8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен!

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен!

Құрметті әйелдер қауымы!

 

Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Осы бір тамаша көктем мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі сияқты.

Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Бүгінде  әйелдер үлкен  роль атқармаған қоғамдық өмірдің бір де бір саласын атау мүмкін емес. Әйелдер мемлекет негізі - отбасының сақтаушысы болып табылады. Сондықтан біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз берілген.

Қымбатты ханымдар! Сіздерге айтылатын алғыстар мен жылы сөздер еш уақытта толастамасын. Көктемнің басымен келетін мерекелік көңіл-күй Сіздердің сергектіктеріңіз бен күш-жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын.

Сіздерге және отбасылыраңызға әрқашан бақыт және сәттілік тілеймін!

 

Кұрметпен, "Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет - құрылыс бақылау басқармасы" ММ