Тұрғын үй беру мәселесі туралы

Тұрғын үй беру мәселесі туралы

 

ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, мұқтаждар есебінде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі.

Облыс бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінде 34 773 азамат тұр, оның ішінде: жетім балалар – 3 252, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары – 14 318, көпбалалы отбасылар – 4 467, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері – 12 592, жалғыз үйі апатты деп танылған азаматтары – 144 азамат.

Кезекке тіркелген азаматтарға тұрғын үй беру мәселесі тұрғын үй босатылған немесе жаңа тұрғын үй салынып, пайдалануға берілу шамасына қарай кезек тәртібімен шешіледі.

Кезекте тіркелген азаматтардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан кезек ретімен тұрғын үй алудан бөлек мемлекеттік бағдарламаларға қатысып тұрғын үй алуға мүмкіндігі бар.

2022 жылдың басынан әкімдікте кезекте тұрғандар қатарынан 237 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді, оның ішінде 33 отбасы кезек тәртібімен, 65 отбасы «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысу шеңберінде, 139 отбасы «Шаңырақ» пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде баспаналы болды.

Дата публикации
11 декабря 2022