СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ
Бүгінде облыс бойынша халықтың 96,3%-ы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген.
Оның ішінде, 2020 жылдың басында 179 ауыл орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілсе, бүгінде 191 ауыл таза ауыз суға қол жеткізе алды.
Ағымдағы жылы сумен жабдықтаудың 28 жобасы іске асырып жатыр (8,4 млрд.теңге), бұл халықты орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділікті 869,3 мың адамға немесе 97,3%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, облыстың 11 ауылында сумен жабдықтау жобаларын іске асыру мақсатында 2022-2024 жылдарға республикалық бюджеттен 3 млрд.теңгеге қаржыландыруға облыс әкімдігімен бюджеттік өтінім берілді.
Бүгінгі таңда, облысымыздағы 600 адамнан асатын тұрғыны бар барлық елді мекендер орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Ал, 200 адамнан аз тұратын ауылдарды блокты – модульды қондырғылармен қамту жұмыстары жүріп жатыр. Биылдың өзінде осындай қондырғылар 13 ауылға қондырылады.
Бұдан басқа, бүгінде өзекті мәселелердің бірі - бұл Ақтөбе қаласын тұрақты және жеткілікті көлемде ауыз сумен қамтамасыз ету. Қазірдің өзінде Батыс-3, Жаңақоныс тұрғын массивтерінде судың тапшылығы байқалып отыр. Сонымен қатар, Ақтөбе қаласы тұтастай алғанда Құндақтықыр су қоры кенорнынан бір құбыр арқылы сумен қамтамасыз етілген. Бұл қазірдің өзінде үлкен тәуекелдерге әкеліп отыр. Ақпарат ретінде: Құндақтықыр су құбырының 1-тармағы 1989 жылы пайдалануға берілген (қала халқының саны 250 мың адам). Бүгінгі таңда қалада халық саны 512 мың адам құрайды.
Осыған байланысты, біз біршама күрделі және маңызды жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде ағымдағы жылдың соңына дейін Сарыбұлақ және Моисеев су кенорындарын іздестіру барлау жұмыстары аяқталады, сонымен қатар Құндақтықыр су станциясынан келетін су құбырының 2-ші желісін салу бойынша жобалық – сметалық құжаттамасының оң қорытындысы алынатын болады.
Аталмыш жұмыстар жүзеге асырылған соң, Ақтөбе қаласына және жаңа тұрғын үй алаптарына тәулігіне қосымша 66,5 мың м3 су берілетін болады және облыс орталығының сумен қамту қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.
ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУ
Бүгінгі таңда, 819 мыңнан астам ақтөбеліктер немесе облыс халқының 91,6% газбен қамтамасыз етілген. Республика деңгейінде қарайтын болсақ, облысымыз газбен қамтылу бойынша 5 орында.
Ағымдағы жылы газ желілеріне тағы да 8,6 мыңнан астам адамды қамтитын 14 елді мекен қосылады. Ауылдардың тізімі слайдта көрсетілген. Бұл тұрғындардың 92,6%-ын газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
*** Анықтама үшін: Әйтеке би ауданының Аралтоғай, Белқопа ауылдары, Алға ауданының Амангелді ауылы, Ырғыз ауданының Ақши, Құрылыс, Шеңбертал ауылдары, Қарғалы ауданының Ащылысай ауылы, Мәртөк ауданының Веренка, Вознесеновка ауылдары, Мұғалжар ауданының Жұрын, Елек ауылдары, Қобда ауданының Сарыбұлақ ауылы, Хромтау ауданының Тасөткел және Ақбұлақ ауылдары.
Бұған қоса, бүгінде газдандыру жұмыстарын одан әрі жалғастыру үшін 7 нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.
*** Анықтама үшін: Әйтеке би ауданының Сарат, Үшқатты ауылдары, Ырғыз ауданының Нұра ауылы, Темір ауданының Еңбекші, Алтықарасу ауылдары, Мұғалжар ауданының Мұғалжар және Жарық ауылдары.
Жобаларды қаржыландыру үшін министрліктермен бірге республикалық бюджетті қалыптастыру аясында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.