«БЕКІТЕМІН»
«Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ
басшысы
_________________
«_____»_____________
«Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ
Мемлекеттік сәулет – құрылыс инспекциясы
ЕРЕЖЕСІ
1.1. Мемлекеттік сәулет – құрылыс инспекциясы бөлімі (бұдан әрі - бөлім) «Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет – құрылыс бақылау басқармасы» ММ-нің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
1.2.Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
1.3.Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Басқарманың штаттық санымен айқындалады.
1.4.Бөлім құрылымына кіретін, Бөлімнің құрылымдық бөлімшесі жоқ.
2.1. Бөлімнің негізгі мақсаты болып:
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиардың функцияларын жүзеге асыру;
лицензияны және лицензияға қосымшаны беру кезінде өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау;
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау жөніндегі функцияларды жүзеге асыру;
Өтініш берушілердің құжаттарын қабылдау және қарау;
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша ұйымдастыру іс-шараларын жүргізу;
2.2. Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінен салынып жатқан (реконструкцияланатын, кеңейтілетін, жаңғыртылатын, күрделі жөнделетін) объектілер мен кешендер туралы ақпарат сұрату және олардан ақпарат алу;
Танысу үшін тапсырыс берушілерден осы құрылыс бойынша қажетті жобалау және атқару құжаттамасын, сондай-ақ тиісті жобалардың сараптама қорытындыларын сұратуға және олардан алуға;
Салынып жатқан (реконструкцияланатын, кеңейтілетін, жаңғыртылатын, күрделі жөнделетін) объектілер мен кешендерге кедергісіз кіру және жүргізілетін құрылыс-монтаждау жұмыстарына жедел инспекциялауды жүргізу;
Мемлекеттік нормативтердің бұзылуына жол берілгені және (немесе) бекітілген жобалардан (жобалық шешімдерден) ауытқулар анықталған кезде тапсырысшының (құрылыс салушының) және (немесе) мердігерлік құрылыс-монтаждау ұйымының (кәсіпорнының) жол берілген бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоюы туралы нұсқама шығару;
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында белгіленген заңнама нормаларын, мемлекеттік нормативтік талаптарды, шарттар мен шектеулерді жол берілген бұзушылықтар мен ауытқуларға байланысты бұзушыларға заңнамада көзделген шараларды қолдану туралы шешімдер қабылдау;
III. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
3.1.Бөлім Қазақстан Республикасы Президентінің актісіне, сәйкестік заңнамалық актісіне сәйкес, олардың негізгі мақсаттары мен жүйелерін жүзеге асыру үшін қажетті өкілеттікке ие;
3.2.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, басқарма басшысымен қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын , бөлімді бөлім басшысы басқарады.
3.3. Бөлім басшысы:
1)Бөлімнің барлық қызметін басқарады, жоғары тұрған органға және басқарма басшылығына тапсырмаларды бекітілген мерзімде орындалуын қамтамсыздандырады және ұйымдастырады;
2)Міндеттерді бөлім қызметкерлері арасында үйлестіреді және олардың орындалуын бақылауға алады;
3)Бөлім құзырына кіретін, мәселелер бойынша ұсыныстарды басшылыққа қарастыруға енгізеді;
4)Басқарманың жұмыс жоспарын басшылыққа алады, жүзеге асырады және бөлім бойынша орындалуын басқылауға алады.
5)Бөлімдегі іс-қағазды ұйымдастыру және жүргізу ережесін сақтайды, тиісті орындау тәртібін қаматамсыз етеді.
3.4. Сабақтастық және өзара алмасушылық :
1) Дәлелді себеп бойынша уақытша жұмыс орынында болмаған кезде (жұмыс сапары, еңбек демалысы және науқас кезінде т.б.) бөлім басшысының ұсынысы бойынша оның уақытша міндеттері орныдау бір бас маманға артылады;
2) Бөлім бас мамандарының біреуі болмаған жағдайда, бөлім басшысының тапсырмасы бойынша міндеттерді уақытша сол бөлімнің басқа бір маманына жүктеледі.
Мемлекеттік сәулет – құрылыс инспекциясы
бөлімінің басшысы М. Избастенов