Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 16 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 16 «Ақтөбе облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

 

         Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

       1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 16 «Ақтөбе облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде

№ 5763 тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

       көрсетілген қаулымен бекітілген Ақтөбе облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Қаулы
Дата публикации
15 апреля 2022