Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік

 

Бүгінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) тетіктерін қолдану елдің инфрақұрылымдық дамуының ажырамас бөлігі болып табылады.

"Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" Жолдауында Мемлекет басшысы медицина және білім саласындағы әлеуметтік мәселелерді шешу үшін МЖӘ тетігін белсенді түрде енгізу қажет екенін атап өтті.

Өз кезегінде Ақтөбе облысында тұрақты негізде МЖӘ тетіктерін енгізу және өңірдің әлеуметтік мәселелерін шешуді көздейтін жеке инвестицияларды тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

МЖӘ жобаларын іске асыру кезінде, ең алдымен, жобалардың аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі ескеріледі.

МЖӘ-нің басты ерекшелігі – төлемдерді 5 жылдан 30 жылға дейін бөлу мүмкіндігі, бұл бюджетке түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Ал бюджеттік инвестициялар есебінен жобаларды іске асыру кезінде төлемдерді 1-2 жыл ішінде жүргізу қажет.

*Анықтама: МЖӘ-нің ірі жобалары 7-15 жыл ішінде іске асырылады.

Жалпы, бүгінгі күні мемлекеттік міндеттемелердің жалпы сомасы 16,5 млрд.теңгеге 9 шарт жасалды.

Оның ішінде салалар бойынша:

  • денсаулық сақтау 4 жоба – 13,2 млрд.тг.;
  • спорт 3 жоба – 2,6 млрд.тг.;
  • білім беру 2 жоба – 726,8 млн.тг.

МЖӘ-нің іске асырылған жобалары 600-ден астам тұрақты жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді, сондай-ақ әлеуметтік көрсеткіштерді жақсарту, халықтың спорттық және мәдени-демалыс объектілеріне қол жетімділігі қамтамасыз етілді. МЖӘ жобаларын іске асыру өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етеді.

Дата публикации
02 марта 2023
Дата обновления
22 мая 2026
Тип

Сейчас читают

11 августа 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тізімі
08 августа 2025
Сыбайлас жемқорлық картограммасы
07 августа 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдар тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы