СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ
2025 жылы 8 ауылда (Әйтеке би - Аққұм, Ұлғайсын, Белқопа. Алға – Көктоғай, Тікқайың, Байғанин – Баршақұм. Ойыл – Қарасу. Темір – Еңбекші) орталықтандырылған су жүйесі іске қосылды.
2025 жылдың қорытындысы бойынша ауыз сумен жабдықтау қолжетімділігі халық бойынша 927 мың адамға (99,9%), елдімекендер бойынша 301-ге (94,4%) жеткізілді.
2026 жылы 5 ауылда сумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
1.Мәртөк ауданы Кенсахара ауылындағы су құбыры желілерін қайта жаңарту;
2.Мәртөк ауданы Хазірет ауылындағы су құбыры желілерін қайта жаңарту;
3.Шалқар ауданы Қауылжыр ауылындағы су құбыры желілерін қайта жаңарту;
4.Ырғыз ауданы Айырқызыл-Ырғыз су айдау станциясын қайта жаңарту;
5.Темір ауданының Шұбарқұдық ауылындағы, Қазақауыл, Аққұдық шағын аудандарындағы су құбыры желілерін қайта жаңарту.
Бұдан бөлек, Ақтөбе қаласын жеткілікті көлемде сумен қамтамасыз ету мақсатында 5 маңызды жоба іске асырылатын болады.
Құндақтықыр су станциясын жаңғырту және кеңейту – 3,0 млрд тг;
Құндақтықыр су станциясынан келетін су құбырының 2-ші желісін салу – 15,0 млрд тг;
Ақтөбе қаласының су тазарту құрылыстарын салу – 14,0 млрд тг;
Сарыбұлақ (25 мың м3/тәул) жер асты су кенорнын игеру – 13,1 млрд тг;
Моисеев (45 мың м3/тәул) жер асты су кенорнын игеру – 33,3 млрд тг.
Оның ішінде 2 жоба бойынша (Сарыбұлақ және Моисеев сорғы станциясының құрылысы) мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынып, Республикалық бюджеттен қаржыландыруға ұсынылып, ал қалған 3 жоба бойынша ЖСҚ әзірленуде.
Осы жобаларды іске асыру Ақтөбе қаласында тәулігіне қосымша 70 000 м³ сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және тұрғын алаптарды сумен жабдықтау мәселесі шешіледі.