2020 жылғы 7 қаңтардан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді.
Қабылданған Заң аясында басқарудың тек екі нысаны қарастырылған:
Бір іргетаста орналасқан не үйге ортақ бірыңғай инженерлік жүйелері бар көппәтерлі тұрғын үйлердегі пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері әрбір көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің жалпы санының үштен екісінен астамының келісімі бойынша бір ММИБ немесе ЖС құруға құқылы.
Ақтөбе облысындағы көпқабатты тұрғын үйлердің саны 2 526 бірлікті құрайды. 2 301 тұрғын үй бойынша кондоминиум объектілерін басқарудың жаңа нысандарын құру үшін тиісті жұмыстар атқарылуда. Тұрғын үй заңнамасына енгізілген өзгерістерді түсіндіру бойынша жиналыстар күн сайын өткізіледі.
Анықтама ретінде: 225 үй ауысуға жатпайды, оның ішінде
60 – коммуналдық меншікте, 24 – авариялық жағдайда, 118 – меншік иелерінің саны басқарудың жаңа нысанын жасауға мүмкіндік бермейді, 23 – ортақ коммуникациялар жоқ.
Бүгінгі күні облыс бойынша 55 мүлік иелерінің бірлестігі, 492 жай серіктестік құрылды (жалпы 547 жаңа нысан).
ҮИК( ПИК), ҮИТК(ПИТК), ТК өз қызметін 2022 жылғы 1 шілдеге дейін жүзеге асыра алады.
Қызмет көрсету мерзімі аяқталғаннан кейін ҮИК( ПИК), ҮИТК(ПИТК), ТК акт бойынша КПТҮ кеңесіне барлық қолда бар техникалық, қаржылық және өзге де құжаттарды беруі және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен таратуды жүргізуі тиіс.