
"Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге, сондай-ақ облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының басым міндеттерін іске асыруға бағдарланған экономикалық, стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың тұтас және тиімді жүйесін қалыптастыру болып табылады.
Миссия шеңберінде Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы мынадай функцияларды орындайды:
- облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын ескере отырып, жергілікті бюджетті жоспарлы кезеңге әзірлеу;
- облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын ескере отырып, жергілікті бюджеттің кірістерін болжамдау;
- бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жоспарлы кезеңге облыстың даму жоспары мен мемлекеттік органның ережесінде анықталған өкілеттіктер негізінде айқындау;
- облыстық бюджеттен қаржыландырылатын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындыларды қарау және қалыптастыру және оларды тиісті бюджет комиссиясының қарауына жіберу;
- үш жылдық кезеңге облыстық бюджет пен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасында жалпы сипаттағы трансферттер көлемін анықтау;
- үш жылдық кезеңге облыстық бюджет жобасын жасайды және оны облыстың бюджет комиссиясының қарауына енгізеді;
- ауылдық елді мекендерге жұмыс жасау және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын ұсынуды мониторингілеу;
- инвестициялық ұсыныстарды қарау, олардың нәтижелері бойынша қорытындыларды қалыптастыру және оларды бюджет комиссиясының қарауына енгізу;
- облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штаттық сандары лимиттерін белгілеу және көліктік қызмет көрсету туралы қаулысын әзірлейді және әкімдіктің қарауына енгізеді.