Мемлекеттік қызметтерді жоспарлы тексеру нәтижелері бойынша кеңес

Мемлекеттік қызметтерді жоспарлы тексеру нәтижелері бойынша кеңес

2024 жылғы 26 қарашада Басқарма басшысының қатысуымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің 2023-2024 жылдар аралығына жүргізілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жоспарлы тексеріс нәтижелері бойынша жиналыс өткізілді. Тексеріс нәтижесін талқылау барысында нормативтік құқықтық актілер мен мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын қатаң сақтау қажеттігі айтылды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету процесінде жұмыс регламентінің тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету мәселелері көтерілді. Бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрақты мониторинг жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мамандарын оқыту мүмкіндіктерін қарастыру жөнінде ұсыныстар білдірілді.