Облыстық мәслихаттың 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 186 «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
шешімнің кіріспесі келесідей редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 96-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:»;
1-тармақ келесідей редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2025 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 526 545 685,8 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 67 597 487,8 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 10 049 426 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 448 898 772 мың теңге;
2) шығындар – 548 265 651,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру – 4 132 590,9 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 18 545 623 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 14 413 032,1 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 696 600,0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу – 696 600,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -26 549 157 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
26 549 157 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 15 028 218 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 10 414 733,1 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 21 935 672,1 мың теңге.»;
2-тармақтың 1) және 2) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
«1) төлем көзінде кірістерге салынатын жеке табыс салығы бойынша: Ақтөбе қаласы бойынша – 34 %, Хромтау ауданына – 59 %, және Әйтеке би, Алға, Байғанин, Ырғыз, Қарғалы, Мәртөк, Мұғалжар, Темір, Ойыл, Қобда, Шалқар аудандарына 100 %;»;
«2) әлеуметтік салық бойынша: Ақтөбе қаласы бойынша – 33 %, Хромтау ауданына – 59 %, және Әйтеке би, Алға, Байғанин, Ырғыз, Қарғалы, Мәртөк, Мұғалжар, Темір, Ойыл, Қобда, Шалқар аудандарына 100 %;»;
11-тармақ:
14-8) мазмұндағы тармақшамен толықтырылсын:
«14-8) халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар сатып алуға;»;
мынадай мазмұндағы 11-2. тармақпен толықтырылсын:
«11-2. 2025 жылға арналған облыстық бюджеттен аудандардың (облыстық маңызы бар қала) бюджеттеріне кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге кредит беру көзделсін.
Аталған кредит беру сомаларын бөлу облыс әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.»;
12-тармақ келесідей редакцияда жазылсын:
«12. Облыстың жергілікті атқарушы органының 2025 жылға арналған резерві 8 363 989 мың теңге сомасында бекітілсін.».