«Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық басқармасы» ММ 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттік жобасына
Азаматтық бюджет
«Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме болып табылады. Басқарманың негізгі қызметі:
- бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын облыстың энергетика және коммуналдық шаруашылық объектілерін (инженерлік-коммуникациялық желілер, энергетика, су, газ шаруашылығы объектілері) салу және қайта жаңғырту бойынша тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыру;
- отын-энергетика кешенін дамытуға қатысу;
2023 жылға арналған бюджет жобасы Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық дамуының 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы", Өңірлерді дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспары және «Ақтөбе облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы» сияқты мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде жасалды.
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының 2023-2025 жылдарға арналған шығыстарына жалпы сомасы 20 797 210,0 мың теңге қарастыру қажет, оның ішінде:
2023 жылы – 8 271 051,0 мың теңге;
2024 жылы - 7 919 142,0 мың теңге;
2025 жылы - 4 607 017,0 мың теңге.
2023 жылға келесі бюджеттік бағдарламалар бойынша қаражат бөлу қажет:
Бағдарлама: 279 001 «Жергілікті деңгейде энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» - 171 794,0 мың теңге.
Кіші бағдарлама: 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»
Осы бағдарлама бойынша - 171 794,0 мың теңге қарастырылған, ол басқару аппаратын ұстауға (20 мемлекеттік қызметші және 8 штаттан тыс қызметкер), әкімшілік шығыстарды (басқару аппаратының қызметін техникалық жарақтандыру бойынша тауарлар мен қызметтерді сатып алу) мынадай спецификалар бойынша қамтиды:
111 «Еңбекақы төлеу» ерекшелік бойынша - 76 818,0 мың теңге, 20 штаттық бірлік үшін, есеп"саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 маусымдағы № 451 ҚБПҮ қаулысына сәйкес жасалды.
113 «Өтемақы төлемдері» ерекшелігі бойынша - 12 805,0 мың теңге (20 штат бірлігіне екі айлықақы бойынша емдеу жәрдемақысы); Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №451 ҚБПҮ "мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілерге еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге сауықтыруға жәрдемақы төлеуге арналған шығыстардың есебі жасалды. ҚР "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңына сәйкес 2 лауазымдық жалақы мөлшерінде төленеді.
121 «Әлеуметтік салық» ерекшелігі бойынша - 4 757,0 мың теңге. Әлеуметтік салықты есептеу кезінде "салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР Кодексі еңбекақы төлеудің салық салынатын қорынан 6% мөлшерінде басшылыққа алынды.
122 «Әлеуметтік аударымдар» ерекшелігі бойынша - 2 737,0 мың теңге. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар салық салынатын еңбекақы төлеу қорының 3,5% мөлшерінде "әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару қағидаларын бекіту туралы" ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес есептелген.
123 «Міндетті сақтандыруға жарналар» ерекшелігі бойынша - 45,0 мың теңге. Басқарма балансында тіркелген екі автомобильді міндетті сақтандыру үшін төлемдер
124 «Міндетті әлеуметтік сақтандыруға аударымдар» ерекшелігі бойынша - 2 655,0 мың теңге. (Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар сомасын есептеу кезінде "міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 6 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы жалпы есептеу сомасының 3% мөлшерінде басшылыққа алынды.)
131 «Техникалық персоналға еңбекақы төлеу» ерекшелігі бойынша - 8 396,0 мың теңге, штаттан тыс қызметкерлерді ұстауға 8 бірлік көлемінде көзделген. Жалақыны есептеу "азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының негізінде қызметкерлердің өтілі мен базалық лауазымдық жалақысының өзгеруі ескеріле отырып, қолданыстағы штат кестесі бойынша жүргізілді.
135 «Техникалық персонал бойынша жұмыс берушілердің жарналары» ерекшелігі бойынша - 1 080,0 мың теңге. Есептеулер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР Кодексінің, салық салынатын еңбекақы төлеу қорының 6% мөлшерінде, "Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару қағидаларын бекіту туралы" ҚР Үкіметінің қаулысының, салық салынатын еңбекақы төлеу қорының 3,5% мөлшерінде және "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңының негізінде жасалды. жалпы есептеу сомасынан 2% мөлшерінде.
136 «Техникалық қызметкерлердің Ел ішіндегі іссапарлары мен қызметтік сапарлары» ерекшелігі бойынша - 700,0 мың теңге. Іссапар шығыстарын есептеу кезінде "Қызметтік, оның ішінде Шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды бюджет қаражаты есебінен өтеу қағидаларын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысы басшылыққа алынсын. 2021 жылмен салыстырғанда өсудегі айырмашылық жылдан жылға айлық есептік көрсеткіштің өсуіне байланысты. Іссапарға қажетті қаражат 2023 жылға арналған іссапарға шығу жоспары негізінде жинақталды.
144 «Отын, жанар - жағармай материалдарын сатып алу» ерекшелігі бойынша - 1 249,0 мың теңге. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары үшін жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы" 2009 жылғы 11 тамыздағы №1210 қаулысына сәйкес есептелді.
149 «Өзге де қорларды сатып алу» ерекшелігі бойынша - 1 971,0 мың теңге. (А4 форматындағы қағаздарды сатып алу - 280.0 мың теңге (1 бірлік үшін 80 дана х3500 теңге, кеңсе тауарлары – 461.1 мың теңге, көшірме аппараттарына арналған картридждер мен бояулар-391,0 мың теңге, қызметтік автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер - 839,0 мың теңге)
152 «Байланыс қызметтеріне ақы төлеу» ерекшелігі бойынша –
2 274,0 мың теңге қалалық, қалааралық, ұялы телефон байланысы (1 айда 76,4 мың теңге), интернет (1 айда 66,8 мың теңге), пошта байланысы (1 айда 12,5 мың теңге) және абоненттік жәшік үшін 8,1 мың теңге жыл);
159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелігі бойынша - 36 569,0 мың теңге: (қызметтік көлікке қызмет көрсету бойынша көлік қызметтері - 840,0 мың теңге, қаржы қызметтері – 155,0 мың теңге, құқық белгілейтін құжаттарды дайындау - 30 789,0 мың теңге, "К2.Бюджет" 749,0 мың теңге (1 тоқсанда 187,250 мың теңге), "Парус-КАЗ" бағдарламалық өніміне техникалық және әдістемелік қызмет көрсету - 2050.0 мың теңге (1 айда 170.833 мың теңге). Мемлекеттік сатып алу бойынша мемлекеттік тапсырысқа электронды қолжетімділік - 205,0 мың теңге, абоненттерді ақпараттық-құқықтық қамтамасыз ету "Заң" Деректер базасына қызмет көрсету - 100,0 мың теңге (1 айда 8,3 мың теңге), антивирусты ұзарту - 290,0 мың теңге, есепке қою және кезектілік процесін автоматтандыру үшін ақпараттық сервиске қол жеткізу - 1101,0 мың теңге, картридждерді толтыру-290,0 мың теңге)
161 «Ел ішіндегі іссапар және қызметтік сапарлар» ерекшелігі бойынша жалпы сомасы – 5 771,0 мың теңге. Іссапар шығындарын есептеу "Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 қаулысы және 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 "Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде Шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы". қаулысының негізінде жасалды Іссапар шығыстары іссапарлар жоспарына сәйкес 20 мемлекеттік қызметшінің Нұрсұлтан қаласына, облыстық және аудандық орталықтарға шығуы көзделген.
169 «Басқа да ағымдағы шығындар» ерекшелігі бойынша - 11,0 мың теңге. 1 автокөлікті техникалық байқаудан өткізу үшін - 11,0 мың теңге.
Тікелей нәтиже: Басқару аппаратының тұрақты үзіліссіз жұмыс істеуін, қызметкерлерге еңбекақы төлеуді ұйымдастыру (20 мемлекеттік қызметші және 8 штаттан тыс жұмыскер), газбен жабдықтау объектілеріне жерге орналастыру жобаларын дайындау.
Құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексі; «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығы.
Газбен жабдықтау.
Газ құбырларының жалпы ұзындығы 8 090 км құрайды, Облыстың 323 елді мекенінің 148-і (45,8%) газдандырылған, оларда 832,3 мыңнан астам адам (93,1%) тұрады.
2022 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 11 елді мекенді газбен қамтамасыз ету және 834,5 астам (93,4%) халықты және 153(47,4%) елді мекендерді газбен қамтамасыз етудің көрсеткіштеріне қол жеткізу жоспарлануда.
2023 жылға арналған газ тасымалдау жүйесін дамытуға барлығы 3,1 млрд. теңге қажет. Олардың ішінде:
- 7 ауыспалы жобаны аяқтау үшін – 1 055,7 млн.теңге;
- 7 жаңа жобаны іске асыру үшін - 1 918,5 млн. теңге;
- 9 ЖСҚ әзірлеуді аяқтауға – 68,4 млн. теңге;
- 1 жаңа ЖСҚ әзірлеуге - 32,2 млн. теңге;
279 004 000 «Елді мекендерді газдандыру» бағдарламасы бойынша 2023 жылға 100,6 млн. теңге қарастыру қажет.
ЖСҚ әзірлеу бойынша жобалар:
2023 жылы газбен жабдықтау жүйелерін салу бойынша 9 ауыспалы жобаның (Байғанин ауданы Қаражар,Оймауыт ауылы; Мұғалжар ауданы Қожасай, Бұлақты, Ащысай ауылы; Әйтекеби ауданы Ұлғайсын,Қияқты ауылы; Алға ауданы Жерұйық ауылы; Мәртөк ауданы Шевченко, Қызылжар, Бөрте, Аққайын, Хазірет ауылы) мемлекеттік сараптамасын алып ЖСҚ әзірлеуді аяқтау және 1 жаңа жобаны әзірлеуді бастау жоспарлануда:
– Шалқар ауданы- Алабас, Сарсай, Біршоғыр ауылдары.
Газбен жабдықтау жобаларын әзірлеу келешекте 2,3 мыңнан астам халқы бар 3 АЕМ-ді көгілдір отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
279 071 015 "Газ тасымалдау жүйесін дамыту. Жергілікті бюджет есебінен" бағдарламасы бойынша 2023 жылға 2,9 млрд. теңге қарастырылған.
Төменде көрсетілген жобаларды іске асыру 2023 жылы "Amanat" АОФ партиясының сайлауалды бағдарламасының іс-шаралар жоспарында көзделген, осыған байланысты жобалардың жалпы құнының 20% мөлшерінде жобаларды қоса қаржыландыруды көздеу қажет.
Ауыспалы жобалар:
Құмкұдық ауылына жеткізуші газ құбырын салу (Түзету). Жалпы құны-3 268,1 млн. теңге. Жоба 2021 жылдан бастап РБ-тен ОБ-пен қоса қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады. 2023 жылға дейін РБ-тен 2 058,0 млн. теңге бөлінді, ОБ-тен 486,7 млн.тг. 2023 жылға 395,2 млн. теңге қажет. Жоба түзетуден өтуде. Бүгінгі күні мемлекеттік сараптамадан өтуде. Қымбаттау сомасы мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін белгілі болады. Қосылу нүктесі - "Комсомол" АГРС. Газ құбырының ұзындығы-89,5 км. Жобаны іске асыру 1250-ден астам адамды арзан табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ырғыз ауданы Нұра ауылында (Белшер ауылы, Мамыр ауылы, Дүкен ауылы) жеткізуші және кентішілік газ құбырын салу. Жалпы құны-963,9 млн. теңге. Жоба 2022 жылдан бастап РБ-тен ОБ-пен қоса қаржыландырумен жүзеге асырылады. 2022 жылы РБ-тен 674,7 млн. теңге бөлінді, ОБ-тен 26,6 млн.тг. 2023 жылға 123,4 млн. теңге қажет. Жоба түзетуден өтуде. Бүгінгі күні мемлекеттік сараптамадан өтуде. Қымбаттау сомасы мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін белгілі болады. Қосылу нүктесі - Ырғыз АГРС. Газ құбырының ұзындығы-94,8 км. Жобаны іске асыру 810-нан астам адамды арзан табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Әлімбет ауылына жеткізуші және кентішілік газ құбырын салу (Түзету). Жалпы құны - 1 070,0 млн. теңге. Жоба 2021 жылдан бастап РБ-тен ОБ-пен қоса қаржыландырумен жүзеге асырылады. 2023 жылға дейін РБ-тен 673,7 млн. теңге бөлінді, ОБ-тен 209,7 млн.тг. 2023 жылға 79,0 млн. теңге қажет. Жоба түзетуден өтеді. Бүгінгі күні мемлекеттік сараптамадан өтуде. Қымбаттау сомасы мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін белгілі болады. Қосылу нүктесі - Қарғалы ауданы, Жосалы ауылындағы қолданыстағы газ құбыры. Газ құбырының ұзындығы-57,7 км. Жобаны іске асыру 1000-нан астам адамды арзан табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылында жеткізуші және кентішілік газ құбырын салу. Жобаның жалпы құны - 1 832,8 млн. теңге. Жобаны іске асыру 2022 жылы басталды. 2022 жылы РБ-тен 116,4 млн. теңге бөлінді, ОБ-тен 366,5 млн.тг. РБ - тен 1 101,2 млн.теңге қолдау тапты. Жобаны аяқтауға қаржыландыру паритетіне сәйкес 155,2 млн.теңге қажет.Қосылу нүктесі - Мұғалжар ауданы Ембі ауылындағы қолданыстағы газ құбыры. Газ құбырының ұзындығы-59,9 км. Жобаны іске асыру 2000-нан астам адамды арзан табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Темір ауданы Еңбекші ауылында жеткізуші және кентішілік газ құбырын салу. Жобаның жалпы құны-406,1 млн. теңге. Жобаны іске асыру 2022 жылы басталды. 2022 жылы РБ-тен 269,7 млн. теңге бөлінді, ОБ-тен 35,0 млн.тг. Жобаны аяқтауға 80,5 млн. теңге қажет. Қосылу нүктесі - Темір ауданының Ақсай ауылындағы қолданыстағы газ құбыры. Газ құбырының ұзындығы-26,4 км. Жобаны іске асыру 530-дан астам адамды арзан табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Хромтау ауданы Құдықсай ауылында жеткізуші және орамішілік газ құбырын салу. Жобаның жалпы құны-465,5 млн. теңге. Жобаны іске асыру 2022 жылы басталды. 2022 жылы РБ-тен 309,2 млн. теңге бөлінді, ОБ-тен 111,2 млн.тг. Жобаны аяқтауға 21,3 млн. теңге қажет. Ауылдың даму әлеуеті орташа. Қосылу нүктесі - Хромтау ауданының Қопа ауылы қолданыстағы газ құбыры. Жобаны іске асыру 280-ден астам адамды арзан табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Газ құбырының ұзындығы-33,8 км.
Жаңа жобалар:
Ақтөбе қаласында магистральдық газ құбырын бұрудың 3 желісін салу. Жобаның жалпы құны – 43,1 млрд.теңге. Бұл жоба РБ-ке 20,0 млрд. теңгеге ұсынылды. Алайда, жобаны іске асыру үшін РБ-тен қазіргі таңда алдын ала ақпараттарға сәйкес 3,9 млрд.теңгеге қолдау тапты. ОБ-тен 1,0 млрд.теңге қажет. Жобаны іске асыру Ақтөбе қаласын, жақын маңдағы елді мекендерді, сондай-ақ өнеркәсіптік және әлеуметтік объектілерді үздіксіз газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қосылу нүктесі - Хромтау ауданы Богетсай ауылының ауданындағы "Бұхара-Орал" МГ газ құбыры.
Әйтеке би ауданы Сұлукөл ауылына(Ақтасты, Толыбай, Айке, Тереңсай) газ құбырын салу. Жобаның жалпы құны - 2 413,0 млн. теңге. Бұл жоба РБ-ке 1,9 млрд.теңгеге ұсынылды. Алайда, жобаны іске асыру үшін РБ-тен қазіргі таңда алдын ала ақпараттарға сәйкес 500,0 млн.теңгеге қолдау тапты. ОБ-тен 482,6 млн.теңге қажет. Жоба 629 адамды табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қосылу нүктесі - Әйтеке би ауданы Құмкұдық ауылына жеткізуші газ құбыры. Газ құбырының ұзындығы-80,08 км.
Ойыл ауданы Қаракемер, Ақшатау, Шикұдық, Кемер, Ақкемер ауылдарына жеткізуші газ құбырын салу. Жобаның жалпы құны-3 264,3 млн.теңге. Бұл жоба РБ-ке 1,3 млрд.теңгеге ұсынылды. Алайда, жобаны іске асыру үшін РБ-тен қазіргі таңда алдын ала ақпараттарға сәйкес 500,0 млн.теңгеге қолдау тапты. ОБ-тен 326,4 млн.теңге қажет. Жоба 2586 адамды табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. АЕМ даму әлеуеті - орташа. Қосылу нүктесі-Ойыл ауданының Ойыл ауылына жеткізуші газ құбыры. Ұзындығы -104,3 км.
Ырғыз ауданы Аманкөл ауылында кентішілік газ құбырын салу. Жобаның жалпы құны - 54,5 млн. теңге. РБ-тен 2023 жылға 43,6 млн. теңге қолдау тапты. Жобаны қоса қаржыландыру мақсатында ОБ-тен 10,9 млн.теңге қажет. Жоба 592 адамды табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қосылу нүктесі - Ырғыз ауданының Құтикөл ауылындағы қолданыстағы газ құбыры. Ұзындығы-6,2 км.
Мәртөк ауданы Байтұрасай ауылында кентішілік газ құбырын салу. Жобаның жалпы құны-93,5 млн. теңге. РБ-тен 2023 жылға 74,8 млн. теңге қолдау тапты. Жобаны қоса қаржыландыру мақсатында ОБ-тен 18,7 млн.теңге қажет. Жоба 431 адамды табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қосылу нүктесі - Мәртөк ауданы Қаратаусай және Байтұрасай ауылдарына жеткізуші газ құбыры. Ұзындығы-7,7 км.
Мәртөк ауданы Қаратаусай ауылында кентішілік газ құбырын салу. Жобаның жалпы құны-85,8 млн. теңге. РБ-тен 2023 жылға 68,7 млн. теңге қолдау тапты. Жобаны қоса қаржыландыру мақсатында ОБ-тен 17,2 млн.теңге қажет. Жоба 418 адамды табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қосылу нүктесі - Мәртөк ауданы Қаратаусай және Байтұрасай ауылдарына жеткізуші газ құбыры. Ұзындығы-6 км.
Ойыл ауданы Екпетал ауылында жеткізуші және кентішілік газ құбырын салу. Жобаның жалпы құны-62,7 млн. теңге. Жобаны іске асыру үшін 62,7 млн. теңге қажет. Жоба 423 адамды табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. АЕМ даму әлеуеті, орташа, спутниктік. Ұзындығы-4 км. Қосылу нүктесі - Ойыл ауданының Ойыл ауылына жеткізуші газ құбыры.
Сонымен қатар, 2024 жылға ОБ - тен 4 жобаны іске асыру үшін 340,6 млн. теңге қарастыру қажет:
Ырғыз ауданы Жарма ауылында жеткізуші және кентішілік газ құбырын салу. Жобаның жалпы құны-374,6 млн.теңге. Жобаны іске асыру үшін 2024 жылы ОБ-тен 74,9 млн. теңге қажет. Жобаны іске асыру 332 адамды және 4 әлеуметтік нысанды арзан табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қосылу нүктесі - Ырғыз ауданы Құтикөл ауылына жеткізуші газ құбыры. Ұзындығы -14,9 км.
Мәртөк ауданының Ақмоласай, Байнассай (Новомихайловка) ауылдарында жеткізуші және кентішілік газ құбырын салу. Жобаның жалпы құны-448,1 млн. теңге. Жобаны іске асыру үшін 2024 жылы 89,6 млн. теңге қажет. Жобаны іске асыру Ақмоласай, Байнассай ауылдарының 621 тұрғынын газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қосылу нүктесі-Қобда ауданы Бестау ауылына жеткізуші газ құбыры. Ұзындығы-53,8 км.
Ойыл ауданы Көптоғай ауылында жеткізуші және кентішілік газ құбырын салу. Жобаның жалпы құны-241,9 млн.теңге. Жобаны іске асыру үшін 2024 жылы 48,4 млн. теңге қажет. Жобаны іске асыру Көптоғай ауылының 1369 тұрғынын газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қосылу нүктесі - Ойыл ауданының Қаратал ауылына жеткізуші газ құбыры. Ұзындығы-25,2 км.
Ойыл ауданы Амангелді ауылында жеткізуші және кентішілік газ құбырын салу. Жобаның жалпы құны-638,2 млн. теңге. Жобаны іске асыру үшін 2024 жылы 127,7 млн.теңге қажет. Жобаны іске асыру Амангелді ауылының 800 тұрғынын газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қосылу нүктесі - Ойыл ауданының Қаратал ауылындағы қолданыстағы газ құбыры. Ұзындығы-30,8 км.
"Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне коммуналдық шаруашылықты дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері " 279 114 015 бағдарламасы бойынша 2023 жылға 1,9 млрд.теңге қарастырылған.
Облыс бойынша 323 елді мекен бар, оның 263 – і немесе 81,4% - ы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген.
2023 жылға арналған сумен жабдықтау жүйелерін дамытуға 28 жобаны іске асыруға 3,2 млрд. теңге қарастырылған, бұл 8 мыңнан астам адамды немесе 15 АЕМ сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жобалар 2022 жылы "Нұр Отан" партиясының сайлауалды бағдарламасында қарастырылған. 2023 жылы осыған байланысты жобалардың жалпы құнының 20% мөлшерінде жобаларды қоса қаржыландыруды көздеу қажет. Бұл келесі жобалар:
Ауыспалы жобалар:
Шалқар ауданы 1030 км, Көпмола стансасы,Кеңдала бекеті және Жылан стансаларының су желілерін реконструкциялау. Шарттық құны-832,9 млн.теңге. Жоба 2021 жылы басталды. 2023 жылға дейін РБ-тен 150,2 млн. теңге бөлінді, ОБ-тен 23,7 млн.тг. Жобаны аяқтау үшін РБ-ке 2023 жылы ұсынылатын болады. Объектіде ҚМЖ жалғастыруға 142,9 млн. теңге қажет. Бұл жобаны іске асыру 551 адамды үздіксіз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Хромтау ауданы Көктөбе ауылдық округінің Майтөбе ауылында су құбыры желілерін салу. Шарттық құны-447,4 млн.теңге. Жобаны бастауға 2022 жылы РБ есебінен 377,1 млн. теңге бөлінді. Жобаны аяқтауға 89,5 млн. теңге қажет. Бұл жобаны іске асыру 434 адамды үздіксіз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Хромтау ауданы Ақжар ауылдық округінің Жазық ауылында сумен жабдықтау жүйесінің жеткізуші желілері мен құрылыстарын салу. Шарттық құны - 202,9 млн. теңге. Жобаны бастауға 2022 жылы РБ есебінен 171,1 млн. теңге бөлінді. Жобаны аяқтауға 40,6 млн. теңге қажет. Бұл жобаны іске асыру 313 адамды үздіксіз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Темір ауданы Еңбекші ауылында су құбыры желілерін салу. Шарттық құны - 289,1 млн.теңге. Жобаны бастауға 2022 жылы РБ есебінен 103,9 млн. теңге бөлінді. 2023 жылға РБ-тен 127,4 млн. теңгеге қолдау тапты. Жобаны аяқтауға 57,8 млн. теңге қажет. Бүгінгі таңда ауыл тұрғындары шахта құдықтарынан ауыз суды тұтынуда. Жоба 423 адамды сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Байғанин ауданы Дияр ауылында сумен жабдықтау объектілерін салу. Шарттық құны -368,9 млн. теңге. Жобаны бастауға 2022 жылы РБ есебінен 311,0 млн.теңге бөлінді, ОБ-тен 21,2 млн.тг. Жобаны аяқтауға 52,6 млн. теңге қажет. Бүгінгі таңда ауыл тұрғындары шахта құдықтарынан ауыз суды тұтынуда. Жоба 294 адамды сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Байғанин ауданы Қопа ауылында сумен жабдықтау объектілерін салу. Шарттық құны - 224,3 млн. теңге. Жобаны бастауға 2022 жылы РБ есебінен 110,2 млн.теңге бөлінді, ОБ-тен 26,0 млн.тг. Жобаны жалғастыру үшін 88,1 млн. теңге қажет. Бүгінгі таңда ауыл тұрғындары шахта құдықтарынан ауыз суды тұтынуда. Жоба 287 адамды сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Байғанин ауданы Жаңатан ауылында сумен жабдықтау объектілерін салу. Шарттық құны – 382,4 млн. теңге. Жобаны бастауға 2022 жылы РБ есебінен 322,3 млн. теңге бөлінді, ОБ-тен 22,0 млн.теңге. Жобаны аяқтауға 54,4 млн. теңге қажет. Жоба 543 адамды сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Байғанин ауданы Баршақұм ауылында сумен жабдықтау объектілерін салу. Шарттық құны – 295,2 млн. теңге. Жобаны бастауға 2022 жылы РБ есебінен 248,8 млн. теңге бөлінді. Жобаны аяқтауға 59,1 мың теңге қажет. Жоба 268 адамды сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қобда ауданы Жарсай ауылында су құбыры желілерін салу. Шарттық құны- 329,8 млн. теңге. Жобаны бастауға 2022 жылы РБ есебінен 313,3 млн. теңге бөлінді, ОБ-тен 4,7 млн. теңге. Жобаны аяқтауға 61,2 млн.теңге қажет. Жоба 550 адамды сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қарғалы ауданы Бадамша ауылындағы Әбілқайырхан, Үкібаев көшелеріндегі жылу желілерін қайта жаңарту. Құны-239,7 млн. теңге. 2022 жылы ҚМЖ жүргізуге мердігерлік ұйым анықталды. Бұл жоба "Ауыл-ел бесігі" бағдарламасы аясында РБ-ке ұсынылды, алайда қолдау таппады, жоба РБ-ке нақтылауға ұсынылады. Жобаны іске асыруға 24,0 млн.теңге қажет. Бұл жобаны іске асыру Бадамша ауылының тұрғындарын үздіксіз жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қарғалы ауданы Бадамша ауылындағы Әйтеке би көшесіндегі жылу желілерін қайта жаңарту. Құны – 129,7 млн.теңге. Бұл жоба "Ауыл-ел бесігі" бағдарламасы аясында РБ-ке ұсынылды, алайда қолдау таппады, жоба РБ-ке нақтылауға ұсынылады. Жобаны іске асыруға 13,0 млн.теңге қажет. Бұл жобаны іске асыру Бадамша ауылының тұрғындарын үздіксіз жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Келесі жобалар бойынша ЖСҚ әзірлеуді аяқтауға келесі жобалар бойынша барлығы 67,0 млн. теңге қажет:
"Құндақтықыр су қабылдағышының сорғы станциясынан Моисеев су қабылдағышын салу" жобасына 32,4 млн.теңге (шарттық құны - 64,7 млн.тг., 2022 жылы 32,3 млн.тг. бөлінді);
"Сарыбұлақ су қабылдағышын 1-ші және 2-ші көтергіш сорғы станцияларымен Құндақтықыр су қабылдағышы станциясына дейін су құбырларымен салу" жобасына 18,6 млн. теңге (шарттық құны – 37,2 млн.тг., 2022 жылы 18,6 млн.тг. бөлінді);
"Шалқар ауданының Шалқар қаласында кәріз-тазарту құрылысын салу" жобасына 3,5 млн.теңге (шарттық құны – 31,3 млн.тг., 2022 жылы 27,7 млн.тг. бөлінді);
"Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылында кәріз-тазарту құрылыстарын салу" жобасына 1,7 млн.теңге (шарттық құны – 17,1 млн.тг., 2022 жылы 15,4 млн.тг. бөлінді);
"Темир ауданы Шұбарқұдық ауылында кәріз-тазарту құрылыстарын салу" жобасына 10,8 млн.теңге (шарттық құны – 21,7 млн.тг., 2022 жылы 10,8 млн.тг. бөлінді).
Жаңа жобалар:
Ақтөбе қаласындағы "Шилісай 1,2" тұрғын алабының сумен жабдықтау желілерін салу және НС-ІІ көтеру сорғы станциясын салу. Жобаның жалпы құны – 1,6 млрд. теңге. Бұл жоба РБ-ке 1,0 млрд. теңге сомасында ұсынылды. Алайда, жобаны іске асыру үшін РБ-тен қазіргі таңда алдын ала ақпараттарға сәйкес 565,6 млн.теңгеге қолдау тапты. ОБ-тен 325,2 млн.теңге қажет. Массив тұрғындары ұңғымалардан техникалық суды тұтынуға мәжбүр. Бұл жобаны іске асыру 423 адамды үздіксіз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ақтөбе қ. Жоғарғы Қарғалы су жинағышынан бастап Төменгі Қарғалы су жинағышының 2-ші көтеріліміне дейін су таратқышты реконструкциялау. Жобаның жалпы құны – 6,1 млрд. теңге. Бұл жоба РБ-ке 2,5 млрд. теңге сомасында ұсынылды. Алайда, жобаны іске асыру үшін РБ-тен қазіргі таңда алдын ала ақпараттарға сәйкес 1,0 млрд.теңгеге қолдау тапты. ОБ-тен 307,2 млн.теңге қажет. Бұл жобаны іске асыру Ақтөбе қаласын сумен жабдықтауды тұрақтандыруға мүмкіндік береді.
Әйтеке би ауданы Аққұм ауылында су құбыры желілерін салу. Жалпы құны-293,2 млн. теңге. РБ-тен 2023 жылға 234,6 млн. теңгеге қолдау тапты. Жобаны қоса қаржыландыру мақсатында ОБ-тен 58,7 млн.теңге қажет.Бүгінгі таңда ауыл тұрғындары шахта құдықтарынан ауыз суды тұтынуда. Жоба 289 адамды сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Әйтеке би ауданы Ұлғайсын ауылында су құбыры желілерін салу. Жалпы құны - 261,7 млн. теңге. РБ-тен 2023 жылға 209,3 млн. теңгеге қолдау тапты. Жобаны қоса қаржыландыру мақсатында ОБ-тен 52,3 млн.теңге қажет. Бүгінгі таңда ауыл тұрғындары шахта құдықтарынан ауыз суды тұтынуда. Жоба 440 адамды сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Алға ауданы Көктоғай ауылын сумен жабдықтау объектілерін салу. Жалпы құны-536,0 млн. теңге. РБ-тен 2023 жылға 428,8 млн. теңгеге қолдау тапты. Жобаны қоса қаржыландыру мақсатында ОБ-тен 107,2 млн.теңге қажет. Жобаны іске асыру Көктоғай ауылының 355 тұрғынын сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Алға ауданы Тікқайын ауылын сумен жабдықтау объектілерін салу. Жалпы құны-460,6 млн. теңге. РБ-тен 2023 жылға 368,5 млн. теңге қолдау тапты. Жобаны қоса қаржыландыру мақсатында ОБ-тен 92,1 млн.теңге қажет. Жобаны іске асыру Тікқайын ауылының 355 тұрғынын сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Алға ауданы Қайындысай ауылын сумен жабдықтау объектілерін салу. Жалпы құны-740,7 млн. теңге.РБ-тен 2023 жылға 592,6 млн. теңгеге қолдау тапты. Жобаны қоса қаржыландыру мақсатында ОБ-тен 148,2 млн.теңге қажет. Жобаны іске асыру Қайындысай ауылының 2653 тұрғынын сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылындағы Темірбек Жүргенов көшесі, 67в орналасқан су мұнараларын қайта жаңарту. Жобаның жалпы құны-86,4 млн. теңге. Жобаны іске асыру үшін 86,4 млн.теңге қажет. Мұнараларды қайта құру тұрақты сумен жабдықтауға мүмкіндік береді және ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартады. Бұл жобаны іске асыру Ырғыз ауылының тұрғындарын үздіксіз орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылында ауданы 100 м3 су қысымы мұнарасын қайта жаңарту. Жобаның жалпы құны- 50,2 млн. теңге. Жобаны іске асыру үшін 50,2 млн.теңге қажет. Мұнараларды қайта құру тұрақты сумен жабдықтауға мүмкіндік береді және ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартады. Бұл жобаны іске асыру Қарауылкелді ауылының тұрғындарын үздіксіз орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Хромтау ауданы Көктау ауылында су құбыры желілерін салу. Жобаның жалпы құны 628,2 млн. тг. Жобаны іске асыру үшін ОБ 62,8 млн. теңге қажет. "Ауыл - ел бесігі" жобасы бойынша іске асыру жоспарлануда. Бұл бағдарлама шеңберінде жобаны іске асыру 2416 адамды үздіксіз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы,Өңдірістік аймақ, №16 «В» құрылым мекен-жайында №7 кәріз сорғы станциясынан(КНС) №2 кәріз сорғы станциясына дейінгі ұзындығы - 850м., Ø 200 , №2 кәріз сорғы станциясынан №3 кәріз сорғы станциясына дейінгі ұзындығы - 1300 м., Ø 300 мм аралықта қысымды кәріз коллекторларының құрылысы және №2 кәріз сорғы станциясында көлемі 150м3 болатын ағынды суоарға арналған қосымша жер асты қабылдау резервуарының құрылысы. Жобаның жалпы құны-166,5 млн. тг. Жобаны іске асыру үшін ОБ-тен 166,5 млн. теңге қажет. Ұзындығы-2,1 км. Құрылысты орындаудың тікелей нәтижесі Қандыағаш қаласының ағындарын үздіксіз қабылдау болып табылады.
Ақтөбе қаласында көше жарықтандыру желілерін салу, жаңғырту және пайдалану. Жобаның шарттық құны 5,5 млрд. теңге. Жобаның басталуына 2022 жылы қалалық бюджеттен 352,0 млн. теңге бөлінді. 2023 жылы жобаны жалғастыруға ОБ-тен 1,0 млрд.теңге қажет.
279 032 000 «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру құнын субсидиялау» бағдарламасы бойынша 2023 жылға 281,8 млн. теңге қажет.
Коммуналдық қызметтер бойынша шығыстарды үнемдеу үшін халықты мемлекеттік қолдау мақсатында су беру құнын субсидиялау түріндегі өтемақы тетігі пайдаланылады.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 27 шілдедегі № 394 бұйрығымен ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларының жаңа редакциясы қабылданды. Субсидиялау қағидаларының жаңа редакциясында халыққа берілетін ауыз судың 1 текше метріне ақы төлеу бөлігінде өзгерістер енгізілді.
Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым үшін сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауыз судың 1 (бір) текше метріне бөлінетін субсидиялардың мөлшері:
табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті органның аумақтық департаменті бекіткен сумен жабдықтау қызметтерінің тарифі мен Су Кодексінің 37-1-бабының 8-9) тармақшасына сәйкес сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және жергілікті жүйелерінен халыққа берілген ауыз судың бір текше метрі үшін төлемақының мөлшерін есептеуге бекітілген Әдістемесіне сәйкес сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауыз судың 1 (бір) текше метр үшін халықтың төлейтін төлем мөлшері арасындағы айырмашылық.
2023 жылы ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау үшін 281 787,0 мың теңге сомасында қаражат көзделген, оның ішінде: Әйтеке би ауданы – 22,4 млн. теңге, Байғанин ауданы – 4,3 млн. теңге, Ырғыз ауданы – 13,0 млн. теңге, Мәртөк ауданы – 59,6 млн. теңге, Мұғалжар ауданы – 114,0 млн. теңге, Қарғалы ауданы – 3,8 млн. теңге. теңге, Қобда ауданы – 9,0 млн.теңге, Алға ауданы – 32,0 млн. теңге, Темір ауданы – 15,3 мың теңге, Ойыл ауданы - 8,3 млн. теңге.
Бұл шығыстар су ресурстарын коммерциялық мүдделерге пайдалануды қоспағанда, ауыз су беру жөніндегі сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және жергілікті жүйелеріне қызмет көрсететін су берушілерге өз мұқтаждарын қанағаттандыру үшін шығындарды толық немесе ішінара өтеуге (қызметтер құнын арзандатуға) бағытталатын болады.
Тікелей нәтиже көрсеткіштері: халықты ауыз су беру қызметі бойынша арзандатылған тарифтермен қамтамасыз ету.
Түпкілікті нәтиже: 137,7 мың адам саны бар 42 елді мекеннің халқын таза ауыз сумен қамтамасыз ету болып табылады.
"Елді мекендерді шаруашылық - ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына іздестіру-барлау жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу" 279 081 015 бағдарламасы бойынша 2023 жылға 1,1 млрд.теңге қажет.
Ауыспалы жобалар:
Ақтөбе облысының 7 ауылын жер асты суларымен қамтамасыз ету үшін іздестіру-барлау жұмыстары, оның ішінде: Ясный-2, Энергетик, Ақжар, Ақжар-2, Ақжар плюс, к.Нокина, Белогорск карьері. Жалпы құны-251,8 млн. теңге. Жұмыстар 2022 жылы басталды. 2022 жылы ОБ-тен 7,7 млн.теңге бөлінді. Жобаны жалғастыруға 121,8 млн. теңге қажет.
Ақтөбе облысының 4 т/м жер асты суларының қорымен қамтамасыз ету үшін іздестіру-барлау жұмыстары, оның ішінде: Рауан-2, Шығыс-1, Жаңаауыл-1,2 және Богословка ауылы (Үшқұдық),Ақшат-2,3. Жалпы құны-1,2 млрд. теңге. Жұмыстар 2022 жылы басталды. 2022 жылы ОБ-тен 239,2 млн.теңге бөлінді. Жобаны жалғастыруға 642,3 млн. теңге қажет.
Ақтөбе қаласындағы Ақшат-1 учаскесінің жер асты суларының қорларын қайта бағалау мақсатында жете барлау. Шарттық құны-61,9 млн. теңге. Жұмыстар 2022 жылы басталды. 2022 жылы ОБ-тен 30,0 млн.теңге бөлінді. Жобаны аяқтауға 31,9 млн. теңге қажет.
Алға ауданы Бестамақ учаскесінің жер асты суларының қорларын қайта бағалау мақсатында жете барлау. Жалпы құны - 144,6 млн. теңге. Жұмыстар 2022 жылы басталды. 2022 жылы ОБ-тен 20,0 млн.теңге бөлінді. Жобаны аяқтауға 124,7 млн. теңге қажет.
Алға ауданы Қарақұдық учаскесінің жер асты суларының қорларын қайта бағалау мақсатында жете барлау. Жалпы құны-92,9 млн. теңге. Жұмыстар 2022 жылы басталды. 2022 жылы ОБ-тен 3,3 млн.теңге бөлінді. Жобаны жалғастыруға 42,9 млн. теңге қажет.
Мәртөк ауданы Кенсахара учаскесінің жер асты суларының қорларын қайта бағалау мақсатында жете барлау. Жалпы құны - 112,5 млн. теңге. Жұмыстар 2022 жылы басталды. 2022 жылы ОБ-тен 8,9 млн.теңге бөлінді. Жобаны аяқтауға 62,5 млн. теңге қажет.
Мәртөк ауданы Хазірет учаскесінің жер асты суларының қорларын қайта бағалау мақсатында жете барлау. Шарттық құны-26,0 млн. теңге. Жұмыстар 2022 жылы басталды. 2022 жылы ОБ-тен 13,0 млн.теңге бөлінді. Жобаны аяқтауға 13,0 млн. теңге қажет.
Алға ауданы Бесқоспа учаскесінің жер асты суларының қорларын қайта бағалау мақсатында жете барлау. Жалпы құны-69,4 млн. теңге. Жұмыстар 2022 жылы басталды. 2022 жылы ОБ-тен 2,2 млн.теңге бөлінді. Жобаны жалғастыруға 39,9 млн. теңге қажет.
Алға ауданы Қарахобда учаскесінің жер асты суларының қорларын қайта бағалау мақсатында жете барлау. Шарттық құны – 19,2 млн. теңге. Жұмыстар 2022 жылы басталды. 2022 жылы ОБ-тен 6,0 млн.теңге бөлінді. Жобаны аяқтауға 13,2 млн. теңге қажет.
Қобда ауданы Бегалы учаскесінің жер асты суларының қорларын қайта бағалау мақсатында жете барлау. Шарттық құны-23,4 млн. теңге. Жұмыстар 2022 жылы басталды. 2022 жылы ОБ-тен 10,5 млн.теңге бөлінді. Жобаны аяқтауға 12,9 млн. теңге қажет.
Мұғалжар ауданы Жұрын ауылының жер асты суларының қорларымен қамтамасыз ету үшін іздестіру-барлау жұмыстарына ЖСҚ әзірлеу. Жалпы құны - 4,3 млн. теңге. 2022 жылы мердігерлік ұйымды айқындау мақсатында 10,0 мың теңге бөлінді. ЖСҚ әзірлеуді аяқтау үшін 4,3 млн.теңге қажет.
Ырғыз ауданы Құтикөл ауылының жер асты суларының қорларымен қамтамасыз ету үшін іздестіру-барлау жұмыстарына ЖСҚ әзірлеу. Жалпы құны-4,5 млн. теңге. 2022 жылы мердігерлік ұйымды айқындау мақсатында 10,0 мың теңге бөлінді. ЖСҚ әзірлеуді аяқтау үшін 4,5 млн.теңге қажет.
Тікелей нәтиже: жер асты суларының қорларын белгіленген көлемде анықтау және бағалау.
Түпкі нәтиже: халықты ауыз судың қажетті мөлшерімен қамтамасыз ету.
279 054 000 «Жеке тұрғын үй қорында жалға берілетін тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер» бағдарламасы бойынша 2023 жылға - 423 638,0 мың теңге қажет.
ҚР ИИДМ-нің 2022 жылғы 8 ақпандағы № 60 бұйрығымен бекітілген жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына сәйкес, ҚР тұрғын үй қатынастары туралы Заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қоюды және тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін растау кезінде азаматтар, санаттар бойынша:
1 және 2 топтағы мүгедектер;
мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған балалар;
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар көп балалы отбасылардың төлем алуға құқығы бар.
Төлемдер жеке тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалға (жалдауға) төлеу мақсатында төлемдерді алушыларға бюджет қаражаты есебінен төленетін өтеусіз негізде тағайындалатын өтемақы түріндегі мемлекеттік қолдау шарасы болады. Ереженің 17-тармағына сәйкес төлем қаражатын аудару «Отбасы банкі» АҚ жыл сайын жүзеге асырылады.
Тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтардың жалпы саны 34 697 құрайды, оның ішінде белгілі бір төрт санат бойынша әлеуетті төлем алушылар – 11 727 отбасы.
Ережеге сәйкес, жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін төлемдер бюджет қаражаты есебінен 50% және алушы 50% теңгерімді негізде жүзеге асырылады. Бұл ретте, бюджет қаражаты есебінен төленетін төлемнің республикалық бюджеттен 80% және жергілікті бюджеттен 20% шығыстарды құрайды.
Тікелей нәтиже: жергілікті атқарушы органның кезекте тұрғандар қатарындағы азаматтарды жеке тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалға (жалдауға) төлеу мақсатында өтеусіз негізде төлемдермен қамтамасыз ету.
Түпкілікті нәтиже: азаматтарды мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде кейіннен кредит беру үшін қайталама нарықта жалға берілетін тұрғын үй сомасының жартысын жинақтауға ықтимал ынталандыру.