«Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 349 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтөбе облысының қалалары мен елді
мекендерінің аумақтарында абаттандырудың Қағидаларында:
3-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) шағын архитектуралық нысандар – сәндік сипаттағы және практикалық пайдаланылатын объектілер (көрнекті тұлғаларды, маңызды тарихи оқиғаларды мәңгі есте қалдыру үшін орнатылатын монументалды өнер құрылыстарын қоспағанда мүсіндер, субұрқақтар, гүлдерге арналған вазалар, павильондар, беседкалар, орындықтар, урналар, балалар ойындары мен ересек тұрғындардың демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар);»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) монументалды-сәндік өнер туындылары – көрнекті тұлғаларды, маңызды тарихи оқиғаларды мәңгі есте қалдыру үшін орнатылатын монументалды өнер құрылыстарын қоспағанда мүсіндер, стелалар, сәндік композициялар, обелисктер, монументалды кескіндеме туындылары;»;
4-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) естелік және ақпараттық тақталар (белгілер);»;
7-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-параграф. Бау-бақша жиһаздарын, бау-бақша жабдықтарын және шағын сәулет нысандарын күтіп ұстау»;
67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«67. Бау-бақша жиһазы, бау-бақша жабдықтары және шағын сәулет нысандары, оның ішінде субұрқақтар, саябақ павильондары, беседкалар, көпірлер, қоршаулар, қақпалар, шатырлар, гүл құмыралары таза және жарамды күйде болады және өз мақсатына сәйкес жұмыс істеуі тиіс.»;
71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«71. Қыс мезгілінде бау-бақша жиһазының элементтері, бау-бақша жабдықтары мен шағын архитектуралық формалар, сондай-ақ оларға жақындау қар мен мұздан тазартылады.»;
мынадай мазмұндағы 121-1 тармақпен толықтырылсын:
«121-1. Кәсіпкерлік, өндірістік немесе сауда қызметін жүзеге асыратын объектілердің иелері, жалға алушылары және пайдаланушылары нысанға өтетін жол бөлігінен бастап (болған жағдайда) жолдың жүріс бөлігіне дейінгі аумақты, автотұрақ орындарын және объектінің қасбеті бойындағы аумақты қоса алғанда, іргелес аумақтың санитариялық жай-күйін қамтамасыз етуге міндетті. Асфальтталмаған ашық жер учаскелері болған жағдайда – көгалдандыру жұмыстары суару арқылы жүргізіліп, урна (бактар) орнатылуы тиіс.»;
157-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«157. Көппәтерлі тұрғын үйлердің шатырларын қардан және мұздан тазартуды ұйымдастыруды, қар мен мұз өсуін жоюды мүлік иелері бірлестігінің төрағасы немесе тікелей бірлесіп басқару кезіндегі пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иелері не кондоминиум объектілерін басқару субъектілері не көп пәтерлі тұрғын үйді басқарушы дербес немесе өз қаражаты есебінен мамандандырылған ұйымдарды тарту арқылы жүзеге асырады.».
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |