«Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық басқармасы» ММ азаматтық бюджеті
«Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ бойынша облыстық бюджеттен 100 970,0 мың тг. қарастырылған, оның ішінде:
«279-113-015 Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер» бағдарламасы бойынша – 89 707,0 мың тг., оның ішінде:
89 707,0 мың тг. - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ембі қаласындағы Б.Момышұлы көшесіндегі № 15 көп қабатты тұрғын үйді күрделі жөндеуге (Аяқтауға. Жоба 2021 ж. басталды. Жоба құны - 388,5 млн.тг. Бұрын игерілді - 198,8 млн.тг. 2022 ж. бөлінді - 100 млн.тг. Үй 1986 ж. салынған).
Бюджеттік бағдарлама мақсаты:
Газ құбырын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету, көп қабатты тұрғын үйлерде күрделі жөндеу жүргізу.
Тікелей нәтиже:
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ембі қаласындағы көп қабатты тұрғын үйді күрделі жөндеу.
Түпкілікті нәтиже:
«Күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесін 29,6%-дан 28,5%-ға төмендету».
«279-071-015 Газ тасымалдау жүйесін дамыту» бағдарламасы бойынша – 4 069,0 мың тг., оның ішінде:
858,0 мың тг. – Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қаратал ауылында жеткізуші және кентішілік газ құбыры құрылысына (Аяқтауға. Жоба құны - 457,8 млн.тг. Бұрын игерілді - 434,3 млн.тг. 2022 ж. ОБ-дан бөлінді - 22 млн.тг. Ауыл тұрғындар саны 540 адам. Желілердің жалпы ұзындығы 44,17 км. жобаны қосу нүктесі - Әйтеке би ауданы Ақкөл ауылына қолданыстағы газ құбыры.).
1 030,0 мың тг. - Ырғыз ауданы Шеңбертал ауылындағы кентішілік газ құбырының құрылысына (Атқарушылық жазбаға сәйкес техникалық қадағалау бойынша берешекті өтеу үшін).
1 600,0,0 мың тг. – Ырғыз ауданы Құрылыс ауылында кентішілік газ құбыры құрылысына (Атқарушылық жазбаға сәйкес техникалық қадағалау бойынша берешекті өтеу үшін).
581,0 мың тг. – Ырғыз ауданы Ақши ауылында кентішілік газ құбыры құрылысына (Атқарушылық жазбаға сәйкес техникалық қадағалау бойынша берешекті өтеу үшін).
Бюджеттік бағдарлама мақсаты:
Газ ресурстарын ұтымды және тиімді пайдаланудан әлеуметтік-экономикалық әсерді арттыру. Ауылдық елді мекендерді газдандыру проблемаларын шешудің бірыңғай тәсілін қамтамасыз ету.
Тікелей нәтиже:
Жоғарыда аталған жобаларды іске асыру нәтижесінде 2022 жылы 8 ауыл газбен қамтамасыз етілетін болады.
Түпкілікті нәтиже:
«АЕМ-де орталық газбен жабдықтауға қол жеткізуді қамтамасыз ету үлесі 45%-ды құрайтын болады».
«279-114-015 Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы даму трансферттері» бағдарламасы бойынша – 7 194,0 мың тг., оның ішінде:
7 194,0 мың тг. – Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Қаратоғай ауылы мекенжайы бойынша көше жарығы құрылысына (Жоба Ауыл - Ел Бесігі аясында жүзеге асырылуда. Жоба құны - 71,9 млн.тг. Ұлттық қордан бөлінді - 64,7 млн.тг. ОБ-дан қоса қаржыландыруды сақтау үшін - 7,2 млн.тг. қажет. Ауыл халқының саны - 1760 адам. Ауыл тірек болып табылады.).
Бюджеттік бағдарлама мақсаты:
Ауыл көшелерін жарықпен қамтамасыз ету.
Тікелей нәтиже:
Көшелерді жарықтандыру түнгі уақытта жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. Заманауи көшені жарықтандыру ауылдың сәулеттік келбетін жақсартады.
Түпкілікті нәтиже:
Жобада Қаратоғай ауылы елді мекенінің 1750 адам санымен 5 көшесін жарықтандыру қарастырылған. Ұзындығы 5,7 км.