СҰЙЫТЫЛҒАН ГАЗ
ҚР Энергетика министрлігі Ақтөбе облысының ішкі нарығын қамтамасыз ету үшін 2022 жылдың ақпан айына 10 747 тонна сұйытылған мұнай газын бөлді.
Облыста СМГ өндірушілері «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС және «Gas Processing Company» ЖШС болып табылады, СМГ көтерме және бөлшек сатуды жүзеге асыратын 11 газ желісі ұйымдары, сондай-ақ 190-нан астам автогаз құю станциялары жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы №1 «Сұйытылған мұнай газын өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу туралы» бұйрығына сәйкес, Ақтөбе қаласындағы автогаз құю станцияларында СМГ бөлшек саудасының құны литріне 50 теңгеге, ал шалғайдағы елді мекендерде 55 теңгеге құрайды.
Сондай-ақ, ҚР ЭМ 2022 жылғы 9 қаңтардағы №4 «Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағасын бекіту туралы» ЭСА-дан тыс Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағасы 2022 жылғы 1 қаңтар-31 наурыз аралығындағы кезеңде ҚҚС-сыз тоннасына 28 000 теңге мөлшерінде бекітілді.