Ақтөбе агломерациясының 2025– 2029 жылдарға арналған кешенді даму жоспарына енгізу үшін жеке және заңды тұлғалардан ұсыныстар жинауды жариялаймыз

Құрметті Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысының тұрғындары!

«Агломерацияларды дамыту туралы» 2023 жылғы 1 қаңтардағы   № 181-VII заңға сәйкес бірқатар нормативтік-құқықтық актілер: Үкіметтің «Агломерациялардың тізбесі мен құрамын бекіту туралы» 2023 жылғы 19 маусымдағы қаулысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мемлекеттік органдардың құзыретін, барлық деңгейдегі жұмысты реттейтін бұйрықтары қабылданды.

Аталған жұмыс аясында 2023 жылы Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысымен Ақтөбе облысы агломерациясының жергілікті кеңесі құрылды.

Ақтөбе агломерациясының құрамына 2 қала: Ақтөбе – агломерация өзегі және аудандық маңызы бар қала статусына ие – Алға қаласы және 19 ауылдық елді-мекен (бұдан әрі - АЕМ): Алға ауданы - 10 АЕМ, Қарғалы ауданы - 2 АЕМ,  Мәртөк ауданы - 5 АЕМ және Хромтау ауданы - 2 АЕМ кірді (тізім қоса ұсынылады).

Бұған қоса «Агломерацияларды дамыту туралы» ҚР Заңына сәйкес жоғарыда көрсетілген 21 елді мекен құрамындағы Ақтөбе агломерациясының 2025– 2029 жылдарға арналған кешенді даму жоспарын әзірлеу қажет.

Жоғарыда айтылғанның негізінде, сондай-ақ «Агломерацияларды дамыту туралы» ҚР заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес Ақтөбе агломерациясының 2025– 2029 жылдарға арналған кешенді даму жоспарына енгізу үшін жеке және заңды тұлғалардан ұсыныстар жинауды ЖАРИЯЛАЙМЫЗ.

 Ұсыныстар қысқа қорытындыланған, негіздеме, экономиканы (ауыл шаруашылығы, құрылыс индустриясы, білім, денсаулық сақтау, туризм және т.б.), сондай-ақ инженерлік-көлік және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымды дамыту жөніндегі іс-шаралар кешені қоса ұсынылған, ұсынылатын қаржыландыру көздері, іс-шараларды іске асыру мерзімдері көрсетілген болуы тиіс.

Ұсыныстарды қабылдау мерзімі – 2025 жылдың 20 маусымына дейін.

Ұсыныстарды uebp404@gmail.com электрондық поштасына жолдауды сұраймыз.

Байланыс телефоны:  8 (7132) 55 10 66

Ақтөбе агломерациясының 2025 – 2029 жылдарға арналған кешенді даму жоспары
Дата публикации
17 июня 2025