| № | Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Тәуекелді жою бойынша ұсыныстар |
| 1 |
Түсті және қара металдар бойынша ұсыныстар: |
Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті хабарлама жасау тәртібінен (көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысы бар) екінші санаттағы рұқсаттарға ауыстыру. |
| 2 |
Салалық министрлікке ауыз су беру қызметінің құнын субсидиялау бойынша ұсыныстар:
|
Салалық министрлікке ауыз су беру қызметінің құнын субсидиялау бойынша есептерді электрондық түрде тапсыруға арналған ақпараттық жүйе әзірлеу жөнінде ұсыныс беру. |
| 3 |
Аса маңызды оқшау және топтық сумен жабдықтау жүйелерін таңдау критерийлерін бекіту бойынша ұсыныстар: |
Салалық министрліктерге аса маңызды оқшау және топтық сумен жабдықтау жүйелерін таңдау критерийлерін бекіту қажеттілігі жөнінде ұсыныс жолдау. |
| 4 |
Тұрғын үй қатынастары бойынша: |
Жалға алушылардың жалға берілетін тұрғын үйді мақсатты пайдалануына мониторинг жүргізуге қатысты орталық мемлекеттік органға ұсыныс жолдау |
| 5 |
Бюджеттік өтінімді ұсыну бойынша: |
Жоспарлау бойынша уәкілетті органға («Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ) аудандар мен қалалардан бюджеттік өтінімді қабылдау үшін жаңадан ақпараттық жүйе әзірлеу |