2022 жылғы 1 сәуіріне
Ақтөбе облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бойынша
азаматтық бюджеттің орындалуы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2021 жылғы 9 желтоқсандағы №81 «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешімімен 2022 жылға арналған мекеме бюджеті
947 206,0 тыс.теңге сомасында бекітілді.
Азаматтық бюджет 2022 жылғы 31 наурызындағы жағдай бойынша орындалу сатысында ҚР Бюджет кодексінің 67-1-бабының негізінде әзірленді және жарияланады.
Мекеме бюджеті 60 548,0 тыс.теңге жоспарланып 60 312,0 тыс.теңгеге орындалды, немесе 99,6%.
|
Атауы |
2022 жылдың жоспары |
2022 ж. 01.04. жоспары тыс.тенге |
2022 ж. 01.04. орындалуы тыс.тенге |
орындалу% |
ауытқу тыс. тенге |
|
Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру мен дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер |
203 513,0 |
60 548,0 |
60312,0 |
99,6 |
236,0 |
|
Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік –жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия мәселелері жөніндегі құжаттаманы сараптау және бағалау |
18 912,0 |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
|
Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік–жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу |
76 956,0 |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
|
Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредиттер |
647 825,0 |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
|
Барлығы |
947 206,0 |
60 548,0 |
60 312,0 |
99,6 |
236,0 |