Ақтөбе агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасы ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 3 наурыздағы №109 қаулысымен бекітілген болатын.
Агломерация аумағындағы халық саны 678,8 мың адамды құрайды, Ақтөбе агломерациясының құрамына 6 ауданның (Алға, Мұғалжар, Қарғалы, Хромтау, Қобда, Мәртөк) 88 елді мекені және Ақтөбе қаласы кіреді. Бұл елді мекендер Ақтөбе қаласынан көліктік қолжетімділіктің 1 сағаттық изохронасына кіреді.
Ақтөбе агломерациясының өңіраралық схемасы Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына, аумақты ұйымдастырудың экологиялық, әлеуметтік және экономикалық мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық және нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес әзірленген.
Ақтөбе агломерациясының өңіраралық схемасы - аумақты дамыту келешегін және инфрақұрылымның ұзақ мерзімді қажеттілігін анықтайтын қала құрылысы стратегиясы. Ақтөбе агломерациясының Өңіраралық схемасы ережелерін қаржыландырудың көздері мен көлемі, бюджеттік мүмкіндіктерді ескере отырып, мемлекет, мемлекеттік бағдарламалар мен аумақты дамыту бағдарламасы деңгейінде анықталады.
Ақтөбе агломерациясын егжей-тегжейлі дамыту мақсатында Ақтөбе облыстық мәслихатының 2018 жылғы 22 мамырдағы №291 шешімімен «2018-2024 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» бекітілді, онда 8 негізгі бағыт бойынша 170 іс-шара көзделген.
2018-2024 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары.
|
№ |
Аталуы |
Жоба саны |
|
1 |
Индустриялық-инновациялық орталық |
15 |
|
2 |
Кедергісіз бизнес |
14 |
|
3 |
Азық-түлік қауіпсіздігі |
15 |
|
4 |
Халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту |
54 |
|
5 |
Көлік және логистика орталығы |
24 |
|
6 |
Smart city орталығы |
13 |
|
7 |
Медициналық кластері |
20 |
|
8 |
Ақтөбе агломерациясы білім орталығы |
15 |
|
БАРЛЫҒЫ |
170 іс-шара |
|