Облыстық мәслихаттың 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 186 «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Облыстық мәслихаттың 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 186 «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Облыстық мәслихаттың 2024 жылғы 12 желтоқсандағы №186 «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1-тармақ  жаңа редакцияда жазылсын:

            «1. 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2025 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 556 244 351,6 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 89 628 387,3 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 19 964 635 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 694 мың теңге;

трансферттер  түсімдері  – 446 649 635,3 мың теңге;

2) шығындар – 574 717 220,7 мың теңге;

3)  таза бюджеттік кредит беру – 16 217 388,9 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 30 966 441 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 14 749 052,1 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо –
696 600 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 696 600 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) –  -35 386 858 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
35 386 858 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 23 527 602 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 10 737 971,1 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 22 597 227,1 мың теңге.»;

11-2- тармақ келесідей редакцияда жазылсын:

«11-2. 2025 жылға арналған облыстық бюджеттен аудандардың (облыстық маңызы бар қала) бюджеттеріне:

  • кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге;
  • тұрғын үйге мұқтажазаматтарғатұрғын үй сатып алу үшін қоса қаржыландыруға кредит беру ескерілсін.»;

мынадай мазмұндағы 11-3-тармақпен толықтырылсын:

«11-3. 2025 жылға арналған облыстық бюджетте мемлекеттік бағалы қағаздар шығару есебінен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін дайын тұрғын үйді сатып алу үшін қарыздар түсімі ескерілсін.

Аталған кредит беру сомаларын  бөлу облыс әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.»;

12-тармақ келесідей редакцияда жазылсын:

«12. Облыстың жергілікті атқарушы органының 2025 жылға арналған резерві 8 375 110 мың теңге сомасында бекітілсін.».

  1. Көрсетілген шешімге 1-қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жана редакцияда жазылсын.

Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

Облыстық мәслихаттың 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 186 «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Дата публикации
22 октября 2025