
2024 жылдың 23 қыркүйек күні Ақтөбе облысының әкімі Асхат Берлешұлы Шахаровтың төрағалығымен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты жиын өтті.
✅ Аталған жиында басқарма басшысы Нұржан Мақсатов ағымдағы жылдың 8 айының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндады.
🏭 Өнеркәсіп өндірісі 1,7 трлн. теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 6,9%-ға өсті.
🏗️ Құрылыс жұмыстарының көлемі 177,0 млрд. теңгені құрап, өсім 22,2% деңгейінде қалыптасты.
🌾 Ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі 100,9%-ға немесе 189,6 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.
🚛 Сонымен қатар, көлік инфрақұрылымы бойынша да оң көрсеткіш тіркелді - 107,3%.
📊 Сауда айналымының көлемі 1 383,8 млрд. теңгені құрап, өсім 115,5%-да қалыптасты.
Жиын барысында облыс әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқының арттыруға және жыл соңына дейін тиісті көрсеткіштерге жетуге қатысты нақты тапсырмалар берді.