ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылауға
"Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" ММ Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме болып табылады. Басқарманың негізгі қызметі:
-Тапсырыс берушінің бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Облыстың энергетика және коммуналдық шаруашылық объектілерін (инженерлік-коммуникациялық желілер, энергетика, су, газ шаруашылығы объектілері) салу және реконструкциялау жөніндегі функциясын жүзеге асыру;
- отын-энергетика кешенін дамытуға қатысу.
2024 жылға арналған бюджеттік бағдарлама "Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы негізінде және мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде жасалды:
- Ақтөбе облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы;
- 2022-2025 жылдарға арналған кешенді даму жоспары.
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының 2025-2027 жылдарға арналған шығыстарына жалпы сомасы 33 850 545,4 мың теңге қарастыру қажет, оның ішінде:
2025 жылы-24 870 416,0 мың теңге;
2026 жылы-8 637 588,7 мың теңге;
2027 жылы-342 540,7 мың теңге.
001 "Жергілікті деңгейде энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер".
Шығыстар сомасы 444 363,0 мың теңге, оның ішінде жылдар бойынша:
2025 жыл-148 121,0 мың теңге;
2026 жыл-148 121,0 мың теңге;
2027 жыл-148 121,0 мың теңге.
004 015 "Елді мекендерді газдандыру" 2025 жылы облыстық бюджеттен 17 000,0 мың теңге бөлу қажет
071 015 "газ тасымалдау жүйесін дамыту". 2025 жылы облыстық бюджеттен 2 631 620,0 мың теңге бөлу қажет.
114 015 "аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне коммуналдық шаруашылықты дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері". 2025 жылы облыстық бюджеттен 10 454 731,0 мың теңге бөлу қажет.
032 015"ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау". 2025 жылы ОБ-дан ауыз су беру жөніндегі қызметтер үшін субсидиялау үшін 495 008,0 мың теңге қажет.
081.015"елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына іздестіру-барлау жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу". 2025 жылға іздестіру-барлау жұмыстарын аяқтауға және 2 жоба бойынша жете барлауға 70 546,0 мың теңге қарастыру қажет.
056 015 "облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне табиғи монополиялар субъектілерінің халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер". Жобаны субсидиялау үшін қалалық ТКШ-да бюджеттік бағдарламаның болмауына байланысты 2025 жылы ОБ-дан 2 609 826,0 мың теңге қажет.
054 015 "жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер".
2025 жылы жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдерді жүзеге асыру үшін 24 404,0 мың теңге қажет.