«Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ азаматтық бюджеті (4-нақтылау 2022 жыл)

«Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-нің 2022-2024 жылдарға арналған шығыстарын ұлғайту бойынша
түсіндірме жазба.

             «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ бойынша облыстық бюджеттен 39 625,0 мың тг. қосымша қаражат қажет, оның ішінде:
«279 004 015"Елді мекендерді газдандыру"» бағдарламасы бойынша – 16 348,0 мың тг., оның ішінде:
1. «Мұғалжар ауданының Ащысай ауылында жеткізуші және кентішілік газ құбырын салу» ЖСҚ және МС әзірлеу - 2 185,0 мың теңге.
2. «Әйтеке би ауданының Қияқты, Ұлғайсын ауылдарына жеткізуші және кентішілік газ құбырын салу» ЖСҚ және МС әзірлеу - 2 560,0 мың теңге.
3. «Мәртөк ауданының Полтавка ауылында жеткізуші және кентішілік газ құбырын салу» ЖСҚ және МС әзірлеу - 1 804,0 мың теңге.
4. «Мәртөк ауданының Покровка ауылында жеткізуші және кентішілік газ құбырын салу» ЖСҚ және МС әзірлеу -1 578,0 мың теңге.
5. «Мәртөк ауданының Шевченко, Қызылжар, Борте ауылдарын газдандыру» ЖСҚ және МС әзірлеу - 3 781,0 мың теңге.
6. «Мәртөк ауданының Аққайың ауылында жеткізуші және кентішілік газ құбырын салу» ЖСҚ және МС әзірлеу -1 796,0 мың теңге.
7. «Алға ауданы Жерұйық ауылында жеткізуші және кентішілік газ құбырын салу» ЖСҚ және МС әзірлеу - 2 116,0 мың теңге.
8. «Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Хазірет ауылында жеткізуші кентішілік газ құбырын салуға» ЖСҚ және МС әзірлеу-528,0 мың теңге.
Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: газ ресурстарын ұтымды және тиімді пайдаланудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттыру. Ауылдық елді мекендерді газдандыру проблемаларын шешуге бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету.
Түпкілікті нәтиже: ілеспе газбен қамтамасыз ету.
Тікелей нәтиже: 8 ЖСҚ әзірленіп, ауылдарға жеткізуші және кентішілік газ құбырын салу бойынша МС жүргізілетін болады.
«279 071 "Газ тасымалдау жүйесін дамыту"» бағдарламасы бойынша 16 140,0 мың теңге., оның ішінде:
1. "Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Құмкұдық ауылында кентішілік газ құбырының құрылысы" жобасын аяқтау үшін - 11 704,0 мың теңге.
2. Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылына жеткізуші және кентішілік газ құбырын салу жобасы бойынша ауыл шаруашылығы шығындарын өтеуге - 971,0 мың теңге.
3. Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жарық ауылында жеткізуші және кентішілік газ құбырын салу жобасы бойынша ауыл шаруашылығы шығындарын өтеуге- 539,0 мың теңге.
4. Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Қаратаусай және Байтұрасай ауылдарына жеткізуші газ құбырын салу жобасы бойынша ауыл шаруашылығы шығындарын өтеуге- 1431,0 мың теңге.
5. Ақтөбе облысы Темір ауданы Еңбекші ауылында жеткізуші және кентішілік газ құбырын салу жобасы бойынша ауыл шаруашылығы шығындарын өтеуге- 406,0 мың теңге.
6. Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Аралтоғай ауылына жеткізуші және кентішілік газ құбырын салу жобасы бойынша ауыл шаруашылығы шығындарын өтеуге- 144,0 мың теңге.
7. Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Сарат ауылына жеткізуші және кентішілік газ құбырын салу жобасы бойынша ауыл шаруашылығы шығындарын өтеуге- 945,0 мың теңге.
Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: газ ресурстарын ұтымды және тиімді пайдаланудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттыру. Ауылдық елді мекендерді газдандыру проблемаларын шешуге бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету.
Түпкі нәтиже: ілеспе газбен қамтамасыз ету. Облыстың 323 елді мекенінен 162 ЕМ (50,1%) немесе 855,7 мыңнан астам адам немесе халықтың 94,4% газбен қамтамасыз етіледі.
Тікелей нәтиже: газбен жабдықтау жөніндегі жобаларды іске асыру, газбен жабдықтау жобалары бойынша ауыл шаруашылығы шығындарын өтеу.

           «279 114 015 "Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне коммуналдық шаруашылықты дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері"» бағдарламасы бойынша:
1. "М. Әуезов, Ш. Уәлиханов, Заготозернов көшелеріндегі Бадамша ауылы мен Қарғалы ауданының Кемпірсай станцияларындағы су құбыры желілерін реконструкциялау" жобасы бойынша (шарттық құны - 191 424,0 мың теңге, 2022 жылы 184 287,0 мың теңге бөлінді) аяқтау үшін 7 137,0 мың теңге қажет.
Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: сумен жабдықтау, су бұру,электрмен жабдықтау объектілерін салу және реконструкциялау.
Түпкілікті нәтиже: ауылдық елді мекендер халқының орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігін арттыру, халықтың өмір сүру деңгейін, өмір сүру сапасы мен тыныс-тіршілігін арттыру.
Тікелей нәтиже: су құбыры желілерінің жобасы қайта жаңартылады.

«Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ азаматтық бюджеті (4-нақтылау 2022 жыл)
Дата публикации
27 октября 2022