Ақтөбе облысының әкімшілік-аумақтық құрылымы
Ақтөбе облысында аймақтық даму саясатын қалыптастыру маңызды рөл атқарады. Бұл агломерациялар, шағын және моногородтарды дамыту, ауылдық және шекаралас аумақтарды дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеуді қамтиды. Ауылдық елді мекендердің әлеуетін анықтау мақсатында әлеуметтік-экономикалық дамуды талдау жүргізу және олардың мүмкіндіктеріне сәйкес дамуын қамтамасыз ету тек ауылдық елді мекендердің тұрғындарының ғана емес, бүкіл облыстың әл-ауқатын арттыруға оң әсер етеді.
Облыстық маңызы бар қала – Ақтөбе, моногород – Хромтау, 6 шағын қала – Қандыағаш, Алға, Шалқар, Ембі, Темір, Жем және 311 ауылдық елді мекен.
2019 жылы ҚР ҰЭМ және «McKinsey Company» компаниясымен бірлесіп перспективалы ауылдардың тізімі жасақталды.
Облыс бойынша басымдыққа 187 ауылдық елді мекен, оның ішінде 77 тірек, 85 серіктес және 25 стратегиялық ауыл кіреді.
Өңірлік стандарттар жүйесі
Сонымен қатар, ауылдарды өңірлік стандарттар жүйесі (ӨСЖ) талаптарына сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жүйе тұрғындарға нысандар мен қызметтердің минималды міндетті қолжетімділік деңгейін қамтамасыз етуді көздейді (қалалар үшін – 56 нысан мен игілік, аудандық орталықтар үшін – 49, тірек ауылдар үшін – 40, қалған ауылдар үшін – 29).
2025 жылы «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы аясында Ақтөбе облысында 30 басым ауылда 44 жоба іске асырылды, бұл 95 мыңнан астам тұрғынның өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
2025 жылғы нәтижелер бойынша ауылдық елді мекендердің әлеуметтік игілік пен қызметтермен қамтамасыз етілу деңгейі өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес 62,6% құрады.
Іс-сапарлар
Ауылдардың аймақтық стандарттар жүйесіне сәйкестігін зерттеу мақсатында аймақтық даму жоспарлау бөлімі қызметкерлері іс-сапарлар аясында облыстың барлық қала және ауылдық елді мекендерін мониторингтен өткізеді.
Іс-сапар барысында елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі, азаматтарға мемлекеттік бағдарламалардың қолжетімділігі, абаттандыру деңгейі және ауылдардың туристік әлеуеті жан-жақты талданады.
Қазіргі уақытта басқарма қызметкерлері Мәртөк, Қарғалы, Хромтау,Мұғалжар,Ойыл,Алға,Қобда, Әйтеке би аудандарына іс-сапарлар жүргізді, қалған аудандар мен ауылдық елді мекендерді аралау жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасады.
Әлеуметтік-экономикалық скрининг
Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Ақтөбе облысында 2023 жылдың соңында елімізде алғаш рет «Ауыл аманаты» жобасы іске қосылды.
Осы жұмыс аясында барлық 134 ауылдық округ скринингтен өткізілді және әр округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жоспар жасақталды.
Әр отбасының орташа айлық табысы, соның ішінде жер ресурстары, жем-шөп пен судың қоры туралы деректер ұсынылды.
Сонымен қатар, ауылдың әлеуметтік паспорты жасақталды, онда жұмыссыздардың саны мен мамандықтары, адресаттық әлеуметтік көмек алушылар, ауылдың әртүрлі азық-түлік тауарларымен өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі, елді мекеннің күшті және әлсіз жақтары, сондай-ақ экономикалық әлеуеті мен нақты мүмкіндіктері көрсетілді.
Қазіргі уақытта ауылдарды скрининг нәтижелері негізінде аудандардың кешенді даму жоспарлары әзірленді.