2024-2026 жылдарға бюджеттік бағдарлама жобасы

«Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ-нің

2024-2026 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаға түсіндірме жазба

                 Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты облыс әкiмшiлiгiне жүктелген функцияларды барынша, тиiмдi орындау үшiн мемлекеттiк мекеменiң қызметiн қамтамасыз ету болып табылады.

                 Бюджеттік өтінімде сұралатын қаржылар басқару аппаратын қамтамасыз ету және бағдарлама шеңберінде жоспарланған іс-шараларды іске асыру тиімділігіне қол жеткізу үшін қажет.

2024-2026 жылдарға арналған бюджеттік өтінімнің жалпы көлемі 1 000,3 мың теңге.

                 2024 жылға – 96 633,0 мың теңге;

                 2025 жылға – 99 000,0 мың теңге;

                 2026 жылға – 100 527,0 мың теңге

                 Бөлінген қаражат сәулет, қала құрылысы және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың штаттық санын ұстауға қарастырылған. Басқарманың штат саны 19 бірлік, оның ішінде 13 мемлекеттік қызметші және 6 штаттан тыс қызметкер.

                 Бюджеттік өтінімді іске асырудың түпкілікті нәтижесі белгіленген мерзімде және жасалған келісімдерге сәйкес жоспарланған іс-шараларға қол жеткізу, сондай-ақ үкімет белгілеген мақсаттар мен міндеттерді іске асыру болады.

                 Сондай-ақ 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаның көрсеткіштерін «Ашық бюджеттер» порталында көруге болатынын хабарлаймыз

https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3566&budgetId=2868104

 

2024-2026 жылдарға бюджеттік бағдарлама жобасы
Дата публикации
12 мая 2023