ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУ

ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУ

Қазіргі уақытта 319 елді мекеннің 203-і (63,6%) немесе 900,7 мың адам (97%) газбен қамтамасыз етілген.

Ағымдағы жылы халық саны 3,7 мыңнан асатын 8 ауылды газдандыру жоспарлануда (Әйтеке би ауданы – Ақтасты, Тұмабұлақ, Жабасақ; Мәртөк ауданы – Полтавка; Ойыл ауданы – Қаракемер, Кемер, Ақкемер, Ақшатау).

Нәтижесінде, жыл соңына дейін 319 елді мекеннің 211-і немесе 904,5 мың адамды газбен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, республикалық бюджет комиссиясының қарауына 5,7 мың адамды қамтитын 8 жобаны іске асыруды көздейтін бюджеттік өтінім ұсынылды (Қобда ауданы – Көк үй, Жиренқопа (12 ауылды газбен жабдықтау перспективасымен); Ырғыз ауданы – Құйылыс; Ойыл ауданы – Сәрбие, Құбасай, Қараой; Темір ауданы – Құмкұдық (Қайыңды), Шибұлақ, Бабатай; Байғанин ауданы – Қосарал, Көкбұлақ; Мұғалжар ауданы – Ақсу, Құмсай, Мәртөк ауданы - Дмитриевка).

Қаржыландыру бөлініп, жобалар жүзеге асырылған жағдайда, газбен қамтамасыз етілген елді мекендер саны 225 немесе 910,2 мың адам қамтылады.

 

 

Дата публикации
05 мая 2026