
Қайрат Қуантайұлы 1983 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін экономист біліктілігі бойынша, Қазақ-Орыс Халықаралық университетін құқық бакалавры біліктілігі бойынша аяқтаған.
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің "Экономика және басқару" кафедрасының оқытушысы, меңгерушісінің орынбасары, «Ақтөбе облысының қаржы департаменті» ММ, «Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі» ММ жетекші, бас маманы, «Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ бөлім басшысы, «Ақтөбе қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы, әр жылдары Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы мен жеке құрылымдарда, «Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ және «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысының орынбасары, «Ақтөбе қаласының мемлекеттік сатып алу бөлімі» ММ басшысы болып жұмыс жасады.
2021-2023 жылдары Ақтөбе облысы Хромтау ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс атқарды.
2023-2026 жылдары Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс жасады.
2026 жылғы 20 қазаннан бастап "Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" ММ басшысы болып тағайындалды.