Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 2 тамыздағы № 455 «Ақтөбе облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Ақтөбе облыстық мәслихаттың шешімінің жобасына түсіндірме жазба

 

Нормативтік құқықтық актілерді
әзірлеу, келісу және мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
1-қосымша

Нысан

 

 

Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 2 тамыздағы № 455

«Ақтөбе облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне

өзгеріс енгізу туралы Ақтөбе облыстық мәслихаттың шешімінің жобасына түсіндірме жазба

 

  1. Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы.

«Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ.

  1. Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 154 «Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18445 тіркелген) бұйрығының Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 «Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 32546 тіркелген) бұйрығымен күші жойылды.

  1. Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі).

Шешім жобасын жүзеге асыру қаржылық шығындарды қажет етпейді.

  1. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы.

Шешімге өзгерістер енгізу теріс және/немесе экономикалық салдарға әкеп соқпайды.

  1. Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері.

Халықтың әлеуметтік осал топтарын, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау саласындағы сұранысқа ие мамандарды қолдау мақсатында азаматтар Ақтөбе облысы бойынша ипотекалық тұрғын үй қарыздарын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне алу құқығын іске асыру үшін бастапқы жарна сомасының бір бөлігін өтеу үшін.

  1. Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер.

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2019 жылғы 2 тамыздағы № 455 «Ақтөбе облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешімі.

  1. Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы.

Қажет етпейді.

  1. Нормативтік құқытық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны).

28.08.2023 жылы «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ сайтында, 28.08.2023 жылы «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.

  1. Әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат.

«Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ сайтында орналастырылған.

  1. Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.

Сәйкес келеді.

  1. Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері.

Жоқ.

Дата публикации
28 августа 2023