САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ

Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 2 тамыздағы № 455

«Ақтөбе облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және

алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне

өзгеріс енгізу туралы Ақтөбе облыстық мәслихаттың шешіміне

САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ

 

№

Құрылымдық элементтің атауы

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Түзету енгізудің қажеттілігінің негіздемесі

1.

Қосымшаның

2-тармағының

2-тармақшасы

2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 154 «Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18445 тіркелген) бұйрығына сәйкес құрылатын еңбек ресурстарының болжамы есебімен, еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау салаларындағы сұранысқа ие мамандар.

2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 «Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 32546 тіркелген) бұйрығына сәйкес құрылатын еңбек ресурстарын болжау негізінде
денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау салаларындағы сұранысқа ие мамандар

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы
29 наурыздағы № 154 «Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 18445 тіркелген) бұйрығы күшін жойды

 

 

Дата публикации
28 августа 2023