2020 жылғы мемлекеттік қызметтер бойынша есеп.

«Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ-сімен сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

  • Жобалау қызметтеріне лицензия беру;
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру;
  • Іздестіру жұмыстарына лицензия беру;
  • Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу;
  • Сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызмет түрлерін жүзеге асыратын, сарапшыларды аттестациялау.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында лицензия алуға, қосымша жұмыс түрлерін/кіші түрлерін қосуға және қайта ресімдеуге қатысты барлығы 242 өтініш түсті.

Оның ішінде:

Құрылыс-монтаж жұмыстарына – 12;

Жобалау қызметіне – 4;

Іздестіру қызметіне – 3 лицензия берілді.

Қосымша жұмыс түрлерін/кіші түрлерін қосу – 2;

Қайта рәсімделгендер саны – 97.

Біліктілік талаптарына сондай-ақ, мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес келмегені үшін бас тартылғандар саны – 124;

 

Сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызмет түрлерін жүзеге асыратын, сарапшыларды аттестациялау бойынша – 253. Жалпы 32 аттестат берілді. Оның ішінде:

Техникалық қадағалау жүргізуге - 17;

Авторлық қадағалау жүргізуге – 4;

Экспертиза жасауға –5;

Ғимараттар мен құрылыстардың сеніміділігі мен орнықтылығын техникалық тексеру бөлігінде – 6 аттестат берілді.

Біліктілік талаптарына сәйкес келмегені және тестілеуден өтпегені үшін 199 өтініштен бас тартылды.

 

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу бойынша 3 аккредиттеу куәлігі берілді. 2(қайта рәсімделген).

         Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 500.

                                                                          

 

 

Дата публикации
03 декабря 2021