«Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық басқармасы» ММ азаматтық бюджеті
«Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ бойынша облыстық бюджеттен 448 548,0 мың тг. қарастырылған, оның ішінде:
"279-032 ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау" бағдарламасы бойынша - 137 947,0 мың теңге.
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2022 жылғы 8 маусымдағы № 140 "Ақтөбе облысында ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен халыққа берілген ауыз судың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы" шешімімен есепке алу аспабы бар тұтынушылар үшін тәулігіне 1 м3: 70 м3 су үшін төлемақы мөлшері бекітілді. Есепке алу аспабынсыз тұтынушылар үшін тәулігіне 80 м3. Бұл шешім 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енді.
Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 2-ші жартыжылдығына су беру қызметінің құнын субсидиялау үшін 137 947 мың теңге қажет. Қаражат бөлінген жағдайда 36 елді мекенде 119 мың адам арзандатылған ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
"279-081 елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына іздестіру-барлау жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу" бағдарламасы бойынша - 2 000,0 мың теңге.
1 000,0 мың тг. -Мұғалжар ауданы Журун ауылын жерасты су қорымен қамтамасыз ету үшін іздестіру-барлау жұмыстарына ЖСҚ әзірлеуге (Жаңа жоба. Игерудің жалпы құны - 4,3 млн.теңге. Жер асты суларының қорларын анықтау үшін ЖСҚ әзірлеу талап етіледі. Қажетті көлемі - тәулігіне 400 м3. ЖСҚ әзірлеуді бастауға 1,0 млн. теңге қажет.).
1 000,0 мың тг. -Ырғыз ауданы Кутиколь ауылын жер асты су қорымен қамтамасыз ету үшін іздестіру-барлау жұмыстарына ЖСҚ әзірлеуге (Жаңа жоба. Игерудің жалпы құны - 4,3 млн.теңге. Жер асты суларының қорларын анықтау үшін ЖСҚ әзірлеу талап етіледі. Қажетті көлемі - тәулігіне 350 м3. ЖСҚ әзірлеуді бастауға 1,0 млн. теңге қажет.)
"279-113" бағдарламасы бойынша төмен тұрған бюджеттерге ағымдағы нысаналы трансферттер – 16 999,0 мың теңге. - газбен жабдықтау объектілеріне техникалық қызмет көрсетуге ("Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 532-IV ҚР Заңына сәйкес, газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарының иелері олардың тиісті техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізуге немесе өздеріне тиесілі газ тасымалдау және газ тарату жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуге шарт жасасуға міндетті. Газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын оларға техникалық қызмет көрсетуге шарт жасаспай пайдалануға тыйым салынады. 2021 жылы Қобда ауданының Жарсай, Жаңаталап, Терісаққан ауылдарында техникалық қызмет көрсету талап етілетін газбен жабдықтау объектілері пайдалануға берілді. Сондай-ақ, биыл тағы 9 газбен жабдықтау нысанын пайдалануға беру жоспарлануда. Объектілерді ҚР бойынша бірыңғай оператордың теңгеріміне бергенге дейін техникалық қызмет көрсетуге қаражат талап етіледі (беру орта есеппен 1 жылды алады).
"279-071 газ тасымалдау жүйесін дамыту" бағдарламасы бойынша - 155 162,0 мың теңге. Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылындағы жеткізуші және кентішілік газ құбырының құрылысын жалғастыру. Түзету (Шарттық құны - 1,7 млрд.тг. Мердігер мекеме -"Әлия-Сервис" ЖШС (БҚО). 2022 жылы бөлінді: РБ-116,4 млн.тг., ЖБ-366,6 млн. тг. Жобаның қосылу нүктесі - Ембі қаласындағы қолданыстағы газ құбыры. Жобаны іске асыру нәтижесінде 1 898 адам табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады, сондай-ақ перспективада Шалқар ауданының Алабас, Сарсай, Біршоғыр ауылдарын 2 100 адам тұратын газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.).
"279-114-015 "бағдарламасы бойынша төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттері. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен " - 136 440,0 мың теңге.
67 981,0 мың теңге. - Мұғалжар ауданы Шенгелши ауылындағы су құбыры желілері мен имараттарының құрылысын аяқтауға (Келісім-шарттық құны-244,8 млн.тг. Мердігер мекеме - "СМУ ШЫҒЫС" ЖШС (ШҚО). 2022 жылға дейін игерілгені-1,4 млн.тг. 2022 жылы бөлінді: РБ-121,5 млн.тг. (игерілгені - 113,3 млн.тг.), ОБ-53,9 млн. (игерілгені - 25,2 млн.тг.).
33 959,0 мың теңге. - Мұғалжар ауданы Жарық ауылындағы су құбыры желілері мен имараттарының құрылысын аяқтауға (келісім-шарт құны-402,7 млн.тг. (Мердігер-"АСУ - К" ЖШС (Ақтөбе облысы) 2022 жылға дейін игерілді: РБ-236,6 млн.тг., ЖБ-46,3 млн. тг. 2022 жылы бөлінді: ЖБ-85,8 млн. тг.).
34 500,0 мың теңге. - Мұғалжар ауданы Басшилі ауылындағы су құбыры желілері мен имараттарының құрылысын аяқтауға (келісім-шарттық құны-384,8 млн.тг. Мердігер мекеме - "МОНОЛИТ" ЖШС (Алматы облысы). 2022 жылға дейін игерілгені: РБ-342,3 млн.тг., ЖБ-76,7 млн. тг.)