Ақтөбе қ. мен аудандар әкімдіктерінің мәліметіне сәйкес, облыс бойынша авариялық деп танылған жалпы ауданы 16,2 мың м2 болатын 64 тұрғын үй бар, оның ішінде жалпы ауданы 13,6 мың м2 39 үй қалалық елді мекендерде, жалпы ауданы 2,6 мың м2 25 үй ауылдық елді мекендерде орналасқан.
Аталған тұрғын үйлер тұрғындарының өтініштері негізінде жергілікті атқарушы органдармен «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 67-бабына сәйкес, «Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтары» санаты бойынша оларды есепке алу бойынша шаралар қабылданды.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 74-бабына сәйкес, мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген кезден бастап тiзiмде белгiленген кезек ретiмен берiледi.
Осы санатқа жататын азаматтарға, сондай-ақ басқа санатқа жататын тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрғын үй тұрғын үйдің салынуына және пайдалануға берілуіне қарай кезек ретімен беріледі.