АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ 2026-2028 ЖЫЛДАРҒА
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ БОЛЖАМЫ
МАЗМҰНЫ
2024 жылдың қорытындысы бойынша облыстың жалпы өңірлік өнімі 4 960,0 млрд теңгені құрады, физикалық көлем индексі (НКИ) өткен жылдың сәйкес кезеңіне – 105,6%, жан басына шаққандағы ЖӨӨ – 5 251,7 мың теңге.
Экономикалық өсім өнеркәсіп, құрылыс және сауданың дамуы есебінен қамтамасыз етілді.
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2 833,9 млрд теңгені құрады (НКИ – 104,8%), оның ішінде:
Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша өсім қамтамасыз етілді:
Облыс экономикасына 910,8 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл 2023 жыл деңгейінен 12,4%-ға төмен. Ең үлкен инвестиция ағыны мына салаларда байқалды:
2024 жылы облыста жалпы сомасы 390 млрд теңгені құрайтын 4 инвестициялық жоба іске қосылып, 800-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды:
Ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы өнім (қызмет) көлемі 371,5 млрд теңгені құрады (НКИ – 100,6%), оның ішінде:
2024 жылдың қорытындысы бойынша өңірде мал басы артты:
2024 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 681,7 мың га аумаққа егілді. Дәнді дақылдар 407 мың га алқаптан жиналды, орташа өнімділік 12,7 ц/га құрады, жалпы жиналған өнім — 515 мың тонна. Бұл 2023 жылғы деңгейден (421 мың т) 22%-ға жоғары.
Құрылыс саласы жоғары қарқынмен дамуда. Құрылыс жұмыстарының көлемі 400,4 млрд теңгені құрады, бұл 2023 жылғы деңгейден 19,7%-ға жоғары. 964,0 мың м² тұрғын үй пайдалануға берілді (76,4%).
Көлік қызметінің көлемі 488,1 млрд теңгені құрады, өсім қарқыны — 111,7%.
Шағын және орта бизнесті қолдау үшін мемлекеттік қолдау шаралары — субсидиялау, кепілдендіру және өндірістік инфрақұрылымды жеткізу түрінде көрсетілді. 2024 жылы 15,6 млрд теңге бөлінді, оның ішінде:
01.01.2025 жағдайына 56,0 млрд теңге несие сомасына 1 365 жоба субсидияланды, 8,5 млрд теңгеге 606 кепілдік берілді, инженерлік инфрақұрылым тарту бойынша 25 өтінім қаралды.
29,9 мың жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 16,0 мың тұрақты. Жұмыссыздық деңгейі 4,7% деңгейінде сақталды.
Жылдық инфляция 8,7%-ды құрады:
Халықтың орташа айлық жалақысы 14,9%-ға өсіп, 378 086 теңгені құрады.
Облыстың 2024 жылғы бюджеті – 784,2 млрд теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен субвенциялар мен нысаналы трансферттер – 388,8 млрд теңге. Өз кірістері 287,3 млрд теңгені құрады, өсім – 23,2%.
2024 жылы жергілікті бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер 282 651,9 млн теңге түсті (2023 жылғы нақты түсім – 229 632,0 млн теңге), азаматтардың пәтер сатудан түскен кірістерін қоспағанда (аталған көз бойынша – 4 685,6 млн теңге). Нақты жылдық жоспар 245 169,3 млн теңге болса, орындалуы – 115,3%.
Салықтық және салықтық емес түсімдердің жергілікті бюджетке түсу қарқыны 2023 жылмен салыстырғанда 123,1%-ды құрады.
2024 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының жекелеген нақты көрсеткіштері облыстың даму болжамында бұрын бекітілген параметрлерге толық сәйкес келмеді.
ЖӨӨ өсімі 105,6%-ды құрады (жоспар – 103,4%), бұл болжамды мәндерден жоғары. Артық орындалу өңдеу өнеркәсібінің, металлургия өндірісінің және мұнай өңдеу өнімдерінің қарқынды дамуына байланысты болды.
Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 910,8 млрд теңгені құрады (жоспар – 1 274,7 млрд теңге), бұл 2023 жылғы деңгейден 12,4%-ға төмен және болжамдық күтілімдерге сәйкес келмейді. Төмендеудің негізгі себептері: Ұңғымалардың сулануы және «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ қорларының сарқылуына байланысты мұнай мен газ өндіру көлемдерінің жыл сайынғы қысқаруы, Көкжиде кен орнында жаңа ұңғымаларды бұрғылау мүмкіндігінің болмауы. Көкжиде кен орнында ұңғымалардың кезең-кезеңімен қысқаруы және кеңейту жобаларының кейінге қалдырылуы мұнай секторындағы инвестициялар көлемінің төмендеуіне әкелуде. Сонымен қатар, нақты көрсеткіштер мен болжамдардың арасындағы айырмашылықтың себебі – жоғарғы мемлекеттік орган жергілікті атқарушы орган белгіленген көрсеткіштерден жоғары жоспар белгілегені болып табылады.
2024 жылдың қорытындысы бойынша еңбек өнімділігі 91,1%-ды құрады, болжамдық мән – 98,9%. Жоспарлы көрсеткішке қол жеткізбеу өнеркәсіптегі (94,1%) өсім қарқынының баяулауына байланысты, бұл жалпы көрсеткішке те тежегіш ықпал етті.
ЖӨӨ-дегі ШОК үлесінің нақты көрсеткіші 28,6%-ды құрады (жоспар – 34,5%). Артта қалудың негізгі себептері – шағын бизнестің даму қарқынының баяулауы, сондай-ақ инфляциялық өзгерістерге бейімделген тұтынушылық сұранысқа тәуелділігі.
Қорытынды
Жалпы алғанда, 2024 жылы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы оң нәтижелер көрсетті, оның ішінде ЖӨӨ динамикасы болжамды мәндерден асып түсті. Дегенмен, бірқатар бағыттар бойынша — инвестициялар, еңбек өнімділігі және ШОК үлесі — жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізілмеді. Бұл ауытқулардың негізгі себептері ірі жаңғырту жобаларының аяқталуы, мұнай-газ секторының ерекшеліктері, сондай-ақ инфляциялық үдерістердің әсері болды.
Алдағы кезеңде негізгі басымдықтар – инвестициялық қызметті жандандыру, кәсіпкерлікті қолдау және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану шараларын қабылдау болмақ. Бұл өңір экономикасының теңгерімді әрі тұрақты өсімін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Орта мерзімді перспективада Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы бірқатар негізгі факторлардың үйлесімімен айқындалатын болады: өнеркәсіпті әртараптандыру, агроөнеркәсіптік кешенді нығайту, инфрақұрылымды және цифрлық экономиканы дамыту, сондай-ақ мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды іске асыру. Негізгі міндет – тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету, халықтың өмір сүру сапасын арттыру және өңірдің шикізаттық салаларға тәуелділігін төмендету.
Ақтөбе облысы дәстүрлі түрде елдің өнеркәсіптік орталықтарының бірі болып табылады, мұнда минералдық ресурстарды өндіру және өңдеу, металлургия мен химия өнеркәсібі дамыған. Облыстың экономикалық әлеуетін және қолайлы инвестициялық ахуалын ескере отырып, 2028 жылға дейінгі кезеңде индустрияландыру саясатының негізгі басымдығы – экспортқа бағытталған экономиканың секторларында ірі инвестициялық жобаларды іске асыру, өңдеу өнеркәсібін дамыту, шағын және орта бизнесті өркендетуге жаңа мүмкіндіктер жасау, индустриялық және өнеркәсіптік аймақтарды қалыптастыру болып қала береді.
Облыс болашақта да Қазақстанның өнеркәсіптік тұрғыдан дамыған өңірлерінің бірі болып қала бермек. Экономикасы әртараптандырылған, онда барлық дерлік салаларда ірі, орта және шағын кәсіпорындар жұмыс істейтін болады.
Өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру – негізгі міндеттердің бірі әрі орта мерзімді перспективадағы экономиканы дамытудың маңызды факторы. Бұл бағыт экономикада технологиялық жаңғыртуды жүзеге асыруға, сондай-ақ сыртқы экономикалық факторлардың әсерін төмендетуге мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығы өңірдің стратегиялық саласы болып қала береді. 2025 жылғы 8 қыркүйекте халыққа арнаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы экономиканы әртараптандырудың негізгі драйверлерінің бірі әрі өңірлердің тұрақты өсу көзіне айналуы тиіс екенін ерекше атап өтті. Бұл салада тек өндіріс көлемін ұлғайту ғана емес, сонымен қатар өнімді терең өңдеу мен заманауи технологияларды енгізу арқылы оның тиімділігін арттыру қажет.
Айтарлықтай аграрлық әлеуетке ие Ақтөбе облысы үшін 2026–2028 жылдары аграрлық өндірісте заманауи технологияларды енгізу, суармалы егіншілікті дамыту деңгейін арттыру және мал азығы дақылдарының алқаптарын кеңейту есебінен өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі артады деп күтілуде. Ерекше назар мал шаруашылығын, әсіресе етті ірі қара өсіруді дамытуға, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыруға аударылады.
Шағын және орта фермерлік шаруашылықтарды кооперациялау одан әрі кеңейтілетін болады, бұл ішкі нарықты нығайтуға және ауылдық жерлерде жұмыспен қамтуды арттыруға мүмкіндік береді.
2025–2027 жылдарға арналған жобаларды іске асырудың Жол картасына сәйкес 63,2 млрд теңге сомасына 50 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. 2025 жылы жалпы құны 16,3 млрд теңгені құрайтын 14 жобаны іске асыру көзделген.
2025 жылы аяқталуы жоспарланған ірі жобалардың бірі – Ақтөбе қаласында қуаттылығы 2,5 мың тонна болатын, инвестиция көлемі 6,0 млрд теңгені құрайтын «Kazfeltec» ЖШС-нің жүн өңдеу зауытының құрылысы. Сонымен қатар, «АЙС» ЖШС-нің инвестиция көлемі 4,6 млрд теңгені құрайтын және қуаттылығы 9,6 мың тонна болатын сүт-тауарлы фермасын кеңейту жобасы іске асырылатын болады.
Өңірдің тұрақты дамуының негізгі факторларының бірі – инвестиция тарту. Алдағы жылдары күш-жігер қолайлы инвестициялық ахуал құруға, отандық және шетелдік инвесторларды қолдауға бағытталатын болады.
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында экономиканы әртараптандыру және шикізаттық секторға тәуелділікті азайту қажеттігін атап өтті. Негізгі бағыт ретінде өңдеуші өнеркәсіпті дамыту – тұрақты экономикалық өсім мен жұмыспен қамтудың басты қозғаушы күші ретінде – белгіленді.
Мемлекет басшысы орта мерзімді перспективада жоғары қосылған құны бар өнім өндірісін кеңейту, шикізаттық емес салалардың экспорттық әлеуетін нығайту, сондай-ақ өңдеуші кәсіпорындарды ішкі шикізатпен әділ бағамен қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.
Осы мақсатта инвестиция тарту жұмыстары жалғастырылады. Сонымен бірге, инвестициялық қызметті жандандыру үшін Ақтөбе қаласында арнайы экономикалық аймақ (АЭА), ал Хромтау қаласында индустриялық аймақ (ИА) құрылды. Бұл алаңдар өнеркәсіптік және инновациялық жобаларды іске асыруға қолайлы жағдай жасайды.
АЭА мен ИА-ның құрылуы – облыс экономикасын әртараптандырудың, өндірістік әлеуетті кеңейтудің және жаңа жұмыс орындарын қалыптастырудың маңызды құралы. Бұл алаңдар инвесторларға дайын инженерлік инфрақұрылым ұсынады, бұл шығындарды айтарлықтай азайтып, капитал ағынын ынталандырады.
Қазіргі уақытта Ақтөбе облысы бойынша Ұлттық жобалық пул аясында Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаға жалпы құны 3,4 трлн теңге болатын 53 жоба енгізілді. Оның ішінде:
Аталған жобаларды іске асыру шамамен 7,5 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, Ұлттық жобалық пулдың «Жасыл дәліз» тізіміне өңірден 10 жоба енгізілді.
Анықтама үшін:
Аталған жобалар өңір экономикасын дамытуға және халық үшін жаңа жұмыс орындарын құруға айтарлықтай үлес қосады.
Шағын және орта кәсіпкерлік өңір экономикасының өсу драйверлерінің бірі және тұрақтылық факторларының бірі ретінде қарастырылады. Мемлекеттік қолдау бағдарламалары — субсидиялау, кепілдендіру, инфрақұрылымды дамыту — қаржыландырудың қолжетімділігін арттыруға, жаңа өндірістерді іске қосуға және іскерлік белсенділікті кеңейтуге ықпал ететін болады. Маңызды бағыттардың бірі – бизнесті цифрландыру, электронды сервистерді енгізу және электронды коммерцияны дамыту.
Мемлекеттік қолдаудың шаралары жалғастырылып, несиелердің құнын төмендету үшін субсидиялау тетіктері, банктік қарыздарды ішінара кепілдендіру, жетіспейтін инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, мемлекеттік гранттар беру, сондай-ақ кәсіпкерлерге кеңес беру қызметтері ұсынылады.
Ерекше назар жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды бизнеске тартуға аударылатын болады. Бұл қалаларда микрофинанстауды кеңейту, ауылдық жерлерде жеңілдетілген микрокредиттеуді дамыту және кәсіпкерліктің базалық дағдыларына оқыту арқылы іске асырылмақ.
Жалпы, орта мерзімді перспективада басым міндеттер болып қала береді:
Халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру мақсатында «Бақытты отбасы» және «Шаңырақ» бағдарламалары аясында тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы қолайлы әрі жайлы өмір сүру жағдайларын жасау жұмыстары жалғасады.
2024 жылы осы іс-шараларды жүзеге асыру үшін «Самұрық-Қазына» АҚ және республикалық бюджет қаражатынан 14,2 млрд теңге бағытталды. Нәтижесінде 1 160 отбасы жаңа баспанаға ие болды, оның ішінде:
2025 жылы осы мақсаттарға 11,9 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде:
Алдағы уақытта да халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында осыған ұқсас мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын жүзеге асыру жоспарлануда. Жергілікті деңгейде жұмыс бөлінген қаражатты уақтылы игеруге, тұрғын үйді мұқтаж санаттағы азаматтарға әділ бөлуге, сондай-ақ тұрғын үй бағдарламаларының қолжетімділігін кеңейтуге жағдай жасауға бағытталатын болады.
Көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту Ақтөбе облысының тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз етудің және инвестициялық тартымдылығын арттырудың негізгі бағыттарының бірі ретінде қарастырылады.
Облыс алдында жүк ағынының ұлғаюын қамтамасыз ете алатын, транзиттік әлеуеттің дамуын қолдайтын және халықтың сенімді әрі қауіпсіз көлік қызметтеріне деген сұранысын қанағаттандыратын заманауи әрі интеграцияланған көлік жүйесін қалыптастыру міндеті тұр.
Орта мерзімді перспективада күш-жігер автомобиль және теміржол магистральдарын жаңғыртуға, логистикалық хабтарды дамытуға, көлік процестерін цифрландыруға және салаға инвестиция тартуға бағытталмақ. Өткен жылы «Қазпошта» АҚ шетелдік инвестор S Sistem Lojistik компаниясымен бірлесіп, Ақтөбе қаласының халықаралық әуежайы аумағында көлік-логистикалық хабтың құрылысын бастады (инвестиция көлемі – 25 млрд теңге).
Республикалық маңызы бар ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлінуде. «Ақтөбе – Қарабұтак – Ұлғайсын» автожолының (791–819 км) учаскесінде құрылыс жұмыстары белсенді жүргізілуде. 2025 жылдың соңына дейін төрт жолақтың екеуін пайдалануға беру жоспарланып отыр, бұл жолдың өткізу қабілетін тәулігіне 3 мыңнан 15 мың автокөлікке дейін арттырады. Қалған алты учаске бойынша EPC-келісімшарты аясында халықаралық конкурстық рәсімдер жүргізілуде.
Орта мерзімді перспективада ерекше маңызға ие жоба – «Орталық – Батыс». Ол Шалқар – Ырғыз – Қандыағаш учаскелерін қосуға бағытталған. Қандыағаш – Шалқар бағыты бойынша ұзындығы 259 шақырым болатын учаскеде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 2024 жылы осы магистралдың 35 шақырымы пайдалануға берілді. 2025 жылы тағы 110 шақырым жолдың орташа жөндеуін аяқтау жоспарлануда. Жоба жүзеге асқан соң, трассаның өткізу қабілеті тәулігіне 322 автокөліктен 3 мың автокөлікке дейін артады. Бұл жаңа транзиттік мүмкіндіктерді қамтамасыз етіп, өңіраралық байланыстарды нығайтып, экономиканы әртараптандыруға жағдай жасайды.
Осылайша, облыстың көлік инфрақұрылымын дамыту автомобиль жолдарының сапасын және жолаушылар тасымалын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар өңірдің әлеуметтік-экономикалық өсуінің драйверіне айналуға қабілетті кешенді логистикалық жүйені қалыптастыруға бағытталатын болады.
Білім беру саласында облыс саясаты оқыту сапасын арттыруға, адами капиталды дамытуға және бәсекеге қабілетті жас ұрпақты қалыптастыруға бағытталатын болады. Орта мерзімді кезеңде негізгі назар мектепке дейінгі біліммен қамтуды кеңейтуге, мектеп инфрақұрылымын жаңғыртуға және заманауи білім беру қызметтеріне тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге аударылады.
Өңірде «Келешек мектептер» ұлттық жобасы, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен жаңа мектептер салу жалғасуда. Бұл шаралардың бірлескен жүзеге асырылуы үш ауысымды оқытуды және апатты мектептерді жоюға, балалардың оқуына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Негізгі бағыттар мыналар болады:
Кәсіптік-техникалық білім беруді дамытуға ерекше назар аударылады. Колледждер мен жоғары оқу орындарының бизнес-қоғамдастықпен ынтымақтастығын нығайту, дуалды оқыту жүйесін енгізу және сұранысқа ие мамандықтар бойынша кадрлар даярлау жалғасады. Бұл өңірді білікті мамандармен қамтамасыз етіп, жастардың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Осылайша, білім беру жүйесін жаңғырту облыстың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі факторларының бірі және болашақ ұрпақтың зияткерлік әрі кәсіби әлеуетін қалыптастырудың кепілі болады.
Денсаулық сақтау саласындағы саясат алғашқы медициналық-санитарлық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, әсіресе ауылдық жерлерде, салауатты өмір салтын насихаттауға, аналар мен балаларды қорғауға бағытталады.
Орта мерзімді кезеңде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру жалғасады. Бұл шалғайдағы ауылдық елді мекендерде сапалы медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Негізгі бағыттар:
Мемлекет, жұмыс берушілер және азаматтардың ортақ қатысуына негізделген медициналық көмекті көрсету бойынша тұрақты кепілдіктер мен міндеттемелер жүйесін қалыптастыру үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін іске асыру жалғастырылады.
Мәдениет саласында Мемлекет басшысы ұсынған рухани жаңғыру мен ұлттық сананы жаңарту ұлттық идеясын іске асыру жалғасады. Бұл бағыттағы жұмыс 2023–2029 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мәдени саясат тұжырымдамасы аясында жүргізіліп, қазақстандық халықты бай мәдени мұра мен шығармашылық әлеует негізінде біріктіруге, стратегиялық мақсаттарға жетуге бағытталады.
Мемлекет басшысының өңірге жасаған жұмыс сапары барысында жаңа заманауи драма театрының құрылысына тапсырма берілді. Алдағы уақытта облыста осы ауқымды мәдени жобаны жүзеге асыру басталады. Сондай-ақ, өңірде Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұловаға арналған «Әлия» орталығы құрылады.
Аталған нысандардың пайдалануға берілуі облыстың мәдени инфрақұрылымын едәуір нығайтып, шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктерін кеңейтуге және жастардың патриоттық тәрбиесіне маңызды үлес қосуға мүмкіндік береді.
Спорт саласында Мемлекет басшысы айқындаған мемлекеттік саясаттың басымдықтары – халық денсаулығын дене тәрбиесі арқылы нығайту, бұқаралық және балалар-жасөспірімдер спортын дамыту, сондай-ақ халықаралық аренада жоғары спорттық жетістіктер арқылы Қазақстанның имиджін арттыру.
Осы басымдықтарға сәйкес, 2024 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ақтөбе облысына сапары аясында облыстық балалар-жасөспірімдер спорт орталығы – «Футбол академиясы» салтанатты түрде ашылды.
Жанкүйерлерге қолайлы жағдай жасау және клубты одан әрі дамыту мақсатында 35 мың көрерменге арналған, УЕФА-ның IV санаты талаптарына сай стадион салу жоспарлануда. Бұдан бөлек, Ақтөбе қаласында 5 мың орындық көпфункционалды спорт кешенін салу көзделуде.
Аталған жобалардың жүзеге асырылуы өңірдің спорттық инфрақұрылымын жаңа деңгейге көтеріп, спортпен шұғылдануға және белсенді демалысқа қолайлы жағдай жасайды. Бұл дені сау әрі бәсекеге қабілетті жас ұрпақты қалыптастыруға, сондай-ақ Ақтөбе облысының елдегі спорттық орталық ретіндегі имиджін нығайтуға зор үлес қосады.
Өңірде халықтың тұрақты әрі нәтижелі жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету, жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу және азаматтарды кәсіпкерлік қызметке тарту жұмыстары жалғасады. Жұмыссыздық деңгейін 4,7% деңгейінде сақтау жоспарлануда.
Орта мерзімді перспективада қаржыландыру мына бағыттарға жұмсалады:
Аталған шаралардың жүзеге асырылуы enbek.kz қолданыстағы цифрлық платформасы негізінде қамтамасыз етіледі.
Әлеуметтік қорғау саласындағы негізгі бағыттар аналарды және балаларды қолдауға, халықтың әлеуметтік осал санаттарына – көпбалалы отбасыларға, зейнеткерлерге, жетім балаларға, мүгедектерге және басқа да еңбекке жарамсыз топтарға көмек көрсетуге бағдарланады.
Мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелерді сақтап, әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жетілдіруді жалғастырады. Бұл ретте еңбекке қабілетті, табысы төмен азаматтарға мемлекеттік атаулы көмек тек жұмыспен қамтуды қолдау және әлеуметтік бейімделу бағдарламаларына белсенді қатысу жағдайында көрсетіледі.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында ашық, қолжетімді және бәсекеге қабілетті экономиканы құру үшін экономика салаларына зияткерлік жүйелер енгізу көзделген. Негізгі күш-жігер 3G, 4G және 5G технологиялары бойынша мобильді байланыс қызметтерін дамыту арқылы мобильді кеңжолақты интернет абоненттерін арттыруға бағытталады.
Ақтөбе облысында барлығы 311 ауыл орналасқан, олардың 266-сы немесе 85,5%-ы (97,3% ауыл халқы) мобильді интернетпен қамтылған. «Ақтөбе облысы аумағында байланысты дамыту жөніндегі Жол картасы» аясында биылғы жылдың соңына дейін 2,8 мың тұрғыны бар 16 ауылды мобильді интернетке қосу жоспарлануда.
Осылайша, мобильді интернет 282 ауылда қолжетімді болып, ауыл халқының 98,8%-ын қамтитын болады. Халқы 100-ден кем қалған 29 ауылды интернетпен қамту келесі жылы жоспарлануда.
Сонымен қатар, «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында 2027 жылға дейін республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 17 антенна-мачталық құрылғы (АМҚ) орнату арқылы Ақтөбе облысы аумағын мобильді интернетпен қамту көзделген.
Бюджет-салық саясатының негізгі міндеттері – экономикалық өсуді ынталандыру және қолдау, мемлекеттік қаржының теңгерімділігін қамтамасыз ету, оның тұрақтылығын нығайту, сондай-ақ адами капитал сапасын арттыру үшін жағдай жасау болып табылады.
2026–2028 жылдарға арналған салық саясаты аясында негізгі назар әлеуметтік маңызы бар, ынталандырушы және фискалдық функцияларды нығайтуға аударылады. Бұл мемлекет тарапынан кірістерді қайта бөлу тетігінің әділ құралы болып табылады.
Орта мерзімді кезеңде салық саясатының шаралары мына бағыттарға шоғырландырылатын болады:
Салық жүйесінің экономикалық қайтарымдылығын арттыру жұмыстары жалғастырылады. Бұл бюджеттің кірісін тұрақты өсіруге және салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
2026–2028 жылдарға арналған бюджет саясатының негізгі міндеттері:
Адами капитал сапасын арттыру мақсатында бюджет саясаты әлеуметтік міндеттемелердің басымдығын сақтай отырып, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын қаржыландыруды ұлғайтуға бағытталатын болады.
2026–2028 жылдары Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жалпы алғанда тұрақты өсу жағдайында жүзеге асатын болады, алайда болжамдық көрсеткіштерге қол жеткізуге әсер етуі мүмкін белгілі бір тәуекелдер бар.
Ең елеулілері – мұнай, газ және металлға әлемдік бағаның ықтимал ауытқулары. Бұл өнімдер облыстың экспорттық әлеуетінің едәуір бөлігін құрайды. Шикізат нарығындағы бағалардың төмендеуі тау-кен және өңдеу секторлары кәсіпорындарының кірістерін қысқартуға, сондай-ақ инвестициялар ағынын азайтуға алып келуі мүмкін. Бұдан бөлек, жаһандық бәсекенің күшеюі және әлемдік экономиканың өсу қарқынының баяулауы сыртқы сауданы кеңейту мүмкіндіктерін шектеуі ықтимал.
Инфляциялық үдерістер ішкі нарықтың тұрақтылығы үшін жеке қауіп төндіреді. Азық-түлікке, азық-түлікке жатпайтын тауарларға және қызмет тарифтеріне бағаның өсуі халықтың нақты табысына қысым көрсетіп, әлеуметтік шиеленісті арттыруы мүмкін. Сонымен қатар ұлттық валютаның айырбас бағамының ауытқуы импортқа тәуелді салаларға теріс ықпал етуі ықтимал.
Экономиканың жекелеген секторларында, оның ішінде құрылыс пен инфрақұрылымда инвестициялық белсенділіктің төмендеуі жоспарланған жобаларды іске асыруды баяулатуы мүмкін. Мұндай тәуекелдер ұзақ мерзімді қаржыландырудың шектеулі қолжетімділігімен, сондай-ақ сыртқы нарықтарда бизнес жүргізу жағдайының өзгеруімен байланысты болуы ықтимал.
Өңір экономикасының негізгі салаларының бірі – ауыл шаруашылығы – климаттық өзгерістердің ықпалына бейім. Қуаңшылық кезеңдері, ылғал тапшылығы, сондай-ақ отын мен тыңайтқыштар бағасының өсуі ауыл шаруашылығы өнімділігін төмендетуі мүмкін. Өнеркәсіпте жекелеген кәсіпорындардағы технологиялық артта қалу тәуекелі сақталуда, бұл еңбек өнімділігінің өсуін шектеуі ықтимал.
Маңызды сын-қатерлерге демографиялық үрдістер жатады: еңбекке қабілетті халықтың көші-қоны, қарт азаматтардың үлесінің артуы және жастарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету қажеттілігі. Бұл факторлар жұмыс орындарын құруға, біліктілікті арттыруға және адами капиталды дамытуға назар аударуды талап етеді.
Өңір үшін қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және атмосфераға шығарындыларды азайту мәселелері өзекті болып отыр. Экологиялық талаптардың күшеюі және «жасыл» технологияларды енгізу қажеттілігі бизнес пен мемлекет тарапынан қосымша шығындарды талап ететін болады.
Тәуекелдерді төмендету шаралары
Аталған факторлардың теріс әсерін барынша азайту мақсатында облыс мынадай кешенді шараларды іске асыруды жалғастырады:
Аталған шараларды іске асыру ықтимал сын-қатерлердің әсерін жұмсартуға және Ақтөбе облысының 2026–2028 жылдары тұрақты дамуын, негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің оң серпінін сақтауды қамтамасыз етеді.