СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ
|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті органның ұстанымы *Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда |
Орындау мерзімі |
|
1 |
Жер қойнауын пайдалану шартына толықтыру жобалары бойынша экономикалық сараптама Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 530 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес жүргізіледі. Аталған тәртіп аясында басқарма жобада көзделген шығын көлемінің негізділігін және олардың Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестігін талдайды. Қорытынды дайындау кезінде «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің нормалары да ескеріледі. Алайда, Кодексте өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына аударымдарды есептеудің нақты тәртібі көзделмеген, бұл өз кезегінде құқықтық анық еместік тудырып, біркелкі тәсілдерді қолдануға кедергі келтіреді.
|
Жер қойнауын пайдалану шарттарында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына аударымдарды есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту ұсынамыз |
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне хат жолдау |
ЖМО-дан жауап түскен жоқ |
Жылдың соңына дейін |
|
2 |
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларына сәйкес, көрсетілген қызметтер үшін төлеуге жататын сома мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған қызметтер берушімен көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты бойынша көзделген сомадан асқан жағдайда, асып кеткен соманы төлеу жергілікті өкілді органның шешімі бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті бюджет қаражатынан жүзеге асырылады. Алайда, медициналық ұйымдар қызметтеріне ақы төлеу қағидаларындағы 7-тармақ жергілікті атқарушы органдардың орындау механизмін ашып көрсетпегендіктен, денсаулық сақтау басқармасы – бюджеттік бағдарламалар әкімшісі, айыппұл санкцияларын өтеу мен жыл сайынғы жалақыны көтеруді осы артық төлем сомасына қосып жіберу қаупі бар. Бұл жағдайда жергілікті атқарушы органдар медициналық ұйымдардың негізсіз шығындарын жабуға мәжбүр болады. |
Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне төлемді тек бір көзден – Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы қаржыландыруды қалдыруды және медициналық ұйымдар қызметтеріне ақы төлеу қағидаларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруды алып тастау туралы өзгерістер енгізуді ұсынамыз. |
ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне хат жолдау |
ЖМО-дан жауап түскен жоқ |
Жылдың соңына дейін |