Облыстық мәслихаттың 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 186  «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Облыстық мәслихаттың 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 186  «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Облыстық мәслихаттың 2024 жылғы 12 желтоқсандағы №186                 «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ  жаңа редакцияда жазылсын:

  «1. 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2025 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 541 018 206,1 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 80 172 275,8 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 14 168 795 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

трансферттер  түсімдері  – 446 675 135,3 мың теңге;

2) шығындар – 562 303 314,2 мың теңге;

3)  таза бюджеттік кредит беру – 5 229 003,9 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 19 642 036 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 14 413 032,1 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо –
696 600 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 696 600 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) –  -27 210 712 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
27 210 712 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 15 028 218 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 10 414 733,1 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 22 597 227,1 мың теңге.»;

  1. Көрсетілген шешімге 1-қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жана редакцияда жазылсын.

 

  1. Осы шешім2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 186  «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
27 августа 2025