Ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 29, 37-баптарын, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңын басшылыққа ала отырып:
- Осы өкімнің 1-қосымшасына сәйкес құрамда ұзақ құрылыс, тұрғын-үй құрылысындағы проблемалық объектілер, сондай-ақ көрсетілген салалардағы басқа да проблемалық мәселелер мониторингі жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) құрылсын.
- Осы өкімнің 2-қосымшасына сәйкес жұмыс тобы туралы ереже бекітілсін.
- Жұмыс тобының жетекшісі жұмыс регламенті мен жоспарын бекітсін.
- «Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі жұмыс тобының қызметін үйлестіруді қамтамасыз етсін.
- Жұмыс тобы осы өкімнен туындайтын қажетті ұйымдастырушылық және өзге де шараларды қабылдасын.
- Ақтөбе облысы әкімінің 2020 жылғы 21 ақпандағы № 73-ө «Жилище» ТҚК пайшыларының өтініштерін зерделеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» өкімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы өкімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалин
Жобаны ұсынушы:
«Ақтөбе облысының мемлекеттік
сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ басшысы О.Сопрун