
1979 жылғы 26 маусымда Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық ауылында дүниеге келген.
2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Мамандығы бойынша біліктілігі — заңгер.
Мансап
Еңбек жолын 2001-2004 жылдары Ақтөбе қаласындағы «Қазақстан темір жолы» РМК-да тепловоз машинисінің көмекшісі болып бастаған.
2005-2006 жылдары — «Локомотив» АҚ филиалы Шұбарқұдық пайдалану локомотив депосының заңгері.
2006-2007 жылдары — «Локомотив» АҚ филиалы Қандыағаш пайдалану локомотив депосының заңгері.
2010-2012 жылдары — «Қазтеміртранс» АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының заңгер-кеңесшісі.
2012-2014 жылдары — Ақтөбе облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының заңгері.
2014 жылдан бастап — Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің бас маманы.
2014-2015 жылдары — «Ақтөбе облыстық футбол клубы» АҚ заңгері, Ақтөбе қаласы.
2015 жылғы қаңтардан 2015 жылғы қазанға дейін — «Ақтөбе облыстық футбол клубы» АҚ мемлекеттік сатып алу жөніндегі маманы, Ақтөбе қаласы.
2017 жылдан бастап — «Намыс» кәсіби спорт клубы» МКҚК заңгері, Ақтөбе қаласы.
2017-2019 жылдары — Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының компьютерлік техника операторы.
2019 жылдан бастап — Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының әкімшілік-экономикалық жұмыстар бөлімінің бас маманы.
2019-2026 жылдары — Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бөлімінің бас маманы.
2026 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін — Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бөлімінің басшысы.