Положение

 

«БЕКІТЕМІН»

«Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ

басшысы

____________________

«_____»_____________

 

 

«Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ

 

Мемлекеттік қызмет көрсету және

әкімшілік жұмыс бөлімінің

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

 

           1.1. Мемлекеттік қызмет көрсету және әкімшілік жұмыс бөлімі (бұдан әрі - бөлім) «Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет – құрылыс бақылау басқармасы» ММ-нің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

          1.2.Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

 1.3.Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Басқарманың штаттық санымен айқындалады.

          1.4.Бөлім құрылымына кіретін, Бөлімнің құрылымдық бөлімшесі жоқ.

 

 

II.               БӨЛІМНІҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ, ФУНКЦИЯЛАРЫ, ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ

 

      2.1. Бөлімнің негізгі мақсаты болып:

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиардың функцияларын жүзеге асыру;

Лицензияны және лицензияға қосымшаны беру кезінде өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау;

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау жөніндегі функцияларды жүзеге асыру;

Өтініш берушілердің құжаттарын қабылдау және қарау;

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша ұйымдастыру іс-шараларын жүргізу;

Қол қоюға ұсынылатын құқықтық сипаттағы құжаттар жобаларының заңнама талаптарына сәйкестігін бақылауды қамтамасыз ету. Басқарма қызметін тұрақты құқықтық талдау.

Басшылықтың тапсырмалары бойынша ішкі бақылау, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау кезінде материалдардың дұрыс және сапалы ресімделуін, материалдарды қарау кезінде қолданыстағы заңнаманың сақталуын бақылау функцияларын жүзеге асыру.

Сот және өзге де органдарда басқарманың мүддесін білдіру, басқарма қызметінің мәселелеріне қатысты отырыстарға, кеңестерге, семинарларға және басқа да іс-шараларға қатысу.

Бірінші басшының бұйрықтарының, өкімдерінің жобаларын Құжаттамалық дайындау, Бос мемлекеттік лауазымға, мемлекеттік және азаматтық қызметшілерге орналасуға конкурстық құжаттаманы, қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы, демалыстар туралы бұйрықтарды ресімдеу,

Қызметкерлердің мемлекеттік қызмет өтілін белгілеу туралы хаттамаларды ресімдеу, мемлекеттік қызметшілер мен азаматтық қызметшілердің демалыс кестесін жасау; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу және есепке алу, құқықтық статистика органдарына № ОЛ-1 нысаны бойынша статистикалық есептілікті жасау және уақтылы ұсыну; мемлекеттік тілде іс жүргізу, Жоғары тұрған органдардан және басқа да ұйымдардан хаттардың өтуін бақылау, Басқарманың істер номенклатурасын әзірлеу, мұрағат жүргізу. Басқармаға келіп түскен хаттардың өту мерзімін бақылау.

Басқарманы ұстауға арналған қаржыландыру жоспарын орындау бойынша оны жүргізудің белгіленген ережелері негізінде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, есептердің, жүкқұжаттардың, аванстық есептердің және басқа да ақшалай құжаттардың дұрыс ресімделуін бақылау, штаттық, қаржылық және кассалық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету, бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын жасау және бекіту, ай, тоқсан және жыл үшін бухгалтерлік есептіліктің уақтылы және сапалы жасалуын қамтамасыз ету.

Басқарма үшін мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысу және белгіленген нысандар бойынша Мемлекеттік сатып алу бойынша тоқсандық және жылдық есептерді жасау. Өткізу нысаны мен сатып алу нысанасына қарамастан мемлекеттік сатып алу бойынша шарттар жасау.

Табыс және әлеуметтік салықтар мен әлеуметтік аударымдар бойынша тоқсандық және жылдық есептерді және декларацияны жасау және салық органына ұсыну. Комитеттің қаржы жұмысы басқармасына қаржыландыру жоспарының орындалуы бойынша айлық есептерді, кредиторлық және дебиторлық берешектер туралы есептерді ұсыну. Еңбек және жалақы бойынша тоқсандық есепті Облыстық статистикалық басқармаға белгіленген нысан бойынша ұсыну. Ұсынылған тауарларды(жұмыстар мен қызметтерді) төлеу үшін қазынашылық органдарына төлем шоттарын ұсыну. Салық және басқа да міндетті зейнетақы жарналары мен қызметкерлер жалақысының дұрыс есептелуін және аударылуын бақылау.

Ағымдағы іс жүргізу істерінің номенклатурасын әзірлеу. Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын бақылау, оларды мұрағатқа тапсыру үшін белгіленген тәртіпке сәйкес ресімдеу.   

 

2.2. Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:

 

Заңмен белгіленген лицензияланатын жұмыс түрлерінің тізбесіне сәйкес ведомстволық бағынысты аумақта лицензия алу үшін өтініш беруші, лицензиат ұсынатын құжаттар мен материалдарды қарау.

лицензиялық бақылауды жүзеге асыру, оның ішінде тексеру нәтижелері бойынша лицензиялау нормаларын бұзушыларға тиісті шаралар қабылдау;

Ведомстволық бағынысты аумақта сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілеріне берілетін лицензиялардың мониторингін, есепке алуды және тіркеуді ұйымдастырады.

Лицензиаттардың лицензиялық ережелер мен нормаларды сақтауын бақылауды жүзеге асыру, лицензиялау ережелері мен нормаларын бұзуға жол берген заңды және жеке тұлғаларға қатысты заңнамада белгіленген тәртіппен шаралар қабылдау. Лицензиялық құжаттарды сақтауды және мұрағаттауды ұйымдастыру.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өкілеттіктер шегінде өзге де міндеттерді шешу, лицензиялық бақылауды жүзеге асыру, оның ішінде тексеру нәтижелері бойынша лицензиялау нормаларын бұзушыларға тиісті шаралар қабылдау.

Шаруашылық шарттарды жасау, олардың құқықтық сараптамасын жүргізу бойынша жұмысқа қатысу.

Әкімшілік айыппұл салу туралы қаулылардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

Құқықтық сипаттағы мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу.

Басқарма қызметкерлері арасында құқықтық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Жүктелген функционалдық міндеттерді орындау үшін басқарма қызметкерлерінен қажетті ақпаратты, құжаттаманы сұрату.

Еңбек тәртібін бұзған, жүктелген функциялар мен міндеттерді орындамаған жағдайларда, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтамағаны үшін басқарма қызметкерлерінен түсініктеме сұрату.

Кадр жұмысы мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

 

III. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

      3.1.Бөлім Қазақстан Республикасы Президентінің актісіне, сәйкестік заңнамалық актісіне сәйкес, олардың негізгі мақсаттары мен жүйелерін жүзеге асыру үшін қажетті өкілеттікке ие; 

      3.2.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, басқарма басшысымен қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын , бөлімді бөлім басшысы басқарады.

      3.3. Бөлім басшысы:

1)Бөлімнің барлық қызметін басқарады,  жоғары тұрған органға және басқарма басшылығына тапсырмаларды бекітілген мерзімде орындалуын қамтамсыздандырады және ұйымдастырады;                                                           

2)Міндеттерді бөлім қызметкерлері арасында үйлестіреді  және олардың орындалуын бақылауға алады;

     3)Бөлім құзырына кіретін, мәселелер бойынша ұсыныстарды басшылыққа қарастыруға енгізеді;

4)Басқарманың жұмыс жоспарын басшылыққа алады, жүзеге асырады және бөлім бойынша орындалуын басқылауға алады.

5)Бөлімдегі іс-қағазды ұйымдастыру және жүргізу ережесін сақтайды, тиісті орындау тәртібін қаматамсыз етеді.

 

3.4. Сабақтастық және өзара алмасушылық :

 

         1)  Дәлелді себеп бойынша уақытша жұмыс орынында болмаған кезде (жұмыс сапары, еңбек демалысы және науқас кезінде т.б.) бөлім басшысының ұсынысы бойынша оның уақытша міндеттері орныдау бір бас маманға артылады;

    2) Бөлім бас мамандарының біреуі болмаған жағдайда, бөлім басшысының  тапсырмасы бойынша міндеттерді уақытша сол бөлімнің басқа бір маманына  жүктеледі.

 

 

 

 

Мемлекеттік қызмет көрсету және

әкімшілік жұмыс бөлімінің

бөлімінің  басшысы                                                                                Б. Ткебаев

 

 

 

 

 

 

 

 

Положение
Дата публикации
12 декабря 2022