REGULATIONS on the gas supply department of the State Institution "Department of Energy and Housing and Communal Services of the Aktobe Region"

«Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің газбен жабдықтау бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер
  2. «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) газбен жабдықтау бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) басқарманың құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ басқарма туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. Бөлім заңды тұлға болып табылмайды, өз қызметінде басқарма басшысының бұйрықтарына бағынады.
  5. Бөлімнің құрылымы мен штаттық саны қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқарма басшысымен белгіленеді.
  6. Бөлімнің штаттық саны 4 бірліктен тұрады, олар:

бөлім басшысы (1 бірлік);

бас маман (3 бірлік);

 

  1. Бөлімнің негізгі мақсаттары,

функциялары, құқықтары мен міндеттері

  1. Бөлімнің негізгі мақсаттары:

1) құрылыс нысандарының жағдайына талдау жүргізу және мемлекеттік реттеу;

2) елді мекендер шекараларының (сызықтарының) шегінде газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

3) бюджеттік қаражаттар есебінен қаржыландырылатын облыстың энергетика және коммуналдық шаруашылығы нысандарын (инженерлік коммуникациялық желілер, энергетика, су, газ шаруашылығы нысандары) салу және жаңғырту бойынша тапсырысшы қызметін жүзеге асыру.

  1. Аталған мақсаттарға жету үшін бөлімге мынадай функциялар жүктеледі:

1) құрылыс нысандарының жағдайына талдау жүргізу және мемлекеттік реттеу;

2) құрылыс барысына мониторинг жүргізу және орындалған жұмыстар актісін сметалық құжаттамаға сәйкес тексеру;

3) құрылыс нысандары бойынша жобалау құжаттарын қарау;

4) газ шаруашылығы нысандарын құру және қайта жарақтау кезінде техникалық қадағалаушының жұмысын қадағалау;

5) салынған, жаңғыртылған нысандарды іске қосуға беру бойынша комиссия ұйымдастыруға қатысу;

6) газдандыру нысандарының құрылысы үшін қажетті құжаттарды уақытылы қарастыру;

7) техникалық-экономикалық негіздемеге және жобалық-сметалық құжаттамаға жобалау тапсырмасын дайындау және уақытылы дайындалуын қадағалау;

8) санитарлық-эпидемиологиялық, экологиялық, төтенше жағдайлар және мемлекеттік сараптама қорытындыларын алу;

9) бюджеттік қаражаттар есебінен қаржыландырылатын облыстың газ шаруашылығы нысандарын салу және жаңғырту бойынша тапсырысшы қызметін жүзеге асыру;

10) газ шаруашылығы нысандарына қатысты  жобалық құжаттарды қарау және келісу;

11) салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісі негізінде жылжымайтын мүлікке мемлекеттік техникалық тексеру жүргізу ережесіне сәйкес бекітілген нысан бойынша техникалық паспорт ала отырып, жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке техникалық тексеру жүргізуге тапсырыс беруі және дайын құрылыс өніміне мүліктік құқықты тіркеуді қамтамасыз ету;

12) елді мекендер шекараларының (сызықтарының) шегінде газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

13) құрылысы аяқталған нысандарды қабылдау бойынша жұмыс және мемлекеттік комиссиялар құру;

14) мердігер мекемеден нысан құрылысына қатысты құжаттарды талап ету;

15) құрылысы аяқталған нысанды балансқа беру үшін қажетті құжаттарды дайындау;

16) бюджет есебінен қаржыланатын газдандыру нысандарын жобалау кезінде ескертулер мен ұсыныстар енгізу;

17) келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңдылықтармен белгіленген тәртіппен және мерзімдерінде қарау;

18) басқарма басшысы белгілейтін басқа да өкілеттіліктерді (қызметтерді) жүзеге асырады.

19) өз құзыреті шегінде облыстың аумағына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде өткізілетін сұйытылған мұнай газы айналымына бақылауды жүзеге асыру.

20) облыстың аумағына сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру және уәкілетті органға жіберу.

21) сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссияны құру.

22) уәкілетті органға облыстың аумағында сұйытылған мұнай газын тұтыну болжамын ұсыну.

23)  уәкілетті органға облыстың аумағында сұйытылған мұнай газын өткізу және  тұтыну жөніндегі мәліметтерді ұсыну.

24)  энергетика және коммуналдық шаруашылығы объектілеріне қатысты жобалық құжаттарды қарау және келісу.

25)  Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес заңды тұлғалардың түсті және қара металдар сыңықтары мен қалдықтарын жинауы  (дайындауы ), сақтауы, қайта өңдеуі және өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны қабылдау туралы талон беру.

  1. Бөлім негізгі міндеттерді іске асыру және өзіне жүктелген міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында заңнамада белгіленген тәртіпте мынадай құқықтарға ие:

1) құзыретінің шегінде басқарманың құрылымдық бөлімшелерінен және олардың қызметкерлерінен Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған тәртіппен қажетті құжаттарды, анықтамаларды және т.б. мәліметтерді белгіленген мерзімде сұрату;

2) өзінің өкілеттік құзыреті шегінде мемлекеттік билік органдарынан және басқармалардан, статистика органдарынан, ұйымдардан, мекемелер мен кәсіпорындардан ақпарат алу және сұраныстар жолдау;

3) құзыретінің шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысу, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап ету;

4) басқарма басшылығына өз құзыреті шегінің сұрақтары бойынша ұсынымдар, қызметтік хаттар енгізу.

  1. Бөлімнің міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау;

2) азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету, олардың өтiнiштерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қарауға және олар бойынша қажеттi шаралар қабылдау;

3) функцияларын өздерінің өкілеттіктеріне сәйкес жүзеге асыру;

4) басшылықтың бұйрықтары мен тапсырмаларын өз өкілеттігі шегiнде орындау;

5) мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз ету;

6) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;

7) осы Ережемен белгіленген мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру.

 

III. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

  1. Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын - бөлім басшысы.
  2. Бөлім басшысы мен қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқарма басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. Бөлім басшысының өкілеттігі:

1) бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқауларын әзірлеп, басқарма басшысына бекітуге ұсынады;

2) бөлім жұмысын жетілдіру мақсатында бөлім және басқарма құрылымдық бөлімшелерімен қарым-қатынастарын ұйымдастырады;

3) өз құзыреті шегінде бөлім қызметкерлеріне тапсырмалар береді және орындалуын бақылауда ұстайды;

4) бөлім қызметкерлерінің еңбек және қызметтік тәртіптеріне ұстануларын қамтамасыз етеді.

  1. Бөлімнің барлық қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес өздерінің лауазымдық міндеттерін орындауға жеке жауапкершілікте болады.

 

  1. Бөлімнің жұмыс уақыты
  2. Мемлекеттiк қызметшiлердiң жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы Заңында көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес айқындалады.
  3. Мемлекеттік қызметшілер үшін екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді.
  4. Шұғыл, күнi бұрын болжанбаған жұмыстарды орындау үшiн мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақытынан тыс істелетін жұмысқа, демалыс және мереке күндерiндегі жұмысқа тартылуы мүмкiн.
  5. Мемлекеттік қызметшіге демалыс күндері (сағаттары) беріледі немесе жұмысына мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу жүйесіне сәйкес өтемақы төленеді.

 

  1. Бөлімнің

Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

  1. Бөлім Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу басқарма басшысының шешімімен жүзеге асырылады.
  2. Бөлім Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының заңнамаcына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Бөлім басшысы                                                                                                            С.Лепесов

 

20____ жылғы «    » __________

 

REGULATIONS on the gas supply department of the State Institution "Department of Energy and Housing and Communal Services of the Aktobe Region"
Дата публикации
12 ноября 2021