
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров барша ардагер, қазыналы қарттарды бүгінгі 1 қазан - Халықаралық қарттар күнімен құттықтады
«Бүгін – Қарттар күні.
Ұрпағына тағылымды жол көрсетер аға буынды ардақтау— кейінгіге парыз.
Ардагерлерімізді, аға мен апаларымызды осы айтулы мерекемен құттықтаймын.
Бүгінде Ақтөбе облысында 10 мыңға жуық зейнеткер бар. Ғасыр жасап, немере-шөбере көріп отырған ата-әжелеріміздің бары қуантады. Ең үлкені – 109 жасқа келген. Аймақта зейнет жасындағыларға 9 белсенді “Ұзақ өмір сүру орталықтары” өз қызметін көрсетуде. Сондай-ақ, биыл 1 сәуірден бастап бірнеше санаттағы азаматтарға қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігі қарастырылды.
Өңіріміздің аға буын өкілдері өте белсенді. Зейнеткер ата-әжелеріміздің өмірге деген құлшынысы, ерік-жігері бүгінгі жастарға үлгі. Бізге дұрыс бағдар беріп, тіпті, облыстың шараларына да атсалысып отырады.
Сіздерге зор денсаулық, қамқорлыққа толы ұзақ және бақытты жылдар тілейміз!
Сіз жүріп өткен жол, ел дамуына сіз қосқан үлес - біз үшін бағалы.
Батасы мен дұғасында ел амандығын, жұрт тыныштығын тілейтін қарттарым, аман болыңыздар, көп жасаңыздар!»,
- деп өңір басшысы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында құттықтауын жариялады.