ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы
18 сәуірдегі №176-НҚ «Ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын (бюджеттік бағдарламалар паспорттарын іске асыру туралы есептерді) жария талқылау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 3-тарауына сәйкес, «Ашық бюджеттер» порталында 2027-2029 жылдарға арналған бюджеттік бағдарлама паспорттар жобасы жарияланды
https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3566&budgetId=4359998
Пара үстел теннисінен Ақтөбеде өтіп жатқан ITTF World Para Future Aktobe 2026 халықаралық турнирінде жекелей сайыстың жүлдегерлері белгілі болды.

Аружан Ғиниятова (7-санат)

Раушан Орынбаева (7-санат)
Ардақ Нұрмағамбетов (1-санат)

Қадырбек Тоққожа (6-санат)
Аманкелді Рашқалиев (1-санат)
Балзия Таш (8-санат)
Әли Мақұлбеков (8-санат)
Жанна Әлиева (3-санат)
Талғат Ерекеев (9-санат)
Мәди Имаков (2-санат)
Азамат Оразбек (7-санат)
Ақтөбе қаласы | Table Tennis Center, 25-28 шілде.
Қобда ауданындағы «Нұрлы болашақ» балабақшасының базасында Ақтөбе облысының білім басқармасының бастамасымен «IT-балабақша» пилоттық жобасы іске қосылды. Жобаның мақсаты – мектепке дейінгі жастағы балалардың цифрлық сауаттылығын қалыптастырып, техникалық ойлау қабілетін, шығармашылық әлеуетін және заманауи технологияларға қызығушылығын ерте жастан дамыту.
Мұнда балалар ойын арқылы ақпараттық технологиялардың бастапқы негіздерімен танысып, логикалық және сыни ойлауын, зерттеушілік дағдыларын дамытып, алғашқы инженерлік құзыреттерін қалыптастыратын инновациялық білім беру ортасы құрылған.
Жобаның негізгі бағыттарының бірі – робототехника кабинеті. Ата-аналардың сұранысы бойынша мұнда 25 тәрбиеленуші қатысатын «Робототехника» үйірмесі ашылған. Балалар аптасына екі рет IT-маманның жетекшілігімен құрастыру, модельдеу және бағдарламалау негіздерін меңгеріп, топпен жұмыс істеуді және практикалық міндеттерді шешуді үйренеді.
Балабақшаның тағы бір ерекшелігі – мектепалды даярлық сыныбының ашылуы. Ауданда алғаш рет мектепке дейінгі ұйым базасында жеке мектепалды даярлық сыныбы ұйымдастырылып, болашақ бірінші сынып оқушыларына заманауи талаптарға сай сапалы дайындық жүргізіледі. Қазіргі таңда даярлық тобына балаларды қабылдау жалғасуда.
Балабақша заманауи материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілген. Тәрбиеленушілер үшін кең ойын және жатын бөлмелері, музыка және спорт залдары, медициналық блок, мамандар кабинеттері мен интерактивті білім беру кеңістіктері жабдықталған. Сонымен қатар, мекеме жоғары жылдамдықты Wi-Fi желісімен, интерактивті тақталармен, заманауи компьютерлік техникамен және цифрлық оқыту құралдарымен қамтамасыз етілген.
Балалардың қауіпсіздігі мен жайлы жағдайына ерекше көңіл бөлінген. Ғимарат қорғаныс тетіктері бар энергия үнемдейтін терезелермен, жылы еден жүйесімен және заманауи жарықтандырумен жабдықталған. Ал абаттандырылған аумақта сегіз ойын алаңы орналасқан.
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының ұйымдастыруымен «Таза қала – таза жағалау» экологиялық акциясы өткізілді.
Акцияға «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының 150 сарбазы, оның ішінде «Эко Гвардия» отрядының мүшелері белсенді қатысты.
Акция барысында Ақтөбе су қоймасының жағалауы мен орман алқаптарында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және аумақты тазарту жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде аумақтан 200-ге жуық қап қоқыс шығарылып, табиғи орта тұрмыстық қалдықтардан тазартылды.
Экологиялық акцияның негізгі мақсаты – табиғатты таза қалпында сақтау, жастарды еңбекке баулу, өзен жағалауларын тұрмыстық қалдықтардан тазарту және қала тұрғындарын қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақыру.
Қазақстанның мемлекеттік қызмет жүйесінде мінсіз бедел институты, жаңа цифрлық кадрлық тетіктер және мемлекеттік қызметшілерге арналған кеңейтілген әлеуметтік кепілдіктер енгізілуде.
Облыс әкімі төрағалық еткен аппарат мәжілісіндк 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңды іске асыру мәселелері қаралды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Айбек Шілманов жаңа Заңның негізгі ережелеріне жан-жақты тоқталып, құжат мемлекеттік қызмет жүйесін кешенді жаңғырту, мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру, сервистік және азаматқа бағдарланған басқару моделін енгізу, кадрлық үдерістерді цифрландыруға және кадр саясатын жетілдіруге бағытталғанын атап өтті.
Оның айтуынша, Заңда алғаш рет мемлекеттік қызметтің миссиясы, мақсаттары мен қағидаттары айқындалған. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің мінсіз беделі институты енгізіліп, кадрларды даярлаудың жаңа тәсілдері, «E-қызмет» жүйесі арқылы цифрлық іріктеу тетіктері қарастырылған әрі мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктері кеңейтілген. Бұдан бөлек, қызметтік әдепті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, мүдделер қақтығысына жол бермеу және тәртіптік жауапкершілікті күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылған.
Баяндама аяқталғаннан кейін жиынға қатысушылар жаңа заңнамалық нормаларды тәжірибеде қолдану мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына жататын облыстық басқарма басшыларын тағайындау тәртібі, Заңды іске асыру үшін қажетті заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қабылдау мерзімдері, сондай-ақ Ақтөбе облысы енгізілген «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдық деңгейлерін өзгерту жөніндегі пилоттық жобаны жүзеге асыру мәселелері көтерілді.
Талқылауды қорытындылаған облыс әкімі мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту және кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастырудың маңызды шарттарының бірі екенін алға тартты.
Өңір басшысы барлық мемлекеттік орган басшыларына жаңа заң талаптарының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуді және бұл жұмысты тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
«Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ-сі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2024 жылғы сәуір айында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.
Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.
Талдауға қатысу мәселелері бойынша «Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ бөлімінің бас маманы Дайрабаев Амиржан Таргенович келесі телефон нөміріне хабарласуға болады:.8 - (7132) 74-75-53.
24 мамыр күні Ақтөбе қаласы дәм мен дәстүрге толы мереке ортасына айналады. Қаладағы «Астана» саябағында «Ақтөбе – тарының астанасы» атты ауқымды гастрофестиваль өтеді.
Келуші қонақтарды таңғы 11:00-ден бастап ұлттық рух пен хош иіске толы атмосфера күтпек. Күн бойы жалғасатын мереке кешкі 17:00-ге дейін Ақтөбенің аграрлық дәстүрі мен заманауи гастрономиялық мүмкіндігін тоғыстырады. Сонымен қатар, «Әнім сенсің – Ақтөбе» этнофестивалі де мерекенің көркін аша түседі.
Фестиваль алаңында тарыдан әзірленген 50-ден астам тағам түрі ұсынылады. Дәстүрлі ұлттық ас мәзірі жәрмеңкесі, шоколадты жент дайындау шеберлік сағаттары, ыстық бауырсақ пен самаурын шайының хош иісі – бәрі де келген қонаққа ерекше әсер сыйлайды.
Ойыл ауданының шеберлері тарыны өңдеудің көне тәсілдерін көзбен көріп, қолмен сезінуге мүмкіндік береді. Ал қолөнер шеберлерінің бұйымдары – тері, киіз, ағаш, жүн және зергерлік өнердің заманауи үйлесімін көрсететін нағыз мәдени көрме болмақ.
Сондай-ақ, фестиваль аясында «Ақтөбе – тарының астанасы» атты ашық дөңгелек үстел өтеді. Мұнда сала мамандары мен сарапшылар тары өсіру дәстүрін жаңғырту, оның тағамдық құндылығын кеңінен насихаттау және өңірдің аграрлық-гастрономиялық әлеуетін дамыту бағыттарын талқылайды.
Кіру тегін.
🔹 Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында сәулет және құрылыс саласындағы бақылау, сондай-ақ құрылыс нысандарында заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету шаралары талқыланды.
📊 Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Сұлтан Аманчиннің мәліметінше, биылғы жылдың бірінші тоқсанында тұрғын үй, әлеуметтік, жол және өндірістік нысандар құрылысының басталуы туралы 248 хабарлама түскен. Лицензиялау, қайта рәсімдеу және сарапшыларға аттестат беру бойынша 97 мемлекеттік қызмет көрсетілген.
📑 Жеке және заңды тұлғалардың 328 өтініші бойынша 19 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 16 нұсқама беріліп, 11 млн теңгеден астам сомаға 31 әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, басқарма заңсыз құрылысқа қатысты сот процестеріне белсенді қатысуда. Қазіргі уақытта рұқсат құжаттарынсыз салынған көпқабатты тұрғын үйді бұзу туралы сот шешімі бар.
«Прокуратура органдарымен бірлесіп лицензиялық талаптардың бұзылуын анықтау жұмыстары жүргізілуде. 2026 жылдың үш айында 65 компания әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 13 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Сонымен қатар, 57 компанияның қызметі тоқтатылып, бір компания лицензиясынан айырылды»
, – деді Сұлтан Аманчин.
🚧 Құрылыс алаңдарына жүргізілген комиссиялық тексерулер барысында абаттандыру және құрылыс нормаларының бұзылуы, соның ішінде жолдардың ластануы және дөңгелек жуу орындарының жоқтығы анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша 20 компанияға айыппұл салынды.
🏢 Басты назар үлестік құрылыс мәселелеріне аударылды. Кейбір компаниялардың азаматтардың қаражатын тартудың балама тәсілдерін қолданатыны атап өтіліп, халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігі айтылды.
🎯 Облыс әкімі басты басымдық – айыппұл саны емес, заңбұзушылықтарды нақты жою және құрылыс сапасын арттыру екенін атап өтті.
📌 Асхат Шахаров проблемалық нысандарды аяқтау жұмыстарын жандандыруды, құрылысқа бақылауды күшейтуді және әлеуметтік әрі тұрғын үй нысандарын уақытында пайдалануға беруді қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ қала әкімдігі және полиция департаментімен бірлесіп құрылыс алаңдарында экологиялық және құрылыс талаптарының сақталуын қатаң бақылауды жүктеді.
Ақтөбе облысының әкімі А.Б. Шахаровтың тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылдың 31 наурызында Алтын Орда шағын ауданында абаттандыру ережелерінің сақталуын бақылау мақсатында өткізілген рейдтік іс-шаралар аясында, Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының инспекторлары полиция және қала әкімдігі қызметкерлерімен бірлесіп, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізіп жатқан құрылыс ұйымдарына қатысты шаралар қабылдады.
🚫 Бұзушылық: құрылыс алаңынан шығатын жүк көліктерінің доңғалақтарын жууға арналған құрылғының болмауы.
📝 Жауапты тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 505-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сонымен қатар, бұзушылықтарды қысқа мерзімде жою туралы ескерту хаттары тапсырылды.
Ақтөбеде «Қалдықсыз қоғам» акциясы аясында Аграрлық колледж студенттері қалдықты табыс көзіне айналдырудың нақты жолын көрсетті.
30 наурыз күні өңір бойынша кең ауқымда өткен экологиялық бастамаға Шығанақ Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжі де белсенді түрде үлес қосты. Оқу орнында «Қалдықтан — құнарға: тиімді игеру жолдары» атты тәжірибелік іс-шара ұйымдастырылып, ол тек теориямен шектелмей, нақты нәтижеге бағытталды.
Іс-шара арнайы пән оқытушылары Гүлнар Ещанова мен Айгүл Мырзабекованың жетекшілігімен өтті. «Ветеринария» мамандығының студенттері мал көңін кәдеге жаратудың заманауи тәсілдерін меңгерсе, «Агрономия» бағытының білім алушылары оны қайта өңдеп, биогумус өндіру процесін тәжірибе жүзінде жүзеге асырды.
Биогумус — калифорниялық қызыл құрттардың көмегімен алынатын табиғи тыңайтқыш. Мамандардың айтуынша, бұл әдіс топырақ құнарын арттырып қана қоймай, экологиялық қауіпсіз әрі экономикалық тұрғыдан тиімді шешімдердің бірі саналады.
Айта кету керек, мұндай жобалар Президенттің экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қалдықтарды қайта өңдеу үлесін арттыру жөніндегі тапсырмалары аясында жүзеге асырылып жатыр.
Сарапшылардың пікірінше, дәл осындай тәжірибелік бастамалар жастардың экологиялық жауапкершілігін арттырып, ауыл шаруашылығына инновациялық тәсілдерді енгізуге жол ашады.