұйрығының 530-тармағына өзгеріс енгізу жөніндегі ұсыныс келесі редакцияда жазылсын: «Жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету үшін қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) берілуі мүмкін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің шекті көлемі Заңның 43-бабының 23-1-тармағына сәйкес орындалатын жұмыстар және көрсетілетін қызметтер көлемінің жиынтығында 30% - дан аспауға тиіс. Қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) орындалатын жұмыстар көлемінің жиынтығында 30% - дан асатын беру фактісі анықталған жағдайда, тапсырыс беруші бас мердігермен шарттың бұзылуын қамтамасыз етеді»;

ҚР Қаржы министрлігіне «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 Бұйрығының 530-тармағына өзгеріс енгізу жөніндегі ұсыныс келесі редакцияда жазылсын: «Әлеуетті өнім беруші Тапсырыс беруші тіркелген тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте болған жағдайда, мұндай әлеуетті өнім берушіге 0,1% мөлшерінде шартты жеңілдік беріледі»;

Бақылаушы органдар тарапынан қабылданатын шешімдер үшін әкімшілік жауапкершілікті қарау туралы ұсыныс ҚР Қаржы министрлігіне жіберілсін;

Әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алу үшін бөлінген соманың 0,1% мөлшерінде шағымдарды қамтамасыз етуді енгізу жөніндегі функционалды енгізу туралы ұсыныс ҚР Қаржы министрлігіне жіберілсін (шағым қанағаттандырылған кезде – өнім берушіге соманы қайтару, бас тартылған жағдайда – мемлекет бюджетіне есепке жатқызу);

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 ҚР Заңының 34-2-бабының 2-тармағына толықтыру енгізу жөнінде келесі редакцияда жазылсын: «Тапсырыс беруші техникалық және авторлық қадағалау қызметін бақылауға міндетті»;

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, тапсырыс беруші тиісті бюджет (даму жоспары) немесе жеке қаржыландыру жоспары негізінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен және нысанда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірленіп бекітіліуін қатаң түрде қадағалау және бақылауда ұстау.

Дата публикации
05 декабря 2022