Ақтөбе облысының 2026 жылғы қаңтар-маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы
2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша халық саны – 957,8 мың адам, оның ішінде қала халқы – 732,3 мың адам (76,5%).
Әкімшілік-аумақтық бөлінісі: 1 облыстық маңызы бар қала, 1 моноқала, 6 шағын қала, 12 аудан, 135 ауылдық округ, 311 ауылдық елді мекен.
Өнеркәсіп. Өнеркәсіп өндірісiнің көлемі 1 560,2 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі (НКИ) – 103,7%, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі – 876,6 млрд теңге (НКИ – 103,5%), өңдеу өнеркәсібі – 586,8 млрд теңге (НКИ – 104,2%).
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 126 млрд теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 102,9%.
Инвестициялар. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 542,4 млрд теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 100,9%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 162,3 млрд теңгені құрады. Физикалық көлем индексі – 110,5%.
Пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 404,5 мың шаршы метрді құрады, бұл 2025 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 107,4%-ды құрайды.
Облыс бюджеті 636,6 млрд теңгені құрады, оның ішінде субвенциялар – 197,1 млрд теңге.
2026 жылғы қаңтар-наурыз айларындағы орташа айлық атаулы жалақы 420 239 теңгені құрады, бұл 2025 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 9,0%-ға артық.
2026 жылғы қаңтар-маусым айларында мемлекеттік бюджетке 364,2 млрд. теңге салықтар мен төлемдер түсті, оның ішінде республикалық бюджетке 202,8 млрд.теңге, жергілікті бюджетке – 161,4 млрд. теңге аударылды.