«Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 513 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы»
қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасына
түсіндірме жазба
«Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ.
2023 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің қолданысқа еңгізілуіне байланысты, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына сәйкес (азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша бюджет қаражаты есебінен қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің лаузымдық айлықақылармен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленедi ) және Ақтөбе облысы әкімдігінің 15.06.2023жылғы «Ақтөбе облысы бойынша Еңбек мобильді орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы» № 160 қаулысын негізге ала отырып.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 ҚР Заңының 27-бабының 1- 13-тармақшасына сүйене отырып, Ақтөбе облысы әкімдігігің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 513 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыздандыру, біліми беру, мәдениет, спорт ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу қажет.
Аталған қаулы жобасы қабылданған жағдайда, ауылдық жерде жұмыс жасайтын 123 бірлік аудандық мансап орталықтарының қызметкерлеріне 25% үстемақы төлеуге 1 жылға 48,3 млн.теңге қажет етіледі және қаражат облыстық бюджеттен қаржыландырылатын болады.
Жоба қабылданған жағдайда аудандық мансап орталықтарының қызметкерлерінің әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға ықпал етеді.
Жыл сайын аудандық мансап орталықтарының қызметкерлерінің жалақысына 25% үстемақы төлеу жоспарлануда.
Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің актілері қабылданбаған.
Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажет етілмейді.
Мемлекеттік органның https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-ekonomika?lang=kk сайтында 2024ж. 10 қаңтарда орналастырылды
Мемлекеттік органның https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-ekonomika?lang=kk сайтында 2024 ж. 10 қаңтарда орналастырылды.
Қаулы жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне қатысты болып табылмайды.
Қаулы жобасының қолданысқа енгізілуінің жеке кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарына қатысы жоқ.