Ақтөбе облысында ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы

Ақтөбе облысында ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Cу Кодексінің 38-бабына және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің
2021 жылғы 27 тамыздағы № 470 «Ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24170 болып тіркелген) сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Ақтөбе облысында ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшері бекітілсін:

1)   қосылған құн салығын ескере отырып, ауызсуды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін – 70 теңге;

2)   қосылған құн салығын ескере отырып, ауызсуды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін – 80 теңге.

  1. «Ақтөбе облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1)   осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2)   осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Ақтөбе облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Шешім
Дата публикации
13 мая 2022