Бөлімнің негізгі миссиясы-облыс әкімдігінің бюджеттік бағдарламасына сәйкес қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу.
- Тапсырыс берушінің Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге арналған тапсырманы ұсынуы;
- Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының Тапсырыс беруші ұсынған, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырма негізінде конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасын әзірлеуі және бекітуі;
- Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның)құрамын айқындауы және бекітуі;
- Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алу веб-порталында мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды орналастыруы;
- Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының Тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген, Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) және (немесе) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) техникалық ерекшелігін алған тұлғалар тарапынан сұрау салулар мен ескертулерді жіберуі;
- конкурс (аукцион)тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын анықтау;
- осы Заңда және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың негізінде Тапсырыс берушінің жеңімпазбен Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуы.
-Тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген, олар туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы және (немесе) конкурстық немесе аукциондық құжаттаманың техникалық ерекшелігін алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғалар тарапынан ұсыныстар мен ескертулерді жіберу.
- тиісті бюджеттің кірісіне есепке жатқызу немесе әлеуетті өнім берушіге қайтару заңнамада көзделген жағдайларда, конкурс немесе аукцион тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету;
-заңнамада көзделген жағдайларда бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақыру жібереді.