ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫН ЖАҢҒЫРТУ

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫН ЖАҢҒЫРТУ

Облыс бойынша көппәтерлі тұрғын үйлердің жалпы саны 2 782 бірлікті құрайды. Оның ішінде 440 үй (15,8%) күрделі жөндеуді қажет етеді. Көппәтерлі тұрғын үйлердің жағдайын жақсарту мақсатында қазіргі таңда бюджеттік кредиттеу тетігі арқылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бағдарламаның бірыңғай операторы – «Ақтөбе» ӘКК» АҚ. Көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналыста мемлекеттік, оның ішінде бюджеттік кредит түрінде бөлінген бюджет есебінен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге, лифттерді жөндеуге (ауыстыруға) қатысу туралы шешім қабылдайды.

Бұл ретте, жиналыс пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының жартысынан астамы болған кезде шешім қабылдауға құқылы. Шешім пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының көпшілігі келіскен кезде қабылданады.

2024–2025 жылдары көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеу бойынша 72 жобаны (оның ішінде 50 көппәтерлі тұрғын үй және 36 лифт) іске асыруға республикалық (1,4 млрд теңге) және облыстық (4,3 млрд теңге) бюджеттерден 5,7 млрд теңге бөлінді. Бүгінгі таңда 38 жоба бойынша жұмыстар аяқталды (24 көппәтерлі тұрғын үй және 25 лифт), қалған жобалар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың басынан облыстық бюджет қаражаты есебінен көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеу бойынша жалпы сомасы 676,7 млн теңгені құрайтын 5 жоба қаржыландыруға қолдау тапты.

ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІ БОЙЫНША

2025 жылдың 25 мамырынан тұрғын үй заңнамасы өзгеріп тұрғын үй кезегін жүргізу, тұрғын үй беру құзыреті «Отбасы банк» АҚ берілді. Тұрғын үйді салу, сатып алу, тұрғын үйді шалдау шартын жасасу және жекешелердіру сұрақтарды ЖАО-ның құзыретінде қалды.

Бүгінгі күні облыс бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың жалпы саны 56 мыңнан асады. Олардың ішінде,
25 599 азамат халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жатады. Кезекте тұрған азаматтар туралы ақпарат https://hcsbk.kz/ru/ сілтемесі арқылы қолжетімді.

Сонымен қатар, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін кезек ретіне тіркелу https://orken.otbasybank.kz/ сайты арқылы автоматты түрде көрсетіледі.

Бұл ретте, Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығының https://orken.otbasybank.kz/status сайтында ЖСН енгізу арқылы ағымдағы тіркеу мәртебесін тексеруге болады.

ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНАН ЖАЛҒА АЛЫНҒАН ТҰРҒЫНЖАЙ ҮШІН ТӨЛЕМДЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

Бүгінгі күні жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау қағидаларына сәйкес жергілікті бюджеттен «Отбасы банк» АҚ арқылы төлемдерді жүзеге асыру үшін 82,5 млн теңге бөлінді.

Бұл жеңілдік мемлекет есебінен тұрғын үйді жалға алу сомасының 50% төлеуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда 390 отбасы төлем алуға келісім-шарт жасасты.

Дата публикации
05 мая 2026